Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар

Дт

Кт

Операциялардың мазмұны

8110

3350

Негізгі және қосымша жалақы есептеу

8110

3430

Жұмысшылардың демалысын төлеу резервін есептеу

3430

3350

Жұмысшыларға демалыс уақыты үшін жалақы есептеу

8110

3150

Әлеуметтік салық аударымы

3430

3150

Жұмысшылардың еңбек демалысы уақытының жалақысына жататын әлеуметтік салық есептеу.

2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі

Үстеме шығыстарға өендірісті басқару мен оған қызмет көрсетумен байланысты шығыстар, атап айтқанда: цехтардың, учаскелердің басқару аппаратының қызметкерлерінің жалақысы, материалдық емес активтердің тозуы мен амортизациясы, жалпы өндірістік (цехтардың) ғимараттарын, құрылыстары мен құралдарын ұстау мен жөндеу шығындары; өндіріс (цех) ішінде зерттеуге, жаңарту мен өнертабысқа жұмсалатын шығындар; еңбекті қорғау жөніндегі шараларға жұмсалатын шығындар, өндірісті дайындау мен игеру шығыстары, өндірісті басқару мен оған қызмет көрсетумен байланысты жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары жатады.

Нақты үстеме шығыстардың құрамына сондай-ақ ішкі себептер бойынша бос тұрудан болатын ысырап, ақаудан болатын ысырап, цехтарда (учаскелерде) сақтау кезінде материалдық құндылықтардың бүлінуінен болатын ысырап, сондай-ақ өндірістегі басқа да өнімсіз шығыстар мен ысыраптар жатады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы қаржы есептілігінің № 2 ұлттық стандарты мен халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда үстеме шығыстардың баптарының номенклатурасы келтірілмеген.

Іс жүзінде үстеме шығыстардың баптарының мына номенклатурасы кең тараған:

– қызметкерлерге жалақы төлеу;

– жалақыдан аударылатын аударым;

– үйлерді, құрылыстар мен құрал-саймандарды ұстау;

– негізгі құралдарды жөндеу;

– негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;

– сынау, тәжірибелер мен зерттеулер; жаңалық енгізу мен өнертабыс;

– еңбекті қорғау;

– өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстар;

– жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын шығыстар;

– ақаудан болатын ысырап;

– өзге шығыстар.

Үстеме шығыстар негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары мен учаскелері бойынша аттас жинақтау-бөлу 8410 шотында жеке есептеледі. «Қызметкерлерге жалақы төлеу» бабы бойынша басқару, инженерлік-техникалық аппаратының және цехтар мен учаскелердің басқа қызметкерлерінің негізгі және қосымша жалақысы көрсетіледі. Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – цех пен учаскелердің қызметкерлеріне есептелген негізгі және қосымша жалақы сомасына және «Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – өндіріске қызмет көрсететін қызметкерлердің демалысын төлеуге есептелген резервтің сомасына кредиттеледі.

«Жалақыдан аударым» бабы бойынша басқару, инженерлік-техникалық аппараты мен өндіріске қызмет көрсететін басқа қызметкерлердің жалақысының сомасынан аударылатын аударым көрсетіледі. Бұл жағдайда «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі, «Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – жалақы төлеу шығыстарына есептелген әлеуметтік салық сомасына және «Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3430 шот – әлеуметтік салық сомасына кредиттеледі, демалыс төлеу резервіне есептеледі.

«Үйлерді, ғимараттар мен құрал-саймандарды ұстау» бабы бойынша цехтардың, учаскелердің үйлерін, құрылыстары мен құрал-саймандарын ұстау шығыстары: шаруашылық мұқтажға жұмсалған материалдардың құны, коммуналдық қызметтердің құны, жалгерлік төлем, әр түрлі шаруашылық жұмыстарды істейтін (өндірістік үй-жайларды тазарту және т.б.) қосымша жұмысшылардың жалақысы (және әлеуметтік аударым) көрсетіледі. Бұл ретте Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 пен « Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – цехтар мен құрылыстардың үйлерін құрылыстары мен құрал-саймандарын ұстауға жұмсалған материалдардың құнына мына шоттар кредиттеледі:

«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310-3330 шоттар (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) коммуналдық және басқа да қызметтер үшін .

