Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны

Әдетте өндірістің бір қайта бөлісінде (процесінде) өңдеуі аяқталған өнім келесі қайта бөліске (процеске) одан әрі өңдеу үшін жіберіледі. Өткен «А» процесінде өңделген өнім одан әрі өңдеу үшін «Б» процесіне жіберілді делік. «А» процесінен көшкен өнімнің өзіндік құны «Б» процесі бойынша шығындарда осы процесс (Б) бойынша өзіндік құнның жеке элементі ретінде қарастырылады. «А» процесінің даяр өнімін «Б» процесінде қалай қаарстыру керек екенін қарастырайық.

2 Мысал:

«Б» процесі туралы ақпарат:

Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс жоқ

А процесінен көшірілген өнім, бірлік 12000

Өңдеу аяқталған және

Кезең соңындағы аяқталмаған, бірлік 2000

Даяр өнім қоймасына тапсырылған өнім 10000

Есепті кезеңнің шығындары:

«А» процесінен кейінгі өнімнің өзіндік құны, теңге 220500

Материалдар, теңге 52500

Өңдеудің құны

Әдетте бірінші процестен кейін материалдар әр түрлі өндіріс процестерінде пайдалануы мүмкін. Біздің мысалда «Б» процесі барысында материалдар ол аяқталғанға дейін пайдаланылмайды. Сондықтан материалдардың шығындары аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына ықпал етпейді. Демек кезең соңында аяқталмаған өндірістің балама бірліктеріндегі материалға жұмсалған шығындар нөлге теңелді. Есептеуге сәйкес аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі – 50 %.

Даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнының есебін жасаймыз.

7.2-кесте. Даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнының есебі

Өзіндік құнның элементтері

Жалпы шығындар, теңге

Даяр өнім, бірлік.

Жартылай фабрикаттарға арналған баламалы бірліктер

Баламалы бірліктердің жалпы саны

1 бірліктің өзіндік құны, теңге

Өткен процестің өзіндік құны

Материалдар

Өңдеудің құны

Барлығы

2205000

325000

550000

3080000

10000

10000

10000

2000

1000

12000

10000

11000

183,75

32,50

50,00

266,25

Осыдан:

1. Аяқталмаған өндірістің өзіндік құны:

Өткен процестің өзіндік құны

(1 бірлік үшін 183-75 бойынша 2000 бірлік) 367 500

Материалдардың құны жоқ

Өңдеу құны (1 бірлік үшін

50 теңге баға бойынша 10000 бірлік) 50000 417500

2. Даяр өнім (1 бірлік үшін

266-25 баға бойынша 10000 бірлік) 2662500

Барлығы 3 080 000

Әдетте материалдық шығындардың негізгі бөлігі бірінші процесте және кейінгі процестерде шамалы ғана жұмсалады. Кейінгі процестерде материалдық шығындар тек шығарылған өнімге ғана жатқызылады. Сөйтіп кезең соңындағы материалдық шығындар аяқталмаған өндірістің қалдығына жатқызылмайды, яғни жартылай фабрикаттардың (аяқталмаған өндірістің) баламалы бірлігіне жұмсалған материалдардың шығыны нөлге тең болып қабылданады.