Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.

Өндірістік шығындарды есептеу және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін келесі екі калькуляциялық шот: негізгі өндіріс шоты мен қосалқы өндіріс шоты қолданылады.

Өндірістің калькуляциялық шоттарының ішіндегі талдамалы есеп осы шығындар пайда болған жерлер, шығын орталықтары, жауапкершілік орталықтары, калькуляция баптары бойынша шығындарды шығын шегушілерге бөліп топтастыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Өндіріс шығындарын көрсетілген бағыттардағы талдамалы есебін егжей-тегжейлеу дәрежесі өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, сондай-ақ есеп саясатында қабылданған өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістерімен анықталады.

Негізгі өндіріс шотының дебеті бойынша тиісті шоттардың кредитінен барлық тікелей шығыстар көрсетіледі. Атап айтқанда: өнім жасауға жұмсалған материалдық шығындар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы, есептелген еңбекақы сомасынан бюджеттен тыс қорларға аударылған аударымдар.

Жанама шығыстар үстеме шығыстардың шотында алдын-ала есептеледі. Үстеме шығыстардың шоты машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарын; амортизациялық аударым мен өндірісте пайдаланылатын негізгі құралдарды жөндеу шығындарын; жылыту, жарықтандыру мен өндірістік үй-жайларды ұстау шығыстарын; өндірістік үй-жайлар мен басқа да жалға алынған мүліктің жалгерлік төлемін; өндіріске қызмет көрсетумен байланысты өндірістік қызметкерлердің жалақысын; ақаудан болатын ысырапты есептеу үшін пайдаланылады.

Үстеме шығыстардың құрамында жаңа бұйым өндірісін игерумен және дайындаумен, тау-кен даындау жұмыстарымен байланысты шығындар және осындай басқа шығыстар көрсетіледі. Осы шығыстар болашақтағы кезеңдердің шотында есептеледі, содан кейін бірте-бірте өндіріс шығынына жатқызылады.

Әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар мен сыйлықақы шығыстары өнімнің өзіндік құнына кірмейді. Есепті кезеңнің соңында олар есепті жылдың пайдасының (залалының) есебіне жатқызылады.

Ай ішіндегі қосалқы өндірістік шығындары аттас шоттарда есептеледі және айдың соңында негізгі өндіріске, қосалқы шығыстарға, әкімшілік шығыстарға, өнім сату мен қызмет көрсету шығыстарына жатқызылады. Содан кейін үстеме шығыстар аяқталмаған өндіріс пен тауарлық шығарудың (жұмыс, қызмет) арасындағы, осыдан кейін – бірлкелкі өнім, жұмыс, қызмет түрлері немесе топтары арасында бөлінеді.

Шығарылған өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін ең алдымен түгендеудің немесе жедел есептің деректері бойынша аяқталмаған өндірістің есепті кезеңнің соңындағы қалдықтары анықталып, бағаланады. Содан кейін есепті кезеңнің басындағы қалдығына есепті кезеңде жасалған шығындар қосылады (одан ақауға жатқызылған өнімнің, қайтарылатын қалдықтың құны және т.б. шегеріледі). Есеп біркелкі өнім (жұмыс, қызмет) түрлері немесе топтары бойынша жасалады.

Бақылау сұрақтары

1. Өндірістік есептің мәні, мақсаты мен міндеттері.

2. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастыру үшін не қажет?

3. Өндіріс процесінде экономикалық рөл жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

4. Құрам бірлігі жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

5. Өндіріс көлеміне қатысты шығындар қалай жіктеледі?

6. Жекелеген өнім түрлеріне жатқызу тәсілі жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

7. Пайда болу кезеңділігі жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

8. Өндіріс процесіне қатысу жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

9. Өнімділігі (тиімділігі) жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

10. Жоспармен қамту жөніндегі шығындар қалай жіктеледі?

11. Негізгі шығыстар жекелеген өнім түрлері бойынша жанама жолмен бөліне ме, егер бөлінсе, онда қандай жағдайда?

12. Үстеме шығыстар өнімнің өзіндік құнына үнемі жанама жолмен кіре ме?

13. Негізгі шығыс деп аталатын не? Оның тікелей шығыспен ара салмағы қандай?

14. Үстеме шығыс деп аталатын не?

15. Есеп объектісіне не жатады?

16. «Шығын элементі» ұғымы нені білдіреді? Оны сипаттаңыз.

17. Калькуляциялау объектісі деп аталатын не?

18. Калькуляциялау баптарын атап өтіңіз, шығындарды калькуляциялау баптары бойынша топтастыру нені көрсетеді?

19. Шығын пайда болатын жер деп не аталады?

Тестілер: