Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.

Негізгі (жылдық) бюджет кейде операциялық және қаржы бюджетінен тұратын бас бюджет деп аталады. Негізгі бюджетте ұйымның жекелеген бюджеттері жинақталады. 8.2-суретте негізгі (бас) бюджеттің үлгілік құрылымы көрсетілген.

Бюджеттендіруде ең алдымен сату көлемі (сатудан түсетін түсім) болжанады. Өндірістік бағдарлама мен запастар сату көлеміне, ал сату көлемі ұйымның өндірістік қуатына байланысты.

Болжам өткен кезеңнің сату көлемі; экономикалық және өндірістік жағдайлар, халықтың табысының, жұмыспен қамтылу, бағалардың, өнімнің пайдалылық деңгейі; баға, жарнама, сапа саясаты, өндірістік қуат; нақты өнім түрлерін сатудың ұзақ мерзімді үрдістері сияқты факторлар талданғаннан кейін жоспарға айналады. Сату (өткізу) бағдарламасынан кейін өндіріс бағдарламасы мен даяр өнім запасының нормативтік деңгейі есептеледі. Өндірістік бағдарлама жоспарлы өнім көлемі мен запастардың қалдығының өзгеруіне тәуелді. Есеп өнім түрлерінің саны мен құны бойынша мына тәртіппен жасалады:

  1. жоспарланған сату көлемі;

  2. кезең соңындағы даяр өнім запасының қалдығы;

  3. жалпы қажеттілік (1 ж+ 2 ж)

  4. кезеңнің басындағы даяр өнімнің қалдығы ;

  5. өндірістік бағдарлама ( 3 ж– 4ж)

Финансовый бюджет

8.2-сурет. Негізгі (бас) бюджетттің үлгілік құрылымы

Өндірістік бағдарламадан (өндіріс бюджетінен) кейін қалған бюджеттер жасалады. Осы бюджеттерді қарастырайық:

Негізгі материалдардың шығынының бюджеті (сметасы) – есепті кезең ішінде орталық қоймаларда материалдардың қалдығының өзгерісі ескеріліп, өндірістік бағдарламаны орындау үшін қажетті материалдардың әр бір атауы бойынша қажеттілікті есептеу арқылы жасалады.

Негізгі материалдардың әр бір түрі бойынша жоспарға сәйкес өндірістік қажеттілігі тиісті өнім түріне оның шығысының нормасын жоспарда шығару қарастырылған тиісті өнім түрінің санына көбейту арқылы анықталады. Содан кейін шығару көзделген жоспарлы өнімнің санына шаққандағы негізгі материалдардың барлық түрлері бойынша қажет сандар қосылады.

Сатып алу қажет негізгі материалдардың саны былай анықталады өнім өндіру үшін қажет негізгі материалдардың саны + негізгі материалдардың есепті кезеңнің соңындағы запастары.

  • негізгі материалдардың есепті кезеңнің басындағы запастары.

Еңбек бюджеті (негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысына жұмсалатын шығын сметасы).

Осы шығындар өнімнің түрлері мен бағаларға байланысты. Цех басшылары өндірістік бағдарламаны орындау үшін қажетті жұмыс уақытының шығындарын есептейді. Сметалық сағаттық ставкаларды еңбек және жалақы бөлімі есептейді. Жоспарланған өнім түрлерінің бірлігін өнім бірлігін жасау үшін қажетті уақыт пен жоспарлы тарифтік сағаттық ставкаларға көбейту арқылы негізгі өндірісітк жұмысшылардың жалақысына жұмсалатын шығындардың сметалық мөлшері есептеледі.

Жалпы өндірістік шығыстардың бюджеті (сметасы) болжанатын өндіріс көлеміне қатысты баптар бойынша жасалады. Осы шығыстардың сомасы өндірістің құрамы мен көлеміне тәуелді болады.

Бұл жағдайда шығындар реттелетін және реттелмейтін шығындарға жіктеуге негізделеді. Өзгермелі үстеме шығыстардың баптары бойынша үстеме шығыстардың сметалық ставкаларын негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек шығындарының сметалық сағаттарына көбейту арқылы есептеу жүзеге асырылады. Әр түрлі өндірістерде әр түрлі есептеу әдістері пайдаланылады. Бұл үстеме өндірістік шығыстарды бөлу тәртібіне байланысты.