«Жалгерлік бойынша кредиторлық берешек» деп аталатын 3360 шот пен «Жалгерлік бойынша ұзақ мерзімді берешек» деп аталатын 4150 шот – операциялық және ұзақ мерзімді жалгерлік бойынша тиісінше жалгерлік төлем есептеледі.

«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – әр түрлі шаруашылық жұмыстарды істейтін қосалқы жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысының сомасына.

«Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – қосалқы жұмысшылардың демалысын төлеу үшін есептелетін резервтің сомасына.

«Әлеуметік салық» деп аталатын 3150 шот – қосалқы жұмысшылардың демалысын төлеу резервінің әлеуметтік салығының сомасына.

«Негізгі құралды жөндеу» бабы бойынша бөгде ұйымдар, қосалқы өндірістердің цехтары (учаскелері) және шаруашылық тәсілмен (өз цехтары мен учаскелерінің жұмысшыларының күшімен орындалған) орындалған негізгі құралды жөндеумен байланысты шығындар көрсетіледі.

Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоты дебеттеледі және (осы мақсатта резерв жасалмағанда) «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес , қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330 шоттар – негізгі құралдарды жөндеу қызметтерінің сомасына кредиттеледі.

«Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот – негізгі құралдарды жөндейтін қосалқы цехтар мен учаскелердің қызметінің құнына.

«Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 шот пен «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шоты – негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған материалдың құнына.

«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – негізгі құралдарды жөндеумен байланысты жұмысшылардың жалақысына.

«Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот– жұмысшылардың демалысын төлеу үшін есептелген резервтің сомасына.

Негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервті есептегенде «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3440 шот кредиттеледі.

«Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы» бабы бойынша жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын шығыстарға кіретін амортизацияны қоспағанда, цехтар мен учаскелердің негізгі құралдарының амортизациялық аударымы, сондай-ақ өндірісте пайдаланылатын материалдық емес активтердің амортизациясы көрсетіледі.

Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2720, «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы» деп аталатын 2740 және «Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы» деп аталатын 2620 шот кредиттеледі.

«Сынау, тәжірибелер мен зерттеулер; жаңалық енгізу мен өнертабыс» бабы бойынша: тәжірибелерді, зерттеулерді, сынау мен жаңалық енгізу ұсыныстарын жүзеге асыруға жұмсалған материалдар мен бұйымдардың құны, осы жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың жалақысы (аударыммен қоса); цехтар мен шаруашылықтардың қызметтерінің құны; бөгде ұйымдардың қызметтерінің құны; өнертабыспен, техникалық жетілдірумен және жаңалық енгізу ұсыныстарымен байланысты ақшалай төлемдер көрсетіледі.

Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 пен «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – тәжірибелерді, зерттеулер мен жаңалық енгізу ұсыныстарын жүзеге асыруға жұмсалған материалдық құндылықтардың құнына кредиттеледі.

«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот осы жұмыстарды істейтін қызметкерлердің жалақысына.

«Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот цехтар мен шаруашылықтардың қызметтерінің құнына.

«Жеткізушілерге, еншілес ұйымдарға, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310-3330 шоттар – осы ұйымдардың қызметтерінің құнына.

«Еңбекті қорғау» бабы бойынша еңбекті қорғаумен байланысты шығыстар көрсетіледі. Атап айтқанда, еңбек қорғау құралдарын орнату мен ұстауға жұмсалған материалдың құны; қызметкерлерге тегін берілетін арнайы киім-кешектің, арнайы аяқ киім мен басқа да қорғаныс құралдарының құны, сондай-ақ кәсіпорын есебінен берілетін сүт пен басқа да бейтараптандырушы заттардың құны кіреді.

Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – еңбекті қорғау құралдарын орнату мен ұстауға жұмсалған материалдың құнына; «Жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек» деп аталатын 3350 шот– еңбекті қорғау жөніндегі жұмыспен айналысатын жұмысшылардың жалақысының сомасына; «Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – әлеуметтік салыққа аударылатын аударымның сомасына кредиттеледі.

«Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыс» бабы бойынша мыналар есептеледі:

– жаңа кәсіпорындарды, өндірістерді, цехтарды, цехтар мен агрегаттарды игеруге жұмсалатын шығыста (іске қосу шығыстары);

– жаңа өнім түрлері мен жаңа технологиялық процестерді дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстар;

– өндіру өнеркәсібіндегі дайындау жұмыстарына жұмсалатын шығыстар мен өнім шығару басталғанға дейін өндірісті дайындауға жұмсалатын немесе өндіріс ауқымын кеңейтумен байланысты басқа да біржолғы шығыстар (күрделі қаржы жұмсалымына жатпайтын) жатады.

Жаңа кәсіпорындарды, өндірістерді, цехтар мен агрегаттарды игеруге жұмсалатын шығыстарға: жобалау-сметалық құжаттама әзірлеумен байланысты шығыстар, іске қосу-реттеу жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерді ұстау шығыстары, жабдықтарды кешенді сынау жөніндегі іске-қосу жұмыстарына жұмсалған шығыстар мен іске қосу-реттеу жұмыстарымен байланысты басқа да шығыстар жатады.

Жаңа кәсіпорындарды, өндірістерді, цехтар мен агрегаттарды игерумен байланысты жұмыстар «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» деп аталатын 1620 немесе 2920 шотының дебеті бойынша (тиісті шоттардың кредиті бойынша) игерілетін объектілер мен шығын түрлері бойынша алдын-ала есептеледі.

Осы шығыстардың мөлшері сынақ пайдалану мен пайдалануға берілетін объектілерді игерудің белгіленген тәртібі мен ұзақтығына және басқа да жағдайларына сәйкес жасалатын қажетті есептер қоса тіркелген сметада анықталады. Смета жасаған кезде іске қосу шығыстарының жалпы сомасынан кешенді сынау кезеңінде алынуға тиіс өнімнің құны алынып тасталады.

Іске қосу шығыстарының сметасы бекітілген кезде іске қосылатын қуаттарды игерудің нормативтік мерзіміне сәйкес оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың нақты тәртібі мен мерзімдері (әдетте 2 жылдан аспайтын мерзімде) анықталады.

Осы уақыт ішінде игеруге жұмсалатын шығыстар жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына шығыстардың жалпы сомасына, оларды өтеу кезеңінің ұзақтығы мен осы кезеңде өнім шығарудың жоспарлы көлеміне сәйкес өнім түрі үшін белгіленген өтеу нормалары бойынша жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Бірнеше өнім түрін жасаған кезде жаңа кәсіпорындарды, өндірістерді, цехтар мен агрегаттардыы игеруге жұмсалған шығыстар олардың арасында өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы мен жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын шығыстардың сомасына пропорционал бөлінеді.

Жаңа өнім түрлері мен жаңа технологиялық процестерді дайындау мен игеруге жұмсалған шығыстарға жаңа өнімді жобалау мен конструкциясын жасауға, оны жасаудың технологиялық процесін әзірлеуге, жабдықтарды қайта орнату мен қайта реттеуге жұмсалатын шығындар, сондай-ақ үлгі ретінде пайдаланылатын бұйымның құны жатады.

Жаңа өнім түрлерінің өндірісі мен жаңа технологиялық процестерді дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстардың құрамына мыналар кірмейді:

– бұйымдардың конструкцияларын ішінара өзгертумен, жекелеген бөлшектерді, тораптарды жаңғыртумен және технологиялық процетерді ішінара қайта қараумен байланысты шығындар;

– күрделі ақша жұмсалымы есебінен жұмсалатын шығындар.

Жаңа өнім түрлерін иегрумен байланысты шығындар да болашақтағы кезеңдердің шығыстары шотында есептеліп, кейін осы шығындарды сметасы мен осы кезеңде шығарылатын бұйымның санына сәйкес олар сериялы және жаппай шығарыла бастаған сәттен бастап белгіленгенмерзім ішінде (әдетте 2 жылдан аспайтын мерзімде) бөліктер мен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Бұйымдар жеке тапсырыс бойынша жасалған жағдайда, өндірісті дайындауға жұмсалатын нақты шығындар тиісті бұйымның немесе бұйым тобының өзіндік құнына толықтай жатқызылады.

Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстарға сондай-ақ өнеркәсіптің өндіру саласындағы дайындық жұмыстарына жұмсалатын шығыстар да жатады. Атап айтқанда, оларға кен орындарын толықтай барлауға, ашық тау-кен жұмыстары аймағындағы аумақтарды, кейін жерлерді өңдеу үшін пайдаланылатын топырақ қабатын сақтауға арналған алаңдарды тазартуға, өндірілетін шикізатқа баратын жолдар мен оны әкетуге арналған жолдарды салуға жұмсалатын шығындар, арнайы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асыратын жерлерді өңдеу жөніндегі жұмыстарды төлеу және т.б. жатады. Дайындау жұмыстарына (тау-кен-дайындау) жұмсалатын шығыстар сондай-ақ болашақтағы шығыстарды құрамында шығын баптары бойынша алдын-ала есептеледі. Дайындық жұмыстарының тізбесі мен оларды жүргізумен байланысты шығындарды өнімнің өзіндік құнына кіргізу тәртібі ұйымның есеп саясатында белгіленеді. Егер өндірісті дайындау мен игеруге қомақты шығыс жұмсалса, онда осы шығыстардың есебін жақсы бақылау үшін жеке қосалқы шотта жүргізген орынды.

Тау-кен-дайындау жұмыстарына жұмсалатын шығындар, әдетте, тау-кен орындары пайдаланылатын мерзім ішінде өтеледі.

Есепті кезеңге жататын өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстарға «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоты дебеттеледі және 1620 немесе «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» деп аталатын 2920 шот (олардың алдын-ала қай шотта есептелетініне сәйкес) кредиттеледі .

Егер өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстар мардымсыз болса және субъект оларды есепті кезеңнің шығындарына дереу кіргізуді шешсе, онда ол «үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шотын дебеттейді және «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шотты осы мақсаттарға жұмсалған материалдардың құнына; «Негізгі құралдардың амортизациясы»деп аталатын 2420 шотты өндірісті дайындау мен игеру кезінде пайдаланылған негізгі құралдардың амортизациясының сомасына; «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот осы жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың жалақысына; «Әлеуметтік салық»деп аталатын 3150 шот әлеуметтік салық пен басқа шоттарға аударылатын аударымдардың сомасына кредиттейді.

«Жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалатын шығыстар» бабы бойынша өндірістік және көтергіш-көлік жабдықтарын (конвейерлер, рольгангілер, тасқынды және автоматтық желілер, көпірлі крандар, тельфер және т.б.), цех көлігін, жұмыс орындарын ұстау, пайдалану мен жөндеу шығындары, сондай-ақ жабдықтарға қызмет көрсететін қосалқы жұмысшылардың (реттеушілердің, майлаушылардың, шорниктердің, электр монтерлердің, слесарьлердің, жөндеуші және өндірістік жабдықтарға қызмет көрсететін басқа да қосалқы жұмысшылардың) аударымдары бар негізгі және қосымша жалақысын қосқанда, құралдар мен құрылғылардың тозуы мен оларды қалпына келтіру шығындары есептеледі. Көрсетілген шығыстар өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнында айтарлықтай өзіндік салмақ алады және өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматттандыру, жаңа техника енгізу шамасына қарай өсетін болады. Сондықтан олардың есебін цехтар, учаскелер, жабдық түрлері мен шығыстардың бабы бойынша жеке жүргізу керек. Бұл жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарын өнеркәсіптің көптеген салалары үшін үстеме шығыстарды бөлудің бір базасы ретінде ұсынылатынымен байланысты, сонымен бірге әр бір цехтың жабдықтарын ұстау, пайдалану шығыстары осы цехта шығарылған өнім түрлеріне ғана жатқызылуға тиіс, сол себептен олардың есебін жеке жүргізу қажет.

Жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары өнім түрлеріне жатқызу тәртібі өндірістің ерекшеліктеріне байланысты.

