Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:

а) өзгермелі және тұрақты;

ә) негізгі және үстеме;

б) тікелей және жанама;

в) бір элементті және кешенді;

г) жоспарланған және жоспарланған емес.

2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:

а) негізгі және үстеме;

ә) өзгермелі және тұрақты;

б) тікелей және жанама;

в) өнімді және өнімді емес;

г) жоспарланған және жоспарланған емес.

3. Өндіріс көлеміне қатысты шығындары былайша жіктеледі:

а) өзгермелі және тұрақты;

ә) негізгі және үстеме;

б) тікелей және жанама;

в) жоспарланған және жоспарланған емес;

г) өнімді және өнімді емес.

4. Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

а) өзгермелі және тұрақты;

ә) негізгі және үстеме;

б) тікелей және жанама;

в) жоспарланған және жоспарланған емес;

г) өнімді және өнімді емес;

5. Атап өтілген шығынның қайсысы тұрақтыға жатады?

а) өндірістік жұмысшылардың жалақысы;

ә) негізгі материалдар;

б) жалгерлік төлем;

в) техникалық қажеттілікке жұмсалатын энергия;

г) негізгі құралдады жөндеу шығындары.

6. Атап өтілген шығынның қайсысы өзгермеліге жатады?

а) жалгерлік төлем;

ә) негізгі материалдар;

б) коммуналдық қызметтер;

в) амортизация;

г) жарнама шығындары.

7. Шығыстардың қайсысы кезеңдіге жатады?

а) өндірістік шығындар;

ә) үстеме шығыстар;

б) коммерциялық және әкімшілік шығыстар;

в) сату жөніндегі шығындар;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

8. Тікелей материалдар, әдетте, қай шығысқа жатады?

а) тұрақты;

ә) өзгермелі;

б) үстеме;

в) шартты-тұрақты;

г) шартты-өзгермелі.

2-тарау. Негізгі өндіріс шығындарының есебі

Негізгі өндіріс шығындарының есебі «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шотта , пайда болған жері мен өнім (жұмыс, қызмет) түрі бойынша мына калькуляциялық баптарға сәйкес жүргізіледі:

– материалдар;

– өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу;

– жалақыдан аударылатын ақша;

– үстеме шығыстар.

Шығыстың бірінші үші түрі негізгі шығысқа жатады. Осы шығындарды есептеу тәртібі мен оларды өндіріс шоттарының талдамалы жайғасымдары бойынша бөлу тәсілдерін қарастырайық.

2.1. Материалдық шығындардың есебі

«Материалдар» бабы бойынша өндіріске жұмсалған шикізаттың, негізгі және қосалқы материалдардың, сатып алынған бұйымдардың, жартылай фабрикаттар мен өндірістік сипаттағы қызметтердің, технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергияның құны есептеледі.

Шикізат деп ауыл шаруашылығының өнімдері (мақта, қызылша және т.б.) немесе өндіру өнеркәсібінің өнімі (руда, мұнай шикізаты мен т.б.) – өңдеу өнеркәсібінің өнімі (ұн, мата, қант және т.б.) аталады.

Шикізат пен негізгі материалдар шығарылатын өнімнің материалдық (зат) негізін құрайды немесе оны жасауға қажетті құрамдас болып табылады. Шикізат пен материалдар өнімнің өзіндік құнында едәуір өзіндік құнды алады. Сондықтан оларды тиімді пайдалануды бақылау маңызды рөл атқарады.

Бақылауды жүзеге асыру үшін шикізатты, материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттарды жұмсаудың озық, техникалық жағынан негізделген шығындау нормасы болуы тиіс. Өндіріске материалдық запастар лимитпен босату карталары бойынша белгіленген нормалар шегінде, ал нормативтен тыс босату немесе бір жолғы талап немесе басқа құжат бойынша материалдың бір түріне екінші түрге алмастыру – ұйым басшысының немесе осыған өкілеттік берілген қызметкердің рұқсаты бойынша босатылады. Өндірісте материалдарды босатуды лимиттеу алдын-ала бақылаудың бір тәсілі болып табылады.

Өндіріске материалдық запас мына тәсілдің біріне сәйкес есептен шығарылады:

–бірінші тәсіл бойынша бастапқы құжаттардың негізінде өндіріске берілген материалдар материалдық запастардың есебі жүргізілетін тиісті шоттардың кредитінен «Негізгі өндіріс» деп аталатын шоттың дебетіне дереу есептен шығарылады. Есепті кезеңнің соңында материалдық шығындарға түзету енгізіледі, яғни цехтағы (учаскедегі) пайдаланылмаған запастардың қалдықтарының саны мен бұрын өндіріске есепке шығарылған запастардың құны азайтылады.

–екінші тәсіл бойынша – орталық қоймадан цехқа босатылған материалдық құндылықтар мастердің есебіне (жұмыс өндірушінің) есебіне жатқызылып, содан кейін ол осы құндылықтарды өндірістің нақты шығысына жатқызады.

Өндіріске материал есеп беретін адамның ұйым басшысы бекіткен есебінің негізінде есептен шығарылады. Осы есеп пен оған қоса тіркелген бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтер материалдарды шығыстың бағыттары (өнім түрлері, шығын баптары бойынша) бөлу ведомосін жасайды.

Материалдар нақты өзіндік құны бойынша есептен шығарылады. Егер ұымда материалдар нақты өзіндік құны бойынша бағаланса, онда олар бөлу ведомсінде осы бағада көрсетіледі. Ал егер олар есептік (тұрақты) баға бойынша есептелсе, онда материалдар бөлу ведомосінде есептік баға бағаланып, ал жеке бағанда нақты өзіндік құнның есептен шығарылатын материалдың есептік бағасынан ауытқулары көрсетіледі. Өндірістің есебіне шығарылатын есептік бағадан ауытқу пайызы есепті кезеңнің басындағы ауытқудың қалдығы мен есепті кезеңде түскен материалдық запастардың есептік бағасынан ауытқудың қосындысы есепті кезеңнің басындағы есептік бағалар бойынша материалдық запастардың қалдықтарына бөлініп, оған есепті кезеңдегі есептік баға бойынша материалдық запастардың түсімі қосылып мына формула бойынша анықталады:

Х=

мұнда: Х – орташа ауытқу пайызы;

М –айдың басындағы ауытқу сальдосы;

Н – ай ішінде түскен материалдар бойынша ауытқу сомасы;

О – айдың басындағы есептік баға бойынша материалдың қалдығы,

П – ай ішінде есептік баға бойынша түскен материалдың құны.

Алынған пайызды өндіріске жұмсалған материалдың есептік баға бойынша құнына есептеу арқылы нақты өзіндік құнның есептік құннан ауытқуын өндірістің есебіне жатқызылуға немесе керісінше егер нақты құн есептік құннан төмен болған жағдайда түзетілуге тиіс сома анықталады.

Материалдың шығысы, әдетте, бұйымның коды көрсетілетін бастапқы құжаттардың немесе материал жұмсалған өнімнің (жұмыстың, қызметтің) қай түріне жататыны көрсетілетін өндірістік есептердің негізінде материал жұмсалатын жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түріне жатқызылады.

Алайда өндірісте пайдаланылған материалдың өзіндік құнын жекелеген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) түріне тікелей жатқызу әр уақытта мүмкін бола бермейді, өйткені бірқатар жағдай ларда сол бір шикізат пен материалдан бірнеше өнім түрі жасалады.

Бір шикізат пен материалдан әр түрлі калькуляция объектісіне (ағаш өңдейтін, ет-май, сүт және басқа да өнеркәсіп салалары) жататын бірнеше өнім түрі немесе сұрпы жасалатын кешенді өндірістерде әр бір өнім түріне, сұрпына, тобына материалдың шығысы жана жолмен, яғни нақты өнім шығаруға жұмсалатын нормативтік шығысқа пропорционал, белгіленген коэффициенттер бойынша, өнімнің салмағы немесе саны бойынша анықталады.