Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.

Шығындарды неғұрлым тиімді басқару үшін оларды пайда болған сатыда бақылау және реттеу керек. Осы мақсатта өндірістік процестерді жүзеге асыру процесінде материалдардың, жұмыс күші мен қызметтердің нормативтерін әзірлеу керек. Нормативтік шығындар кәсіпорынды болашаққа бағдарлайды және сонымен бірге пайдаға ықпал ету тұрғысынан алып қарағанда өндірістік қызметте орын алатын өзгерістерді бағалау құралы болып табылады.

Шығындарды нормалардың негізінде басқару қажетсіз ысырапқа, өндірістен тыс шығыстарға жол бермейді, өндірістің тиімділігін арттырады, сатып алу саясатын жақсартады, болашақта өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етеді. Нормативтік шығындарды анықтаудың екі тәсілдемесі (әдісі) қолданылады.

Бірінші әдіске сәйкес өткен кезеңдердің нақты деректері бойынша материалдар мен еңбекті пайдалану бағаланады.

Нормативтерді осы әдіс бойынша белгілеген кезде нормативтерге өткен қателіктер мен кемшіліктерді көшіру қаупі сақталады. Сондықтан осы әдіс бойынша нормативтер өткен кезеңдердің орташа нәтижелерінің негізінде өнімсіз шығындар мен материалддық шығындар мен еңбек шығындары бойынша артық шығыстар алынып тасталып белгіленеді.

Екінші әдіс бойынша нормалар технологиялық талдаудың көмегімен белгіленуге тиіс. Технологиялық талдауда материалдардың, жұмыс күші мен жабдықтардың дәл есебін жүргізудің, сондай-ақ операцияларды бақылап зерттеу негізінде әр бір операция егжей-тегжей зерттеледі.

Шығындардың нормалары әдетте мыналарға бөлінеді:

  • негізгі нормаларға;

  • мінсіз нормаларға;

  • ағымдағы қол жеткізімді нормаларға.

Шығынның негізгі нормалары тұрақты, ұзақ уақыт бойы өзгермейтін

нормалар. Осы нормалардың артықшылығы ретінде бірқатар жыл бойы нақты шығындарды сол бір нормалармен салыстыру базасын қамтамасыз етіп, кезең ішіндегі тиімділіктің үрдісін белгілеуге мүмкіндік беретінін атауға болады.

Алайда өндіріс көлемі, технологиялар, бағалар өзгерген жағдайда негізгі нормалар ағымдағы жоспарланған шығындарды көрсетпейді, сондықтан шығындарды басқару үшін жарамсызға айналады. Сондықтан шығынның негізгі нормалары сирек пайдаланылады.

Мінсіз нормалар – бұл мінсіз ең тиімді қызмет жағдайында ғана болуы ықтимал ең төмен шығындар. Іс жүзінде мінсіз нормаларға сирек қол жеткізуге болады, сол себептен олардың пайдаланылуы екіталай. Мұндай нормалар бағдар ретінде ұсталатын мақсаттарды білдіреді. Мінсіз нормаларды менеджерлер ынталандыру жүйесін белгілеу, шығасыларды төмендетуге ынталандыру үшін пайдалы болуы мүмкін.

Ағымдағы қол жеткізімді (іс жүзінде орындалатын) шығындар нормасы. Осы нормалар тиімді қызмет жағдайында пайда болуы тиіс шығындарды көрсетеді. Қол жектізімді нормалар пайдаланылған жағдайда ресурстардың әдеттегі бүлінуінің, машиналардың бұзылуы мен ысырап болған уақыттың жол берілетін ауытқулары анықталады. Іс жүзінде ағымдағы қол жеткізімді нормалар өте жиі қолданылады, өйткені олар қол жеткізу үшін қызметкерлер жауап беретін мақсаттардан ауытқуды өлшеудің жол берілетін базасын, яғни нақты шығындарды нормативтік шығындармен салыстыруды қамтамасыз етеді. Нақты қол жеткізілетін нормалар, сондай-ақ сметаны жоспарлау мен жасау мақсаты үшін ең қолайлы база болып табылады. Алайда мұндай нормалар компания қызметкерлерін шығындарды төмендетуге және еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырмайды, сол себептен нормалар оңай қол жеткізімді болмауға тиіс.

Шикізаттың, материалдардың, сатып алынатын бұйымдардың, барлық түрдегі отынның, энергияның, шығын түрлерінің, өндіріске қызмет көрсету шығыстарының (үстеме шығыстардың) және басқарудың ағымдағы нормалар, нормативтер мен шығыс сметалар жүйесі кәсіпорынның нормативтік шаруашылығы деп аталады.

Нормативтік шаруашылықты ұйымдастыруда шығын нормаларының болуы мен олардың негізделуі, жаңа және жетіспейтін норма әзірлеу, қолданылатын нормаларды қайта қарау қарастырылады. Нормативтік шығындар ауытқу елеулі болғанға дейін өзгермейді.

Кәсіпорындар өнім ассортиментін неғұрлым жиі өзгертіп немесе технологияны жетілдірсе, оларға бұл бизнестің өнімділігімен пайдалылығымен тікелей байланысты болғандықтан, олар нормалардлы соғұрлым жиі әзірлеп, қайта қарауға мәжбүр болады.