Бір ғана өнім түрі өндірілетін немесе шығарылатын және аяқталмаған өндіріс қалдықтары шамалы немесе мүлдем болмайтын жай өндірістерде (өндіру өнеркәсібінде, энергетикада және т.б.) осы шығыстар шығарылатын өнімнің өзіндік құнына тікелей жолмен толықтай кіреді.

Әр түрлі күрделі өнім жасалатын және аяқталмаған өндіріс қалдықтары едуір және әр кезде тұрақты емес қиын өндірістерде жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары жабдықтың бір сағат жұмысының мөлшері ментиісті өнім түрін жасаған кездегі оның жұмысының ұзақтығына сәйкес (жабдықтың құны, күрделілігі, қуаты мен басқа да сипаттамалары ескеріліп) өнімнің түрлері арасында бөлінуге тиіс. Бұл үшін жабдықтың жұмысының машина-сағат саны туралы деректердің негізінде есептелетін сметалық (нормативтік) ставкалар анықталады. Жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарының сметалық ставкаларын есептеу әдістемесі, оларды бөлу тәртібі ұйымның есеп саясатында келтіріледі.

Бірлкелкі өнім шығаратын, өндірісті механикаландыру дәрежесі шамамен бірдей қосалқы өндірістік цехтарда жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары жекелеген тапсырыстар мен жекелеген жұмыс түрлері арасында өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысына (үдемелі-сыйлықақы жүйелерінің қосымша ақысыз) пропорционал бөлінуі мүмкін.

Іс жүзінде жекелеген өндіріс салаларының кәсіпорындары сонымен бірге жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарын бөлудің келесі әдістерін пайдаланады:

– жабдық жұмыс істеген сағаттарға пропорционал бөлу (әдіс біркелкі жабдық қолданылатын және жұмыстың есебі ретке келтірілген кәсіпорындар мен өндірістерде, мысалы, жіп иіру өндірістеріндегі ұршық-сағатқа, тоқыма өндірісінде станок-сағатқа, ағаш өнеркәсібінде машина-сағатқа пропорционал );

– өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысына пропорционал бөлу (үдемелі-сыйлықақы жүйесі бойынша қосымша төлемсіз). Қарапайымдылығына байланысты осы әдісті жекелеген кәсіпорындар жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарын қосалқы өндірістердің ғана емес, сонымен бірге негізгі өндірістің де өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында бөлу үшін қолданады;

– шығарылған өнімнің санына пропорционал бөлу (қара металлургия, құрылыс материалдары өнеркәсібі және т.б.);

– өңдеу шығындарына пропорционал бөлу (химия өнеркәсібі).

Жабдықтарды ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстарды бөлу тәртібі ұйымның есеп саясатында қарастырылуға тиіс.

Егер ұстау мен пайдалануға қомақты шығыс жұмсалған жағдайда, оларды үстеме шығыстардың жеке қосалқы шотында, ал шығыстар мардымсыз болса, онда үстеме шығыстар шотында жеке бап бойынша тікелей есептеу керек.

Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоты дебеттеледі және мына шоттар кредителеді:

«Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарын ұстау мен жөндеуге жұмсалған майлайтын, сүртетін және өзге материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің құнына.

«Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шот – өндірістік жабдықтардың, көлік құралдарының амортизациясының сомасына.

«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарына қызмет көрсетумен және оларды жөндеумен айналысатын қосалқы жұмысшылардың (реттеушілердің, майлаушылардың, электриктердің, слеасарьлердің, жөндеуші және басқа да қосалқы жұмысшылардың) есептелген негізгі және қосымша жалақысының сомасына.

«Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – әлеуметтік салыққа аударылған аударым сомасына.

«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310-3330 шот (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) және «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот – олардан өндірістік жабдықтарды қозғалысқа келтіру үшін алынған отынның, электр энергиясының, бу мен басқа да энергия түрлерінің құнына, сондай-ақ жабдықтарды жөндеу қызметтерінің құнына.

«Ақаудан болатын ысырап» бабы бойынша– өндірістегі ақаудан болатын ысырап есептеледі.