Сатылатын өнімнің өзіндік құнының бюджеті (сметасы) келесі тәртіппен анықталады:

1. Пайдаланылған негізгі материалдардың құны.

2. Өндірістік жұмысшылардың жалақысы.

3. Жалпы өндірістік шығыстар.

4. Өндірілген өнімнің жиынтық өзіндік құны (1ж+2ж+стрет3)

5. Даяр өнім запасының кезеңнің басындағы құны.

6. Даяр өнім запасының кезеңнің соңындағы құны.

7. Сатылған өнімнің өзіндік құны (4 ж+5 ж-6ж)

Сатылған өнімнің өзіндік құнының бюджетінен (сметасынан) кейін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер бюджеті, маркетинг бюджеті, өнім сату шығының бюджеті (коммерциялық шығыстар бюджеті), сатудан кейін қызмет көрсету шығындары, басқарушылық шығыстар бюджеті сияқты шығындар баптары бойынша бюджет жасалады. Аталмыш бюджеттер осы шығындарды бақылауға арналған. Осы шығындардың басым көпшілігі – тұрақты шығасылар, сондықтан пайданы болжау үшін оларды дербес бюджет (смета) ретінде бөлген маңызды. Осылардың орындалуы үшін белгіленген қызметкерлер (менеджерлер) жауап береді. Операциялық бюджеті әзірлеудің соңғы сатысында пайда мен залал бюджеті әзірленеді. Аталмыш бюджетте мынадай көрсеткіштер болады:

1.өнім сатудан түсетін түсім.

2. кезеңнің басындағы материалдың запасы.

3. материал сатып алу.

4. кезеңнің соңындағы материалдың қалдығы.

5.тұтынылған материалдардың құны (n*2+n*3-n*4)

6. негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы.

7. жалпы өндірістік шығыстар.

8. жиынтық өндірістік шығыстар (n*5+n*6+n*7)

9. кезеңнің басындағы даяр өнімнің қалдықтары.

10. есепті кезеңнің соңындағы даяр өнімнің запасы.

11. сатылған өнімнің өзіндік құны (n*8+n*9-*10)

12. жалпы пайда (1 ж-11ж)

13. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалған шығыстар.

14. маркетинтік шығыстар.

15. өнім сатуға жұмсалған шығыстар (коммерциялық шығыстар).

16. сатудан кейін қызмет көрсету шығындары.

17. әкімшілік-басқарушылық шығыстар.

18. пайда және залал (12ж.-13ж.14-ж.15-ж.16-ж.17)

Негізгі (бас) бюджеттің екінші негізгі бөлігі капиталдың бюджеті, инвестициялар бюджеті, ақша қаражаты қозғалысының бюджеті болып табылады. Бюджеттің балансы осылардың негізінде жасалады, мұнда баптар бойынша болжамды активтер, пассивтер мен акционерлік капитал көрсетіледі. Ақша қаражаты қозғалысының бюджетіне ақша қаражатының түсімі мен шығысы жөніндегі болжамды деректер кіреді. Ол кез-келген мезетте өндірістік операциялардың тиісті деңгейіне сәйкес келетін жеткілікті ақша қаражатын қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Ақша қаражаты қозғалысының бюджеті жылға тоқсандар, айлар бойынша, бірқатар жағдайларда апталар бойынша жасалады. Бюджетті мынадай көрсеткіштер болады:

– кезеңнің басындағы ақша қаражатының сальдосы (ағымдағы және басқа шоттарда, кассада);

  • плюс дебиторлардан түсетін түсі мен сатып алушылар мен

тапсырысшылардың авансы;

  • барлық қолда бар ақша қаражаты.

Минус шығыстар:

  • материал сатып алуға төленетін төлемдер;

  • бюджетке төленетін төлемдер;

  • несиелер бойынша төлемдер;

  • бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

  • өзге шығыстар;

  • барлық шығыстар;

  • кезең соңындағы сальдо.

Бюджеттендіру процесі осымен осымен аяқталмайды, өйткені ол серпінді процесс болып табылады және икемді смета жасау арқылы іске асырылады.