- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
Маржиналдық кіріс деп өнім сатудан түскен түсім мен оның өзгемелі шығасылары бойынша есептелген толық емес өзіндік құнының арасындағы айырма, яғни тұрақты шығындар өтелгенге дейін өнімнен түскен кіріс аталады. Маржиналдық кірістің құрамына ұйымның пайдасы мен тұрақты шығындары жатады. Маржиналдық кірістен тұрақты шығасылар шегерілгеннен кейін операциялық пайда көрсеткіші қалыптастырылады. Толық шығындарды есептеу әдісінде пайда мен залал туралы есепте өнім сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде жалпы пайда есептеледі, ал өзгермелі шығын әдісін пайдаланғанда маржиналдық пайда өнім сатудан түскен түсім мен өнім сату мен әкімшілік шығыстардың шығысының өзгермелі бөлігін қоса алғанда, барлық өзгермелі шығынның арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Маржиналдық тәсілдемеде және толық шығындарды есептегенде операциялық пайданы анықтау тәртібінің айырмашылығы 7.15-кестеде келтірілген.
7.15-кесте. Толық шығындарды есептеу мен өзгермелі шығындарды есептеу әдістері
Толық шығындарды есептеу әдістері |
Өзгермелі шығындарды есептеу әдістері |
Сатудан түскен түсім |
|
Минус: –тікелей еңбек шығындары; – тікелей материалдық шығындар; – жалпы өндірістік шығындар. Жалпы пайда Минус: – өнім сату жөніндегі тұрақты шығыстар; – тұрақты әкімшілік шығыстар. Негізгі қызметтен түскен операциялық пайда. |
Минус: – тікелей еңбек шығындары; – тікелей материалдық шығындар; – өзгермелі жалпы өндірістік ш (операциялық) шығыстар; –өнім сату жөніндегі өзгермелі шығыстар;
Маржиналдық пайда Минус: – тұрақты жалпы өндірістік (операциялық) шығыстар;
Негізгі қызметтен түсетін операциялық пайда. |
Маржиналдық кірістің деңгейі (%) сату көлеміне маржиналдық кірісті бөлумен анықталады.
7.7 Залалсыздықты талдау
Кәсіпорын қалыпты жұмыс істеу үшін қанша жиынтық шығасылар мен пайда алынатыны байланысты өнім өндірісінің көлемі маңызды рөл атқарады. Сондықтан өндіріс көлемінің, сатудан түсетін жиынтық кірістің, есептеу мен таза пайданың өзгеруінің арасындағы тәуелділікті зерттеу үшін өндірістің залалсыздығы талданады. Бұл жағдайда өнім шығару көлемін талдауға ерекше назар аударылады, осының арқасында басшылық өндіріс көлемінің сыни (өлі) нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді. Сыни нүкте сондай-ақ залалсыздық нүктесі немесе пайдалылық шегі деп аталады.
Сыни деп кәсіпорынның шығыны бүкіл өнімді сатудан түсетін түсімге тең болатын сату көлемінің, яғни кәсіпорынның не пайдасы, не залалы болмайтын жай-күйі аталады.
Өндірістің залалсыздығын талдау кәсіпорын өнімінің шығуы қазіргі уақытта қолда бар жұмыс ісейтін өндірістік қуаттардың деңгейімен шектелген қысқа уақыт аралығындағы сатудан түсетін кірістің, шығыс пен пайданың арасындағы тәуелділікке негізделеді.
Халықаралық практикада сыни нүктені анықтау үшін маржиналдық кірісті (пайданы) графикалық теңдеу әдістері пайдаланылады.
Теңдеу әдісі таза пайданы есептеуге негізделеді. Математикалық формуланы мына тәуелділіктен шығаруға болады:
Өнім сатудан түсетін таза пайда = (өнімнің сатылған бірлігінің саны х бірлікті сату бағасы) – [(сатылған өнім бірлігінің саны х бірлікке шаққандағы өзгермелі шығасылар) + жиынтық тұрақты шығасылар].