Өндірістегі ақау деп өзінің сапасы бойынша белгіленген стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей тағайындалуы бойынша қолданыла алмайтын не болмаса бар ақауларды жою үшін қосымша шығын жұмсалғаннан кейін ғана пайдалануға болатын өнім (бұйымдар, жартылай фабрикаттар, тораптар, бөлшектер мен конструкциялар) саналады.

Ақау анықталған жеріне сәйкес ішкі және сыртқы ақауға бөлінеді.

Ішкі деп өндірістің тұтынушыларға өнімді жеткізуге дейінгі кез-келген учаскесінде (жұмыс тапсырысшыларға тапсырылғанға дейін) анықталған ақау аталады. Анықталған ақаудың сипаты бойынша ақау жөнделетін және жөнделмейтін (түпкілікті) ақауға бөлінеді. Жөнделетін ақауға жөнделгеннен кейін тікелей тағайындалуы бойынша пайдалануға болатын және жөндеу техникалық жағынан мүмкін және экономикалық жағынан орынды бөлшектер, бұйымдар мен жұмыстар жатады.

Түпкілікті ақау деп тікелей тағайындалуы бойынша пайдалана алмайтын және техникалық жағынан жөндеу мүмкін емес және экономикалық жағынан тиімсіз бұйымдар, жартылай фабрикаттар, бөлшектер мен жұмыстар саналады.

Өндірістегі ақау ақау туралы актімен (хабарламамен) ресімделеді, онда ақауға жатқызылған өнімнің атауы, оның техникалық немесе ақау анықталған операцияның нөмірі немесе атауы, ақауы түрінің коды, оның себебі мен ақауға кінәлі адамдар көрсетіледі.

Егер анықталған ақауларды кінәлі жұмысшы жөндесе, онда актіде «Жөнделді» деп аталатын белгі қойылады. Осы акт бухгалтерияға жіберілмейді, ТББ-де сақталады. Жұмысшыға төлем наряды жазылмайды. Ал егер ақауды осы ақауды пайда боулы үшін кінәлі жұмысшы жөндемесе, онда осы жұмыстар үшін «Ақауды қайта жасау» деп аталатын белгі қойылған наряд жазылып, ол бухгалтерияға жіберіледі.

Ақаудың құжаттары ТББ-де жедел тіркелгеннен кейін ақауға жұмсалған шығындардың актісі ақауға кінәлілер, өнім түрлері мен ақау пайда болған жерлер бойынша есебі жүргізілетін бухгалтерияға жіберіледі.

Ақаулық актісінде өзіндік құнның тікелей баптары бойынша шығыстар көрсетіледі. Содан кейін актілер бұйымдардың калькуляциялық топтары, ал олардың ішінде – цехтар мен учаскелер, сондай-ақ ақауға нақты кінәлілер бойынша топтастырылады. Бұдан кейін бухгалтерия қызметкерлері жөнделмейтін ақаудың құнын оны ықтимал пайдаланудың бағасы бойынша құны мен ақаудан болатын ысыраптың құнын анықтайды, ал ұйымның басшысы ақаудан ұйым шеккен залалды нақты кінәлілерден өтеу мәселесін шешеді.

Бастапқы құжаттардың негізінде айдың басынан бастап рет саны бойынша тәулік ішінде жол берілген ақау туралы жедел мәлімет жазылып, ақауға жол берген бөлімшеге, сондай-ақ ұйымның мүдделі қызметтеріне жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін табыс етіледі. Бұдан кейін цехтар бойынша мәліметтердің негізінде бүкіл ұйым бойынша мәлімет жасалады.

Қазіргі кезеңде өндірісті ұйымдастыру, техника мен технологиялардың деңгейіне байланысты көптеген ұйымдар өндірісте ақауларға жол береді. Құю, шыны және басқа да өндірістерде ақау жиі кездеседі. Сондықтан ақаудан болатын ысырапты бақылау үшін өндірісте оның есебін жеке шығын бабы бойынша бөлек жүргізу керек. Осы шығыстар нақты өнім түрімен тікелей байланысты және осы өнімнің немесе бұйымның өзіндік құнына кіруге тиіс, сол себептен ақаудың ысырабының есебін жеке жүргізу қажет. Өндірістегі ақаудан болатын ысыраптың есебін цехтарға, өнім түрлері мен шығыс баптары бойынша бөлек жүргізген орынды. Ақауды жөндеу шығындары мен жөнделмейтін ақаудың құны «Цехтардың шығыны» ведомосінде немесе тиісті машинограммаларда жазылады.

