Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі

Басқарушылық есеп әкімшіліктің шешім қабылдау үшін маңызды рөл атқарады. Басқарушылық есептің талдаушы-бухгалтерлер дайындаған ақпараты құрылымдық бөлімшелер мен жалпы ұйымның қызметін жақсартуға бағытталған басқарушылық шешімдерді жоспарлау мен қабылдау үшін пайдаланылады.

Ш

1. Мақсатты анықтау

ешім қабылдау процесі мына сатылардан тұрады:

2. Балама іс-қимыл нұсқаларын іздеу

3. Балама іс-қимыл нұсқалары туралы дерек жинау

4. Балама іс-қимыл нұсқаларының ішінен оңтайлы бағытты таңдау

Жоспарлау

процесі

5. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Б

7. Жоспардан ауытқуды жою жөнінде іс-шара қолдану

ақылау мен реттеу

процесі

Алғашқы бес сатыда шешім қабылдау мен жоспарлау процесі деп аталады, ал процестің соңғы екі сатысына бақылау мен реттеу кіреді.

Мақсатты белгілеу. Шешім қабылдау процесінің алғашқы сатысында ұйымның мақсаты немесе міндеті анықталады. Ұйымның негізгі мақсаты, әдетте, меншік иелерінің (акция ұстаушылардың) ең аз шығын жұмсап барынша көп пайда алуы болып табылады. Ұйымның үжымы да ұйымның жоғары пайда алуына мүдделі болады.

Балама шешім нұсқаларын іздеу. Шешім қабылдау процесінің екінші сатысында қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ықтимал іс-қимылдардың нұсқалары ізделеді. Қойылған мақсатқа қол жеткізу және компанияны болашақта орын алуы мүмкін әр түрлі кездейсоқ жағдайлардан қорғау үшін компанияның әкімшілігі келесі іс-қимылдың бір немесе бірнеше нұсқасын қолдануы мүмкін:

  • қазіргі кезде бар нарықтарда сату үшін бірнеше жаңа өнім түрін әзірлеу;

  • жаңа нарықтар үшін жаңа өнім түрлерн әзірлеу;

  • жаңадан шығарылатын өнім түрлерін сату үшін жаңа нарықтар құру (игеру);

  • шығарылатын өнімнің ассортименті мен технологиясына өзгеріс енгізу.

Балама іс-қимыл нысанын іздеу күтілетін жағдаят пен экономикалық ахуалдың өзгеруі жөнінде ақпарат алумен байланысты.

Балама іс-қимылдар нұсқалары туралы дерек жинау. Қызметтің ықтимал салалары анықталғаннан кейін әкімшілік қызмет көрсеткіштерінің өсуінің ықтимал қарқынын, компанияның нарықтың тиісті үлесін ұстау қабілетін және әр түрлі экономикалық ортада әр бір балама іс-қимылдың нұсқасына ақша қаражатының ағынын бағалауға тиіс. Бұл жағдайда әр бір балама іс-қимылдың нұсқасына ықпал ете алатын адамдарға тәуелсіз бірқатар факторларды ескеру керек. Осы тәуелсіз (бақылаудан тыс) факторлар, яғни экономикалық серпіліс, инфляцияның жоғары деңгейі, өндірістің құлдырауы, бәсекенің күшеюі экономикалық ортаны құрайды. Осылайша белгіленген бағдар фирманың болашақтағы ұзақ мерзімді даму келешегін айғақтайды. Бағдарды таңдау жөніндегі шешім әдетте стратегиялық (ұзақ мерзімді) шешім деп аталады. Ол фирманың болашақтағы жағдайына ерекше әсер етеді. Сондықтан фирманың болашақтағы мүмкіндіктері мен оның экономикалық ортасы жөніндегі ақпараттың дәлдігі ерекше маңызды болып табылады. Ұзақ мерзімді (стратегиялық) шешімдерді жоғарғы әкімшілік қабылдайды. Әкімшілік стратегиялық (стратегиялық) шешімнен басқа қысқа мерзімді немесе жедел шешім қабылдайды. Қысқа мерзімді шешімдерді неғұрлым төмен басқару деңгейіндегі менеджерлер қабылдайды және шешімдер ағымдағы экономикалық ахуалға, қазіргі мезетте ұйымның қолында бар материалдық, адам және қаржы ресурстарына негізделеді.

Қысқа мерзімді шешімге мына мәселелерді шешу жатады:

  • ұйымның өніміне белгіленген сату бағаларын;

• әр түрлі қанша өнім түрін өндірудің қажеттілігін;

• өнімді жарнамалау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрін пайдаланудың қажет екенін.

  • сатып алушыларға қызмет көрсетудің қай деңгейі ұсынылатынын.

Қысқа мерзімді шешім әзірлеу үшін, сондай-ақ тиісті деректерді жинау керек.

Балама іс-қимылдар нұсқаларының ішінен оңтайлы бағдарды таңдау. Ұйымның мақсатына көп дәрежеде жауап беретін нұсқаны таңдау үшін бәсекелес балама іс-қимылдардың нұсқаларын салыстырмалы бағалауды жүзеге асыру қажет. Бұл жағдайда балама нұсқалар болжанған таза ақша түсімдері бойынша бағалануы тиіс.

Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру. Таңдалған балама іс-қимылдар бағдары бюджет (смета) жасалатын бастапқы нүкте болып табылады. Смета – бұл әкімшілік қабылдаған әр түрлі шешімдерді іске асырудың қаржы жоспары. Сметаларда қолма-қол ақшаның түсімдері мен қалдықтары, сатудан түсетін кіріс пен шығындар есептеледі.

Нақты және жоспарланған нәтижелерді салыстыру. Жоспардан ауытқуды жою жөнінде шара қолдану – бұл шешім қабылдау процесінің екі сатысы. Бақылау мен реттеудің басқарушылық функциясы – бұл ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметінің нәтижелерін (көрсеткіштерін) бағалау мен жоспарлы көрсеткіштерді орындауға бағытталған нақтылаушы іс-шара әзірлеу.

Қызмет нәтижелерін бақылау (мониторингі) үшін бухгалтер сметаның орындалуы туралы есеп дайындап, оны белгілі бір шешімді (тапсырманы) орындау үшін жауапты менеджерге табыс етеді. Есептерде нақты нәтижелер (кірістер мен шығыстардың) жоспарланған нәтижелермен (сметалармен, шығындармен және кірістермен) салыстырылады.

Есептерде менеджерлер жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуға ерекше назар аударуы тиіс. Бақылау мен реттеудің тиімділігі нақты нәтижелерді жоспарлы нәтижелерге сәйкестікке келтіруге бағытталған нақтылаушы іс-қимылдарға байланысты. Ал жоспарға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, осы жоспарлар нақтыланады.

Басқару (менеджментті) процесі. Талдаушы-бухгалтердің басқарушылық процесте атқаратын рөлі. Әкімшіліктің бухгалтерлік есеп жүйесі қызмет көрсететін басқарушылық функциясына жоспарлау, бақылау мен реттеу, ұйымдастыру жұмысы, іскерлік байланыстар (ақпарат алмасу) және ынталандыру жатады. Талдаушы-бухгалтерлер менеджерлерге осы функцияларды атқаруға көп көмек көрсетеді.

Жоспарлау. Ұйымның әкімшілігі әруақытта келешекті ойластырып, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратын іс-қимылар бағдарламасын әзірлеуге тиіс. Ұзақ мерзімді жоспар 3-5 жылға немесе кейде одан да ұзақ кезеңге жасалады. Ұзақ мерзімді жоспардың міндетінде жақын болашақтағы даму келешегі, мысалы, жаңа тауар түрлерін шығару немесе жаа өткізу нарықтарын ұйымдастыру мақсатында жаңа кәсіпорындарға күрделі қаржы жұмсалымы немесе жұмыс істейтін өндірістік қуатын арттыру қарастырылады.

Қысқа мерзімді жоспар деп егжей-тегжей жылдық бюджет (яғни ұйымның ұзақ мерзімді жоспарын жақын болашағының қажеттілігіне қатысты нақтылайды).

Талдаушы-бухгалтер жоспарлау процесінде келешек және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеуге қатысады. Ол шешім қабылдау ақпарат табыс етеді, смета жасау процедурасын белгілейді, ұйымның бүкіл бөлімшелерінің қысқа мерзімді жоспар әзірлеуін үйлестіреді және жоспарлардың көрсеткіштерінің өзара байланысты болуын қадағалайды.

Бақылау және реттеу. Бақылау мен реттеу процесі – ауытқуды анықтап, алшақтықты нақтылау мақсатында нақты нәтижелерді жоспарлы көрсеткіштермен салыстыру. Бақылаудың нәтижелері бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолданылады немесе жоспар орындалмайтын жағдайда –ол қайта қаралады.

Бақылау мен реттеу процесін жүзеге асыру үшін басқарушылық есептің деректері пайдаланылады.

Есепті кезең аяқталғаннан кейін талдаушы-бухгалтер әр бір жауапкершілік орталығының бюджетті (жоспарды) орындағаны туралы есеп жасайды. Осы есепте олардың жұмысының салыстырмалы есебі жасалып, кемшіліктер мен олардың пайда болуының себептері анықталады. Сөйтіп, талдаушы-бухгалтер жоспардан ауытқу туралы хабарлап, менеджерге уақытылы бақылау мен реттеуге көп көмек көрсетеді. Сонымен бірге бюджетті (жоспарды) орындау туралы есепте үйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі жақсы жақтары мен кемшіліктерін көрсетіп, талдаушы-бухгалтер өндірістік процеске қатысушыларды ұйымның алдында тұрған міндеттерді шешуге және оларды орындау үшін дұрыс шешім қабылдауға ынталандырады.