Осы теңдеуге тиісті белгілерді енгіземіз:
Тп– таза пайда; Х – сатылған өнім бірлігінің саны; Б– сату бағасы; Ө– өнім бірлігінің өзгермелі шығасылары; П – өнім бірлігін шаққандағы өзгермелі шығасылар; Ж– өнім бірлігіне шаққандағы жиынтық шығасылар, осыдан мына формула алынады:
Тп = БХ - (ПХ+Ж) (1)
Мысалы: Жыл ішіндегі тұрақты шығасылар –800 000 теңге, өнім бірлігінің сату бағасы –500 теңге, өнім бірлігіне шаққандағы өзгермелі шығасылар –300 теңге. Өнім бірлігіндегі залалсыздық нүктесін анықтаймыз.
Тп=БХ - (ПХ+Ж) болғандықтан, залалсыздық нүктесі ПХ+Ж=БХ-Тп тең болатын өндіріс деңгейінде (х) болады, жоғарыда келтірілген деректерді пайдаланып 800 000+300х=500х – 0 алынады.
800 000=200х; х=4000 бірлік–бұл өнім бірлігіндегі залалсыздық нүктесі.
Осыдан бірлік үшін 500 теңге бойынша жиынтық сату сомасы 2000 000 теңгені (500 х 4000), өзгермелі шығыстар 1200 000(300 + 4000) немесе барлық шығыстар 2000 000(1200000+800.000) теңгені құрайды.
Сыни нүктені бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигін құру негізінде анықтауға болады. Бухгалтерлік залалсыздық моделі – бұл жиынтық кіріс пен жиынтық шығасылардың өндіріс көлемінің өзгеруінен сызықтық тәуелділік кестесі. Талдау залалсыздық нүктесін (сыни нүктені) есептеуге негізделеді.
Пайда саласы мен залал саласы сыни нүктеден оң мен солға қарай таралады (7.4-сурет). Графикте К тағы бір залалсыздық нүктесі мен өндіріс көлемінің ыңғайлы ауқымы келтірілген. АП сызығы – тұрақты шығындарды, АЕ – жиынтық шығасыларды, ПЕ кесінді – өзгермелі шығындардың мөлшерін, ОД – өнім сатудан түскен түсімді көрсетеді.
Бухгалтерлік модель болашақ уақытқа жоспарланған жиынтық шығасылар мен кірістердің өзгеруін көрсетеді.
Сыни нүктені анықтау үшін маржиналдық пайда концепциясы да пайдаланылады. Маржиналдық пайда – бұл сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындардың арасындағы айырма.
Маржиналдық пайда = Сатудан түскен түсім– өзгермелі шығындар.
Егер маржиналдық пайдадан тұрақты шығындар шегерілген жағдайда операциялық пайданың мөлшері алынады.
Сатудан
түскен түсім
Пайда салалары
К
2000 ----------------------------- Өзгермелі шығындар 1200 мың теңге
бірлік үшін 300 теңге
А П
Залал 800 000 теңге көлеміндегі
саласы тұрақты шығындар
О
4000 Өнім бірлігіндегі сыни нүкте
7.4-сурет. Бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигі
Операциялық пайда = Маржиналдық пайда –Тұрақты шығыстар.
Сыни нүкте маржиналдық пайдаға тұрақты шығындарға тең болатын нүкте деген анықтама беруге болады. Маржиналдық тәсілдемеде өнім бірлігіндегі сыни нүкте теңдеуі мынадай болады:
Сату бірлігіндегі сыни нүкте = Жалпы сомадағы тұрақты шығындар / өнім бірлігіндегі маржиналдық пайда.
Мақсатты (қажетті) пайданың мөлшерін алуды қамтамасыз ете алатын өнім сату көлемін мына формула бойынша есептеуге болады:
Бірліктегі мақсатты сату = Тұрақты шығындар + Мақсатты пайда / Өнім бірлігіне шаққандағы маржиналдық пайда.
Пайданы жоспарлаған кезде сыни нүктесін талдауды пайдалануды көрнекі түрде көрсету үшін мына мысалды қарайық.
Мысал: Кәсіпорын келесі жылы 500 000 теңге көлемінде пайда алуды жоспарлайды. Жыл ішіндегі тұрақты шығындардың жалпы сомасы 700 000 теңгені, бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар – 500 теңгені, сату бағасы бірлік үшін 800 теңгені құрайды. Жоспарланған сату көлемін алу үшін сату көлемі қандай болуы тиіс?
800 х Х = 500 х Х + 700 000 + 500 000
300 х Х = 1200 000
Х = 1200 000 / 300 = 4000 бірлік.
Сөйтіп, 500 000 теңге сомасында пайда алу үшін сату көлемі 4000 бірлікке тең болуы тиіс. Осы көлемді келесі тәсілмен есептеуге болады:
Бірліктегі мақсатты сату көлемі = 700 000 + 500000 / 800 - 500 = 4000 бірлік.
Ақша түрінде сату көлемі 3200 000 теңгені (4000 х 300) құрауға тиіс..
Сыни нүктесі әдісінің артықшылықтарымен қоса кейбір кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, бұл шығындардың өзгермелі және тұрақтыға бөлінуімен байланысты. Іс жүзінде үстеме шығыстардың кейбір элементтері өндірістің немесе өнім өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты шамалы болса да өзгеруі, яғни жартылай тұрақты болуы мүмкін. Осы шығыстардың өндірістің немесе өткізу көлемінен тәуелділік дәрежесін анықтау өте қиын. Сонымен бірге барлық өзгермелі шығыстар өндірістің немесе өткізу көлемінің өзгеруіне пропорционал өзгермейді, яғни өзгермелі шығыстардың арасында жартылай өзгермелі шығыстар болады.
Осы әдіс ұйымның басшылығына ұзақ мерзімді кезең бойы өнімнің бағасын анықтауға мүмкіндік бермейді, өйткені ұйым қалыпты жұмыс істеу үшін баға өзгермелі ғана емес, соынмен бірге тұрақты шығыстарды да өтеуге тиіс.
Маржиналдық кірістің өзгеруі өндіріс пен сату көлемінің ғана емес, соынмен бірге сатып алынған өндіріс құралдарының құнының, оларды пайдаланудың тиімділігі мен өнімнің бағасының өзгеруіне тәуелді, бұл үшін маржиналдық кірістің өзгеру есебебін анықтау керек. Сондықтан заласыздықты талдаған кезде есептің дәлдігі мен сенімділігін шектейтін келесі болжамдар пайдаланылады:
– жиынтық шығасылар мен жиынтық кіріс өндірістің сызықтық функциялары болып табылады;
– барлық шығындар тұрақты өзгермелілерге дәл бөлінген;
– өндіріс ауқымының тек ықтимал ауқымы ғана талданады;
– тұрақты шығыстар зерттелетін ауқым шегінде тәуелсіз болып қалады;
– өзгермелі шығыстар зерттелетін өндіріс шегіндегі көлемге тікелей пропорционал өзгереді;
– жеке-дара бұйымдар немесе бірқатар бұйым сатылған жағдайда бұйым алдын-ала белгіленген номеклатураға сәйкес, яғни құрылымдық өзгерістерсіз сатылады;
– пайда өзгермелі шығыстар бойынша есептеледі;
– өндірістің көлемі сату көлеміне тең немесе сатылмаған өнімнің бастапқы және соңғы запастарының өзгерістері шамалы;
талданатын өзгермеліден басқа барлық басқа өзгермелілер, мысалы,
өнімнің технологиясы, өнімділігі, өндірісте пайдаланылатын өнім, материал бағаларының деңгейі өзгермейді.
