Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі

Қазақстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің практикасында бухгалтерлік есеп бұрын қаржы есебі мен басқарушылық есепке бөлінбеген. Мүлік есебінің барлық тараулары, өндіріс пен айналыс, өнім шығару мен оны сату, есеп айырысу мен кредит операцияларының, қаржы нәтижелерінің, қорлар мен резервтердің шығындары бірыңғай бухгалтерлік есеппен қамтылған болатын. Халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары үшін бірыңғай бухгалтерлік есеп пен есептілік ережелері, салалар бойынша – бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары мен оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар пайдаланылды. Алайда ТМД елдерінің ұйымдарында басқарушылық есеп болмады деп айтуға болмайды. Есеп пен бақылау басқару элементі, көзі болып табылады. Есеп жүргізудің деретері өндірісті бақылау мен оны басқару үшін әрқашан пайдаланылады. ТМД елдерінде деректері ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылау, талдау мен басқару үшін пайдаланылған жедел-техникалық есеп қолданылды. Бұл үшін көптеген кәсіпорындарда жедел талдаумен айналысатын және басқарушылық шешім қабылдау үшін ұйымның басшыларын қажетті деректермен қамтамасыз ететін экономикалық талдау бюролары жұмыс істеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше ондаған жылдар бойы бухгалтерлік есеп қаржы және өндірістік есепке бөлініп келеді. Қаржы есебі сыртқы пайдаланушыларға ұйымның кірістері, шығыстары, пайдасы, сондай-ақ қаржылық жай-күйі туралы ақпарат беруге тиіс. Өндірістік есеп өнім түрлері бойынша шығындардың есебін жүргізу, аяқталмаған өндірісті бағалау, шығарылған және сатылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау үшін қажет болды. Осы ақпарат қаржы есептерін жасау үшін керек..

ХХ ғасырдың 40- шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында бухгалтерлік есеп саласында бірқатар өзгеріс орын алды. Капитал, бәсеке, инфляция шоғырланып, өндіріс шығындары айтарлықтай өскен, трансұлттық корпорациялар құрылып, жұмыс істей бастаған жағдайда дәстүрлі есеп жүргізу әдістері бсқару талаптарына жауап бермеді. Қалыптасқан жағдайда бухгалтерлік есептің жоспарлау, болжау мен шешім қабылдау, бақылау үшін ақпарат жинау мен оны талдап қорытып қалыптастыруға қатысты қосымша функциялары пайда болды. Бухгалтерлік есеп жедел әрі талдамалы есепке айналды. Бухгалтерлер енді өндіріс шығындарының есебін жүргізу мен бақылауға, нақты өндіріс көлемін есептегуе, өндірістік бағдарламаның орындалуын кәсіпорын ғана емес, сонымен бірге оның бөлімшелері бойынша бағалауға ерекше көңіл бөлетін болды.

Бір сөзбен айтқанда есеп бизнестің тіліне айналды. Компаниялар мен фирмалардың жұмысының қорытындысына фирмалардың әкімшілігі мен еңбек ұжымдары ғана емес, сонымен бірге акцияларды ұстаушылар мен ақпаратты сыртқы пайдаланушылар да қызығушылық танытады. Егер фирмалардың әкімшіліктері мен еңбек ұжымдары фирма қызметінің табысын білгісі келсе, акция ұстаушылар мен ақпарат пайдаланушыларды фирма қызметінің түпкілікті нәтижелері мен салынған инвестициялар бойынша дивидендтердің көлемі қызықтырады.

Басқарушылық есеп бақылау мен басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындады деп айтуға болады. Әр түрлі елдерде «өндірістік есеп» деген терминді басқарушылық есеп деген термин бірте-бірте алмастырды. Сөйтіп, есеп екі шағын жүйеге, қаржы және басқарушылық есепке бөлініп, әрқайсысының өз мақсаты, міндеттері мен функциялары бар қаржы және басқарушылық деп аталатын екі бухгалтерлік есеп құрылды.

Алайда қаржы және басқарушылық есеп бухгалтерлік есептің бірыңғай жүйесін білдіретін өзара тәуелді әрі өзара байланысты жеке элементі болып табылады.

Басқарушылық есеп кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері, қызметтері мен бөлімдерінің қызметі туралы ақпараттық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Басқарушылық есептің мәні басқару мақсатттарымен анықталады. Ол әкімшіліктің шешімі бойынша бөлімшелердің басшыларының алдына қойылған мақсатттарға сәйкес өзгеруі мүмкін.

Басқарушылық есеп үшін ақпараттың талдамалылығы маңызды рөл атқарады.

Басқарушылық есептің құрамындағы ақпарат құрылымдық бөлімшелердің қызметінің нәтижесін дұрыс көрсету және ұйымның пайда алудағы олардың үлесін анықтау үшін жиналады, сәйкестендіріліп, зерттеледі.

Басқарушылық есептің мақсаты – нақты өндірістік мақсаттарға жету үшін жауапты менеджерлерді, кәсіпорын басшылығын жалпы ұйым, сонымен бірге оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің нәтижелерін жоспарлау, басқару, реттеу, бақылау мен талдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Өндірістік қызметтің тиімділігі нақты және стандартты шығындар мен жұмсалған шығыстардың нәтижелерін салыстыру арқылы анықталады.

Сөйтіп, басқарушылық есептің мәні – кәсіпорын қызметінің нәтижелерін одан әрі жақсартуға бағытталған жедел басқарушылық шешім қабылдауға арналған ақпаратты жүйеге келтіретін шығындар мен кірістердің, нормалаудың, жоспарлаудың, бақылау мен талдаудың біріктірілген есеп жүйесі.

Бухгалтерлік басқарушылық есеп ұйым мен оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын құрылымдық бөлімшелерінің (сегменттерінің) өндірістік қызметімен айналысады. Қызметі бухгалтерлік басқарушылық есеп болып табылатын бизнестің сегменттері заңды түрде дербес болуы немесе құрылымдық бөлімше құқығында ұйымның құрамына кіруі мүмкін.

Басқарушылық есепте жауапкершілік орталығы деп шығындарды, кірістер мен бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражатты қабылдайтын және бөлімшенің жоспарлы көрсеткіштерді орындауы үшін жауап беретін менеджер басқаратын құрылымдық бөлімшелер аталады. Құрылымдық бөлімшенің басқарушылық есептегі көлеміне қарамастан жауапкершілік орталығының келесі төрт түрі болады:

– шығын орталықтары;

– кіріс орталықтары;

– пайда орталықтары;

– инвестиция орталықтары.

Шығын орталығының жетекшісі тек жұмсалған шығын үшін жауап береді. Шығын орталығы шығындарды қадағалау, бақылау мен басқару, сондайақ оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында өндіріс шығындарын нормалауды, жоспарлау мен есептеуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Шығын орталығының жетекшісіне қойылған мақсатқа жету үшін бөлінген ресурстарды пайдалануға қатысты дербес шешім қабылдау мүмкіндігі беріледі және ол қойылған міндеттердің орындалуы үшін жауап береді. Алайда шығын орталығының жетекшілері өндірістің бағасы мен көлемін дербес анықтауға құқықсыз.

Кіріс орталығы – бұл менеджері кіріс алу үшін жауап беретін, алайда өндіріс шығындары үшін жауап бермейтін жауапкершілік орталығы. Осы орталықтың мысалына сауда ұйымының көтерме сауда бөлімін, өндірістік ұйымдардың өткізу бөлімін (комммерциялық бөлімін) жатқызуға болады. Кіріс орталығы жетекшілерінің қызметі әдетте олар әкелген кірістің негізінде бағаланады..

Пайда орталығы – бұл жетекші өзінің бөлімшесінің кірісі де, сондай-ақ шығыны үшін біруақыттта жауап беретін сегмент. Пайда орталығының менеджері тұтынылған ресурстардың саны мен алынатын пайданың көлеміне қатысты шешім қабылдайды. Жауапкершілік орталығы қызметі алынған пайданың көлемі бойынша бағаланады. Пайда орталығының мысалына филиалдар, жеке сауда нүктелері (дүкендер, буфеттер және т.б.) келтіруге болады.

Инвестициялар орталығы – ұйымның менеджерлері шығындар мен кірістерді бақылаумен қатар, оларға инвестицияланған қаражаттың тиімді пайдалануын қадағалайтың сегменті. Инвестициялар орталығының жетекшілеріне меншікті инвестициялық шешім қабылдау, яғни бөлінген қаражатты жекелеген жобалар бойынша бөлу құқығы беріледі, демек, оларға қабылданатын шешім үшін ең көп жауапкершілік артылады.

Бухгалтерлік басқарушылық есепте әр түрлі әдістер, атап айтқанда мына әдістер пайдаланылады:

  • бухгалтерлік қаржы есебі әдісінің элементтері (шоттар мен қосарлы жазба, түгендеу мен құжаттама, баланстық талдап қорыту мен еептілік);

  • индекстік әдіс (статистикада қолданылатын);

  • математикалық әдістер (корреляция, желілік бағдарламалау, ең аз квадраттар және т.б.)

Барлық атап өтілген әдістер мен тәсілдер бірыңғай жүйеге біріктіріледі және ұйымды басқару мақсатында пайдаланылады.