Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау

Аяқталмаған өндіріс деп технологиялық процесте көзделген барлық сатылардан (фазадан, бөлуден), өңдеуден өтпеген өнім, сондай-ақ жинақталмаған, сынау мен техникалық қабылдаудан өтпеген бұйымдар аталады.

Аяқталмаған өндіріске жөндеуге болмайтын ақаулы жартылай фабрикаттар (бөлшектер), сондай-ақ өңдеу процесінен өтпеген шикізат, материал, жартылай фабрикат пен даяр бұйымдардың құрамдастары аталады.

Аяқталмаған өндірістің құрамында сондай-ақ толықтай жойылған тапсырыстарға жататын бөлшектер мен басқа да жартылай фабрикаттар болуы мүмкін емес. Аяқталмаған өндірістің қалдығының болуы мен оның мөлшері технологиялық процестің сипаты мен ұзақтығына, өнімнің ерекшеліктері мен оның шығарылатын көлеміне байланысты. Мысалы, электр энергетикасы мен өндіру өнеркәсібінің көп салаларында (көмір, мұнай және т.б.) аяқталмаған өндіріс мүлдем болмайды.

Ұзақ өндірістік циклда күрделі өнім жасалатын машина жасауда аяқталмаған өндіріс қалдықтары айтарлықтай болады. Өндірісте жартылай фабрикаттардың (бөлшектердің) қозғалысының есебі өндірістегі жартылай фабрикаттар (бөлшектер) мен аяқталмаған өндіріс қалдықтарының қозғалысын бақылау, ақауды жасыруға жол бермеу, сондай-ақ жетіспеуді, артық жазуды болдырмау қамтамасыз етіліп ұйымдастырылуға тиіс.

Өндірісте жартылай фабрикаттардың (бөлшектердің) қозғалысын ұйымдастыру тәртібі өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, шығарылатын жартылай фабрикаттардың (бөлшектердің) номенклатурасына, орындалған жұмыстарды ТББ қызметкерлерінің қабылдау тәртібіне, операциялар арасындағы босалқы дайындамаларды сақтау тәртібіне байланысты.

Аяқталмаған өндірістің есебі жедел және бухгалтерлік есепке бөлінеді.

Жедел есепті цехтарда жоспарлау-диспетчерлік қызметттің қызметкерлері бухгалтерияның бақылауымен жүргізеді.

Машина жасау, металл өңдеу және басқа да өнеркәсіп салаларында өндірісте жартылай фабрикаттардың қозғалысының жедел есебін жүргізудің бөлшектік-операциялық және бөлшектік деп аталатын екі түрі қолданылады.

Бөлшектік-операциялық есеп сериялық өндірістерде олардың көмегімен жартылай фабрикаттар мен бөлшектердің өндірімі ғана емес, сонымен бірге олардың операциялар арасындағы қозғалысы есептелетін бағдар парақтары пайдаланылатын сериялық өндірістерде қолданылады.

Бөлшектік есеп, әдетте, тасқынды-жаппай өндіріс жағдайында қолданылады. Бұл жағдайда дайындау цехында дайындалатын бөлшектердің саны өндірімді есептеу жөніндегі құжаттардың негізінде анықталады.

Бөлшектерді өңдеуге беру жүкқұжатпен, лимитттік-босату картасымен, ал жинауға беру – жинақтау ведомостерімен ресімделеді.

Жартылай фабрикаттар мен бөлшектердің қозғалысының есебін оңайлату, сондай-ақ құжат айналымын қысқарту үшін жартылай фабрикаттар мен бөлшектерді цехтан цехқа беруді айлық карталар бойынша жүзеге асыруға болады (материал босату жөніндегі лимит карталарына қатысты).

Аяқталмаған өндіріс қалдықтары туралы деректердің дұрыстығын бақылау мақсатында оны кезең-кезеңмен түгендеу жүзеге асырылуға тиіс.

Аяқталмаған өндірісті түгендеу кезінде:

– өндірістегі босалқы дайындама (бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың) мен жасау мен жинау аяқталмаған бұйымдарды, сондай-ақ толықтай жинақталмаған және қоймаға тапсырылмаған даяр өнімнің нақты санын анықтау;

– есептелмеген ақауды табу;

– аяқталмаған өндірістің (босалқы дайындаманың) нақты жианқталуы мен жинаудың бөлшектермен қамтамасыз етілуін анықтау;

– жойылған тапсырыстар бойынша аяқталмаған өндірістердің, сондай-ақ орындау кідіртілген тапсырыстар бойынша қалдықтарды анықтау керек.

Жұмыс орындарында өңделмеген тауарлық-материалдық запастар аяқталмаған өндірістің тізбесіне кірмеуі, жеке тізбелерде тіркелуі мүмкін.

Біркелкі емес масса немесе қоспа болып табылатын аяқталмаған өндіріс бойынша түгендеу тізбесінде, сондай-ақ салыстыру ведомостерінде екі сан көрсеткіші: осы массаның немесе қоспаның саны мен оның құрамына кіретін шикізат пен материалдардың (жекелеген атаулар бойынша) саны келтіріледі. Шикізатттың немесе материалдың саны өндірістің ерекшеліктері ескерілген техникалық есептермен анықталады.