Түпкілікті ақаудың өзіндік құнын өнімнің өзіндік құнын (орындалған жұмыстарды) калькуляциялаудың барлық баптары, атап айтқанда: материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы; жалақыдан аударылатын аударым; үстеме шығыстар (өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалатын шығыстарсыз, өзге арнайы және өндірістік шығыстарсыз) нақты шығындар бойынша есептеледі.

Бұйым (бөлшек) пен жартылай фабрикаттадың номенклатурасы кең ұйымдарда ақауды жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнға сәйкес бағалауға жол беріледі.

Ішкі түпкілікті ақаудың өзіндік құны өндірістік шығындардың есебі жүргізілетін тиісті шоттың (8110; 8310) кредитінен «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың («Ақаудан болатын ысырап» бабы) шоттың дебетіне есепке шығарылады.

Ішкі жөнделетін ақаудың өзіндік құнына ақаулы өнімді жөндеуге жұмсалған материалдар мен жартылай фабрикаттардың шығыны, ақауды жөндеу үшін жұмысшыларға есептелген жалақы, жалақыдан аударылатын аударым, сондай-ақ үстеме шығыстардың тиісті үлесі кіреді. Жөнделетін ақау болып табылатын бұйымдар (бөлшектер) мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны ақаудан болатын ысырапқа кірмейді.

«Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шотттың дебеті («Ақаудан болатын ысырап» бабы) бойынша анықталған ішкі және сыртқы түпкілікті ақау бойынша шығындар (құндар), ақауды жөндеу жөніндегі шығыстар, сондай-ақ нормадан асатын көлемдегі кепілді жөндеуге жұмсалатын шығындар жиналады.

8410 шотттың кредиті («Ақаудан болатын ысырап» бабы бойынша) бойынша ақаудан болатын ысырапты азайтуға жатқызылатын сомалар мен ақаудан болатын ысырап сияқты өндіріс шығынына жатқызылатын сома көрсетіледі.

Ақаудан болатын ысырапты азайтуға жатқызылатын сомаларға ақауға жатқызылған өнімнің ықтимал пайдалану бағасы бойынша құны; ақаудың пайда болуына кінәлі қызметкерлерден нақты ұсталған сомалар; сот тағайындаған немесе оларды пайдалану нәтижесінде ақауға жол берілген сапасыз материал немесе жартылай фабрикат жеткізгені үшін жеткізушілерден нақты өндірілген сомалар жатады.

Ақаудан болатын ысырап тиісті өндіріс түрінің шығынына ай сайын есепке шығарылады және ақау анықталған сол немесе басқа бұйымның немесе жұмыстың өзіндік құнына кіреді. Бұл ретте ішкі ақаудан болатын ысырап ақау анықталған айдың өндіріс шығынында , ал сыртқы ақаудың ысырабы – ақаулы өнімді сатып алушылардан талап алынған айда көрсетіледі.

Өткен есепті кезеңде өндірілген өнімге жататын сыртқы ақаудың ысырабы ағымдағы есепті кезеңде жасалған осындай өнімнің өзіндік құнының есебіне шығарылады. Егер есепті кезеңде осындай өнім шығарылмаса, онда сыртқы ақаудың ысырабы бүкіл шығарылған өнімнің арасында үстеме шығыстарды бөлу үшін белгіленген тәртіппен бөлінеді.

Өнімнің ақауынан болатын ысырап аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылмайды.

Тек жеке және шағын сериялы өндірістерде ғана ақаудың ысырабы осы ысырап белгілі бір тапсырысқа, аяқталмаған өндіріске жататын жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылуы мүмкін.

Өндірістегі ақаумен байланысты операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында былайша көрсетіледі: