Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.

Материалдың атауы _____________________

Бұйымның

атауы

Шығарылған өнімнің нақты саны, дана

1 бұйымға материал жұмсау нормасы, кг

Нақты өнім санына материалдың нормативтік шығысы,

.2 т х 3 т)

Бөлу коэффициенті

Жұмсалған материалдың нақты саны, кг

1

2

3

4

5

6

А

800

4

3200

0,98

3200х0,98=3136

Б

500

5

2500

0,98

2500x0,98=2450

В

700

3

2100

0,98

2100x0,98=2058

Жиыны

2000

7800

0,98

7644

Материалдың нақты шығынының нормативтік шығынға коэффициенті 0,98 (7644:7800) құрайды.

Материалды коэффициенттік бөлу әдісі ет, шыны, металлургия, орман және басқа да өнеркәсіп салаларында пайдаланылады. Әр бір өнімнің бірлігіне белгіленген коэффициенттер негіз ретінде алынады. Шығарылған әр бір өнім түрінің көлемін (санын) оған белгіленген коэффициентке көбейтумен әр бір өнім түрі бойынша шартты шығару есептеледі. Алынған деректерді қосқанда өнімді жалпы шартты түрде шығару анықталады. Нақты жұмсалған материалдың жалпы санын шартты шығаруға бөліп шығарылған өнімнің бір шартты бірлігіне жұмсалатын оның шығыны анықталады. Әр бір материал түрінің әр бір бұйымға нақты шығысы шығарылған өнімнің шартты санын шартты өнімнің бір бірлігіне жұмсалған материалдың шығынына бөлу арқылы есептеледі.

Есеп былайша жасалады:

2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі

Материалдың атауы _____________________

Бұйымның атауы

Шығарылған өнімнің саны, дана

.

Белгіленген коэффи- циент

Шартты өнім шығару (2 т х.3 т)

Шартты өнім шығарудың бірлігіне жұмсалатын материалдың шығыны

Материалдың нақты шығыны

1

2

3

4

5

6

А

800

1,0

800

3,92

800х3,92=3136

Б

500

1,25

625

3,92

625x3,92=2450

В

700

0,75

525

3,92

525x3,92=2058

Жиыны

2000

1950

3,92(7644:1950)

1950x3,92=7644

Материалды өндірілген өнімнің саны немесе салмағы бойынша бөлгенде материалдың түрі бойынша жалпы жұмсалған материалдың саны шығарылған өнімнің жалпы санына немесе салмағына бөлінеді, содан кейін алынған нәтиже шығарылған өнімнің тиісінше санына немесе салмағына көбейтіледі.

Технологиялық мақсаттарға пайдаланылатын қосалқы материал өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына тікелей де, сондай -ақ жанама жолмен кіреді. Өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша қосымша материалдың шығысын есептеуге болатын немесе қосалқы материал нақты өнім түріне жұмсалатын бір өнім түрі шығарылатын өндірістерде қосалқы материалдың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бастапқы құжаттардың немесе материалдық есептің негізінде тікелей жолмен кіреді. Алайда сол бір қосалқы материал кейде бірнеше өнім (жұмыс, қызмет) түрін шығару үшін пайдаланылады.

Бұл жағдайда шығын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) түрі арасында жанама жолмен: өнім бірлігіне шаққандағы сметалық ставкаға (нормалар бойынша шығысқа), жасалған өнімнің санына (салмағына), әр бір өнім түрін өңдеуге жұмсалған машина-сағаттың санына пропорционал бөлінеді.

Өнім жасау мен оны жинақтау үшін өндірістік кооперациялау тәртібімен басқа ұйымдардан сатып алынатын жартылай фабрикаттардың құны, сондай-ақ бөгде ұйымдардың өнім жасау, шикізат пен материал өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларды орындау жөніндегі өндірістік сипаттағы қызметтерге жұмсалатын шығындар өнімнің өзіндік құнына тікелей жолмен кіреді.

Кейбір өнеркәсіп салаларының ұйымдарында шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнында «Материалдар» бабы бойынша есептелетін технологиялық мақсаттарға арналған энергетикалық шығындар (отын, энергия, су, бу, газ, қысылған ауа, суық) өзіндік салмағы едәуір болады.

Металды ысыту мен балқытуға, ағаш кептіруге, кірпіш күйдіруге жұмсалатын технологиялық отынның (көмір, кокс, газ және т.б.) шығысы олар тұтынылатын жерде есептеледі және жекелеген өнім түріне салмақ өлшейтін құралдардың деректері бойынша және оларды тұтыну үшін жасалған бастапқы құжаттардың негізінде тікелей немесе жанама: нақты шығаруға жұмсалатын нормативтік шығысқа, өңделген шикізаттың салмағына, жұмыс істелген машина-сағаттарға пропорционал есептеледі.

Технологиялық мақсаттарға жұмсалатын энергияның (электр, жылу, қысылған ауа және т.б.) , суықтың, ыстық және суық судың шығысы өлшеу құралдарының деректері бойынша өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша тікелей есептеледі. Жұмсалған отынның, энергияның, газдың, судың және т.б. саны жөніндегі деректерді бас энергетиктің немесе бас механиктің бөлімі береді. Мұндай бөлім болмаған жағдайда деректерді энергиямен жабдықтау мәселесімен айналысатын қызметкер береді.

Өлшеу құралдары болмаған жағдайда технологиялық мақсаттарға жұмсалатын энергияның, суықтың, ыстық және суық судың шығысы өнім түрлері арасында: жабдықтың қуаты ескерілген жұмыс істеген санына, нақты шығарылған өнім санына жұмсалатын нормативтік шығысқа, өңделген шикізаттың салмағына пропорционал бөлінеді.

Шикізат пен материал шығынынан пайдаланылатын (қайтарылатын) қалдықтардың құны алынып тасталады.

Қалдық деп өнім (жұмыс, қызмет) өндірісі процесінде пайда болған, бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толықтай немесе ішінара жоғалтқан және осыған байланысты көтеріңкі шығынмен (өнімнің аз шығуы) немесе тікелей тағайындалуы бойынша пайдаланылмайтын шикізаттың, материалдың, жартылай фабрикаттардың, жылу тасымалдаушылар мен материалдық ресурстардың басқа түрлерінің қалдықтары аталады.

Қалдықтарды жинау мен пайдалану ықтималдығы бойынша қалдықтар ұйымның өзі тұтынатын немесе бөгде тарапқа сатылатын қайтарылатын қалдыққа және техника мен технологияның осы жай-күйінде қолданыла алмайтын қайтарылмайтын қалдыққа (иіс, кеуіп кету, шаң және т.б.) бөлінеді.

Есепте оларды ықтимал пайдалану немесе сату бағасы бойынша бағаланатын қайтарылатын қалдықтар көрсетіледі.

Қайтарылмайтын қалдықтар бағаланбайды.

Қайтарылатын қалдықтардың саны оларды қоймаға тапсырылатын жүкқұжатының негізінде анықталады.

Қайтарылатын қалдықтарды өнім түрлері бойынша есептелуі немесе өнім түрлері бойынша қалдықтың нормасы бойынша пропорционал бөлінуі мүмкін.