Түгендеу кезінде аяқталмаған өндірістің нақты болуының бухгалтерлік есеп деректерінен айырмашылығы: артық– кіріс болып танылады және «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 немесе «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың дебетіне «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың кредитнен тиісінше кіріске алынуға тиіс. Аяқталмаған өндірістің табиғи кему нормаларынан тыс жетіспеуі мен ысырабы кінәлі адамдардың есебінен өтелуге тиіс, бұл жағдайда «Қызметкерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» деп аталатын 1250 дебеттеледі және «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шот немесе «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот, жетіспеу қай жерде болуына сәйкес кредиттеледі.

Аяқталмаған өндіріс қалдықтары калькуляциялық шығыс баптарына бөлініп ақшамен бағалануға тиіс (әдетте нақты өндірістік өзіндік құн бойынша). Ақаудан болатын ысырап (ысырап нақты тапсырысқа жатқызылатын жеке және ұсақ сериялық өндірістерді қоспағанда), өндірісті дайындау мен игеру шығыстары, өзге арнайы шығыстар бағаланбайды.

Аяқталмай қалған бөлшектерді, тораптар мен өнімді жасауға жұмсалған шикізат пен материалдар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына толықтай кіреді. Өндірістік жұмысшылардың жалақысы екі түрлі тәсілмен, яғни тиісті өңдеу операциялар бойынша жинақталған бағалау қорытындысынан не болмаса бөлшек өңдеудің осы цехта қолданылатын бағасының 50% көлемінде және бұрынғы цехтарда бөлшек өңдеу үшін төленген жалақының сомасы қосылып есептелуі мүмкін. Жалақыдан аударым негізгі жалақыны белгіленген аударым пайызына көбейту арқылы анықталады.

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына үстеме шығыстардың тиісті үлесі кіреді. Олар даяр өнім мен аяқталмаған өндірістің арасында осы ұйымда қабылданған үстеме шығыстарды бөлу әдістемесіне сәйкес бөлінеді. Бұл жағдайда үстеме шығыстардан аяқталмаған өндіріске қатысы жоқ шығындар алдын-ала алынып тасталуға тиіс.

Үстеме шығыстар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына: нақты жұмсалған шығыс көлемінде үнем бар болған жағдайда, ал шығыс артық жұмсалған жағдайда –жоспарда белгіленген көлемде кіреді. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары шамалы немесе тұрақсыз жекелеген өнеркәсіп салалары ұйымдарының практикасында олар тура шығыстың сомасы бойынша немесе өңдеу аяқталмаған шикізатттың, негізгі материалдар мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Сондай-ақ технологиялық циклы қысқа өндіріс цехтарында аяқталмаған өндіріс өңдеудегі шикізаттың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың құны, ал кейбір салаларда (домна өндірісі, нан пісіру) аяқталмаған өндіріс мүлдем бағаланбайды.

Аяқталмаған өндірісті бағалау техникасы өндірістік шығындардың есебін жүргізудің қабылданған әдісіне (жартылай фабрикаттық немесе жартылай фабрикатсыз) байланысты қолданылады. Жартылай фабрикатсыз нұсқада ол нормативтік калькуляцияның немесе технологиялық карталардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда әр бір цехтың бөлшектерді (тораптар мен бұйымдарды) жасауға белгіленген шығын баптары бойынша қатысу үлесі ескеріледі.

Аяқталмаған өндіріс әр бір цехтағы нақты бар бөлшектер мен тораптар бойынша бағаланады. Цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс жөніндегі деректер жалпы ұйым бойынша әр бір цехтары шығындары жеке бөлініп талдап қорытылады. Осы деректер жалпы ұйым бойынша аяқталмаған өндірістің шығындарымен әр бір цехтың оған қатысу үлесін көрсетеді.

Жартылай фабрикаттық бағалау нұсқасында бөлшектер, тораптар мен т.б. өздері орналасқан цехтар бойынша бағаланады. Бұл жағдайда шығын баптары номенклатурасына бөлшектер, тораптар басқа (бұрынғы) цехтарда жасалған шығындар бойынша анықталған олардың өзіндік құны көрсетілетін «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» бабы кіреді.

Типтік бухгалтерлік есеп жоспарының қолданыстағы шоттарына сәйкес аяқталмаған өндірістің қалдықтары есепті кезеңнің соңынла өндірістік шоттың (8110 және 8310) кредитінен «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың дебетіне, ал келесі есепті кезеңнің басында «Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 1340 шоттың кредитінен 8110 және 8310 шоттың дебетіне тиісінше керу көшіріледі.

Іс жүзінде кейбір бухгалтерлер осы жазуды артық санап, есепті кезеңнің соңында аяқталмаған өндірістің қалдықтарын тиісті шығын шоттарында (8110 және 8310) өндіріске есептеуді жалғастыра береді.