Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау

Шығындарды нормативтік анықтау әдісі XX ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды. Алғашқы рет шығындарды нормативтік анықтаудың толық қолданылатын жүйесін 1911 жылы АҚШ-та Ч Гариссон әзірлеп енгізді. «Стандарт-кост» жүйесін нарықтық экономикасы дамыған елдердің көп жетекші фирмалары кең пайдаланады.

«Стандарт-кост» термині стандарттық өзіндік құнды білдіреді. «Стандарт» деген сөз өнім бірлігінің өндірісі үшін қажетті материалдық және еңбек шығындарын немесе өнім бірлігінің өндірісі үшін алдын-ала есептелген материалдық және еңбек шығындарын білдіреді, ал «Кост» деген сөз – бұл өнім бірлігін жасау үшін жұмсалатын өндірістік шығындардың ақшалай түрі.

«Стандарт-кост» жүйесінде норма-стандарт әзірлеу, өндіріс басталғанға дейін стандартты калькуляция жасау мен стандарттан ауытқу жеке бөлінген нақты шығындарды есептеу қарастырылған.

«Стандарт-кост» жүйесі шығындарды келесі шығыстардың баптары бойынша алдын-ала нормалауға (өндірістік процесс басталғанға дейін) негізделеді:

– негізгі материалдар;

  • негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы;

– өндірістік үстеме шығыстар (қосалқы жұмысшылардың жалақысы, қосалқы материалдар, желгерлік төлем, жабдықтардың амортизациясы және т.б.).

«Стандарт-кост» жүйесі бойынша өндірістік шығындар мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын есептеу техникасы басқа есептеу әдістерімен салыстырғанда анағұрлым оңай, өйткені стандарттық өзіндік құн карточкалары өндірістік шығындардың нормативтік саны алдын-ала көрсетіліп басылып шығарылады, осының арқасында тапсырыстар, өнім түрлері бойынша өндірістік шығындарды қайтадан есептеуге жол берілмейді және олардың көлемдерін бақылауға мүмкіндік береді.

Материалдың қосымша қажеттілігіне қызыл немесе күлгін түсті айрықша белгісі бар қосымша талап жазылады, бұл материалдар бойынша стандарттан ауытқуды білдіреді. Осы талаптардың негізінде өндірістік бөлім материалдардың санының өзгеруі туралы есеп жасайды. Есептің бір данасы фирманың басшылығына, ал екінші данасы – калькуляциялық бөлімге материалды қосымша алудың себебі көрсетіліп табыс етіледі.

«Стандарт-кост» жүйесі шетелдік практикада нормативтік актілермен тәртіптелмеге, сол себептен стандартты белгілеу пен есептік регистрлерді жүргізуге қатысты біртұтас әдістеме жоқ. Американдық фирмаларда шығындардың баптары бойынша стандарт белгілеуге қатысты әр түрлі тәсілдемелер қолданылады. Әр бір фирма барынша жоғары пайда алуды қамтамасыз ететін өзінің стандарттарын белгілейді.

АҚШ-та әр түрлі стандарт түрлері пайдаланылады, олар мыныдай топтарға бөлінеді:

Есепке қабылданатын бағалардың деңгейіне сәйкес:

– мінсіз– материалдардың ең қолайлы бағалары, қызметтердің тарифтері, жалақы ставкалары мен үстеме шығыстардың сметалық ставкалары қарастырылады;

– қалыпты стандарт – экономикалық цикл бойы орташа бағалар бойынша есептеледі;

– ағымдағы – белгілі бір есепті кезеңнің де, күтілетін де, сондай-ақ осы кезеңде қолданылатын бағалардың негізінде есептеуді қарастырылады;

– базистік стандарттар – жылдың басында белгіленген және жыл бойы өзгермейтін стандарттар, әдетте олар бағалар индексін есептеу үшін қолданылады;

2.Қуатты пайдалануға сәйкес:

– теориялық – олар жақсы немесе мінсіз орындалғанда қол жеткізуге болатын. Олар кәсіпорынның мақсаты болып табылады, қуатты толық пайдалануға негізделеді, онда ақауға, бос тұрып қалуға, бүлінуге жұмсалатын уақыт шығыны көзделмейді;

– өткендегі орташа орындау стандарты – статистикалық деректер бойынша есептеледі және оған ақау мен бүлінуге жұмсалатын уақыт, яғни өткен кезеңдегі орын алған барлық кемшіліктер кіреді;

– қалыпты пайдалану стандарты – болашақтағы кезеңдегі күтілетін қиындықтың орташа деңгейі қарастырылады.

3. Өнім шығару көлеміне сәйкес:

Өнім шығару көлемі стандарт әзірлеудің тәсілдемелеріне көп әсер етеді. Өнім шығару көлеміне сәйкес стандарттар: теориялық, практикалық, қалыпты және болжамды болады.

Теориялық стандарттар кәсіпорынның теориялық қуатымен анықталады. Олар бір жолы қол жеткізімді не болмаса қол жеткізілмейтін болуы мүмкін.

Практикалық – жақсы орындалғанда қол жеткізуге болады, өнім шығарудың нақты қол жеткізімді деңгейіне негізделеді және бұл жағдайда шарасыз ысырапқа жол беріледі.

Қалыпты – цикл ішіндегі өндірістің жоғары және төмен көлемінің орташа мөлшеріне сәйкес өнім шығарудың қол жеткізілетін деңгенйінде есептеледі.

Болжамды – өнім шығарудың болжамды шығару кезінде нақты өндіріс жағдайының негізінде есептеледі.

Фирма қабылдаған стандарттар бухгалтерияда өндіріс процесі басталғанға дейін стандартты өзіндік құн карталарына талдап қорытылады. Карталар осы бұйымды, тапсырысты жасауға қатысатын өндірістік бөлімшелерде бұйым, тапсырыс бойынша жасалады. Картада материалдардың, жұмыс күші мен үстеме шығыстардың стандартты құны көрсетіледі.

Материалдардың стандартты құны екі элементтен: материалдардың саны мен олардың бағасынан тұрады. Материалдардың шығыс нормаларынан ауытқудың пайда болу себептері бойынша талданады. Ауытқу бағалардың өзгеруінің, нақты пайдаланылған материалдың саны мен сапасының белгіленген нормативке сәйкессіздігінің, материалдың құрылымының өзгеруінің ( өндірісте бастапқы материал ретінде екі және одан көп шикізат пен материалы түррінің пайдаланған жағдайда) есебінен орын алуы мүмкін.

Жұмыс күшінің стандарттарына келесі екі элемент: жұмыс күшінің сағаттағы стандарттық шығындары мен сағаттық төлемнің стандарттық тарифі кіреді.

Жалақы жөніндегі ауытқу стандартта қарастырылған жұмыс істелген уақыт пен тарифтік ставканың санының өзгеру нәтижесінде пайда болады. Тарифтердің өзгеру салдарынан жалақының ауытқуы деп нақты және стандартты тарифтердің арасындағы айырмашылықтың нақты жұмыс істелген сағаттың нақты санына көбейтіндісін білдіреді. Осындай ауытқу еңбегі жоғары төленетін жұмысшыларды төменгі тарифтік ставкалар бойынша төленетін жұмысқа ауыстырған кезде және керісінше төмен тарифтік ставкалар бойынша төленетін жұмысшыларды неғұрлым жоғары стандарттық бағалар бойынша төленетін жұмысқа ауыстырған кезде, мерзімнен тыс және басқа да қосымша жұмыстарды төлеген кезде пайда болады.

Жұмыс істелген уақыттың өзгеру есебінен жалақының ауытқуы стандартты сағаттық тарифтік ставканы жұмыс істелген және стандартты сағаттардың арасындағы айырмаға көбейту арқылы анықталады.

Өндірістік үстеме шығыстардың стандарты сметаның негізінде белгіленеді.

Өндірістік үстеме шығыстардың құрамында шығарылатын өнімнің көлеміне тәуелді өзгермелі шығыстармен қатар тұрақты шығыстар да: өндірістік негізгі қорлардың тозуы, басқарушылық қызметкерлердің жалақысы, зерттеуге, жарнамаға жұмсалатын шығыстар мен басқа да шығындар болады.

Осы шығындар шығарылатын көлімне тәуелді емес болғандықтан, олар бойынша өнім шығару жоспары орындалмағанда үстеме шығыстар бойынша стандартты шығындардан теріс ауытқу және өнімнің жоспарланған көлемімен салыстырғанда оның көлемі өскенде оң ауытқу пайда болуы мүмкін.

Үстеме шығыстар бойынша ауытқу еңбек өнімділігіне, өндірістік қуаттарды пайдаланудың тиімділігіне және осы шығыстардың сметасының сақталуына тәуелді.

Американдық фирмаларда «Стандарт-кост» жүйесінің әр түрлі нұсқалары пайдаланылады. Бір нұсқада шығындар «Өндіріс» шотының дебетінде стандартты құн бойынша жиналады, даяр өнім мен аяқталмаған өндіріс стандартты құн бойынша бағаланады. Стандартты шығындардан ауытқу «Ауытқу» шотында бөлек есептеледі.

Екінші нұсқада «Өндіріс» шотының дебетінде барлық нақты шығындар есептеледі, ал осы шоттың кредитінен даяр өнім стандарттық құн бойынша есептен шығарылады. Аяқталмаған өндіріс стандартты құн бойынша есептеледі.

Екі нұсқада «Стандарт-кост» жүйесі бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны тұрлаулы стандарттың базасында алдын-ала анықталады. Американдық фирмалар стандартты шығындардан ауытқуды өнімнің өзіндік құнына жатқызбайды, «Сатылған өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны» шотына есептен шығарады.

«Стандарт-кост» жүйесіне мынадай ерекшеліктер тән:

Біріншіден, қаражатты жұмсаудағы ауытқуды анықтау бухгалтерлік жазбалардың құжаттамасы емес арнайы шоттардағы бухгалтерлік жазбаларға негізделеді.

Екіншіден, бухгалтерлік есепте анықталған ауытқуларды барлық компаниялар емес, ағымдағы стандарттарды пайдаланатын компаниялар ғана көрсетеді. .

Үшінші ерекшелік ретінде ауқытқуларды есептеуге арналған – калькуляция баптары мен ауытқу факторлары бойынша арнайы жинақтамалы шоттарды жеке бөлуді атауға болады.

Американдық фирмаларда шығындарды басқару мақсатында ауытқуды есептеу мәселесін шешкен кезде ауытқуды есептеу үшін олардың қаншалықты маңызды екенін; өндіріс шығындарын талдау мен басқарушылық шешім қабылдаған кездегі осы ауытқулардың маңыздылығы қарастырылады.