Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)

Өнімнің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін жанама (үстеме) шығыстарды калькуляциялау объектілерінің арасында бөлудің таңдалған әдісі маңызды рөл атқарады. Отандық және шетелдік есеп саясатында өткен ғасырдың ортасына дейін өндірістік жұмысшылардың жалақысы үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде прайдаланылды.

Үстеме шығыстарды өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысына пропорционал бөлген кезде олардың көп бөлігі еңбек сыйымдылығы аз өнімнен гөрі еңбек сыйымдылығы көп өнім түрлеріне жатқызылады. Осының нәтижесінде еңбек сыйымдылығы аз өнім түрлері аз пайда түсіретін болып шықты, яғни өнімнің өзіндік құны бұрмаланды.

Сонымен бірге өндірістік процестерді автоматтандырудың өсуіне орай өнімнің өзіндік құнының құрылымындағы тікелей еңбек шығындары мен үстеме шығыстардың өсуі төмендеді.

Ұйымның өндірістік қызметімен тікелей байланысты емес шығындар: логистикаға, жабдықтарды реттету мен үйлестіруге, өнімнің сапасын бақылауға және т.б. жұмсалатын шығыстар артты.

Осының барлығы шығындарды функциялар бойынша есептеу немесе АВС әдісінің (Activity Based Costing –ABC) пайда болуына әсер етті. АВС әдісінің шығындарды есептеудің басқа әдістерінен түбегейлі айырмашылығы үстеме (жанама) шығыстарды бөлу тәртібімен байланысты.

Шығындарды АВС әдісі бойынша есептеу былайша жүзеге асырылады:

1. Жанама шығындарды пайда болуы байланысты негізгі қызмет түрлері (функциялар немесе операциялар) анықталады. Әдетте оларға материал жеткізуге тапсырыс ресімдеу; өндірістік жабдықтарды пайдалану; оны жөндеу мен реттеу жөніндегі операция; өнімнің сапасын бақылау және т.б. жатуы мүмкін.

Ұйымның үстеме шығыстары жеке бөлінген қызмет түрлерімен (функциялармен немесе операциялармен) сәйкестендіріледі.

2. Әр бір қызмет түрінің шығындарының тиісті өлшем бірліктерінде бағаланатын иесі мен олардың сандық мағыналары анықталады.

3. Әр бір қызмет түрі бойынша шығын иесі бірлігінің құны олардың үстеме шығыстарының сомасын тиісті шығын иесінің сандық мағынасына бөлу арқылы анықталады.

4. Үстеме шығыстар өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында шығын иесі бірлігінің құнын әр бір өнім (жұмыс, қызмет) түрін жасау үшін орындалған қызмет (функциялар, операциялар) түрлері бойынша олардың санына көбейту арқылы бөлінеді.

5. Әр бір өнімнің бірлігі мен түрінің өзіндік құны анықталады. Осы әдісте шығындарды есептеу объектісі жеке қызмет түрі (функциялар, операциялар), ал калькуляциялау объектісі – өнімнің (жұмыстың, қызметтің) түрі болып табылады.

Тікелей шығындары 12530 мың теңгені және үстеме шығыстары 3900 мың теңгені құрайтын 4 өнім түрін шығаратын ұйымның шартты деректері пайдаланылған №7.8-7.12-кестелерде өнімнің өзіндік құны мен калькуляциялау шығындарын АВС-әдісі бойынша есептеуді ұйымдастырудың мысалы келтірілген.

АВС – өзінің мәні бойынша өнімнің өзіндік құны мен калькуляциялау шығындарын есептеудің тапсырыстық әдісіне балама әдіс. №7.14-кестеде АВС-әдіс пен тапсырыстық әдісті пайдаланып өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялаудың нәтижелері келтірілген.

Үстеме шығыстарды бөлудің тапсырыстық әдісі оған басқа факторлардың ықпалын бір ғана көрсеткіштің (біздің мысалда негізгі жалақының) іс-әрекетін ғана ескеред, ал АВС-әдіс –те үстеме шығыстарды бөлу үшін барлық ықтимал факторлар ескеріледі. Сондықтан АВС-әдіс өнімнің өзіндік құнын неғұрлым дұрыс есептеуге және пайдалылығын анықтауға ықпал етеді.

7.8-кесте. Өнім шығарумен байланысты тікелей шығындар.

Өнім түрлері

Өнім бірлігінің саны, дана

Тікелей материалдық шығындар, теңге

Жалақы төлеуге жұмсалған тікелей шығындар, теңге

Барлық тікелей шығын,теңге

барлығы

өнім бірлігіне жұмсалған

барлығы

өнім бірлігіне жұмсалған

бүкіл өнімде

өнім бірлігінде

А

150

4500000

30000

2250000

15000

6750000

45000

Б

40

1000000

25000

450000

11250

1450000

36250

Г

120

1800000

15000

780000

6500

2580000

21500

E

100

1200000

12000

550000

5500

1750000

17500

Барлығы

410

8500000

х

4030000

х

12530000

-

7.9-кесте. Ұйымның қызмет түрлері мен оларға сәйкес келетін шығын иелері

Қызмет түрлері

Шығындар, мың теңге

Шығын иелері

Шығын иесінің мағынасы

Оның ішінде өнім түрлері бойынша

А

Б

Г

Е

Жұмыс күшін дайындау

300,0

Адам-сағат

9350

4950

1100

1980

1320

Жабдықтарды пайдалану

1680

Машина-сағат

51060

27010

6020

10780

7250

Тапсырыс ресімдеу

220

Тапсырыс саны

410

150

40

120

100

Жабдықтарды қайта реттеу

600

Реттеу саны

950

350

120

270

210

Материал жеткізу

400

Алынған топтың саны

115

35

15

40

25

Өңдейтін жабдықтардың жұмсалымы

250

Құрал-сайманның саны

520

220

50

130

120

Өнім сапасын бақылау

450

Бақылау операциясының саны

1230

510

80

405

235

Барлығы

3900

7.10-кесте. Қызмет түрлері бойынша шығын иесі бірлігінің өзіндік құнын есептеу

Қызмет түрлері

Шығындар, мың теңге

Шығын иесінің мағынасы (операция саны)

Шығын иесі бірлігінің құны (бір операцияға жмсалатын шығынның мөлшері)

Жұмыс күшін тұтыну

300

9350

32,09 теңге/адам/сағат

Жабдықтарды пайдалану

1680

51060

32,9 теңге/маш-сағат

Тапсырыс ресімдеу

220

410

536,58 теңге/тапсырыс

Жабдықтарды қайта реттеу

600

950

631,58/ қайта реттеуде

Материал жеткізу

400

115

3478,26

Өңдейтін құрал-саймандардың саны

250

520

480,77

Өнім сапасын бақылау

450

1230

365-85

7.11-кесте. Үстеме шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу

Қызмет түрлері

А

Б

Г

Е

Шығын иесінің мағынасы*

Құны, теңге

Значение шығын иесінің мағынасы*

Құны, теңге

Шығын иесінің мағынасы*

Құны, теңге

Шығын иесінің мағынасы*

Құны, теңге

Жұмыс күшін тұтыну

4950

158825

1100

35294-00

1980

63530

1320

42351-00

Жабдықтарды пайдалану

27010

888695

6020

198073

10780

354689

7250

238543

Тапсырыс ресімдеу

150

80488

40

21463

120

64390

100

53659

Жабдықтарды қайта реттеу

350

221053

120

75789

270

170526

210

132632

Материал

жеткізу

35

121739

15

52174

40

139130

25

86957

Өңдейтін құрал-сайманнның шығысы

220

105769

50

24038

130

62500

120

57693

Өнімнің сапасын бақылау

510

186585

80

29268

405

148171

235

85976

Барлық үстеме шығыстар

-

1763154

-

436099

-

1002936

-

697811

Шығарылған өнімнің саны

150

40

120

100

Өнім бірлігіне шаққандағы үстеме шығыстар

11754-36

10902-48

8357-80

6978-11

Ескерту* - 24-кестені қараңыз

4950 х 32,09 (4-кестені қараңыз) = 158845-50.

7.12-кесте. Өзіндік құнды АВС әдісі бойынша

(теңге)

Щығындар

А

Б

Г

Е

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Тікелей материалдық шығындар

4500 000

30 000

1000 000

25 000

1800 000

15000

1200000

12000

Жалақыға жұмсалатын тікелей шығындар

2250000

15000

450 000

11250

780000

6500

550000

5500

Өндірістік үстеме шығыстар

1763154

11754-36

436 099

10902-48

1002936

835-80

697811

6978-11

Барлығы

8513154

56754-36

1886 099

47152-48

3582936

29857-80

2447811

24478-11

Өнімнің АВС-әдіс бойынша есептелген өзіндік құнымен салыстыру үшін осы өнімдердің тапсырыстық әдіс бойынша өзіндік құнын анықтаймыз. Біздің мысалда шығыстар 3900 мың теңге, ал жалақыға жұмсалатын тікелей шығындар 4030 мың теңге немесе жалақыға жұмсалатын тікелей шығынның 1 теңгесіне шаққанда үстеме шығыстар 0,96774 (3900 000 : 4030 000) құрайды. Өнімнің өзіндік тапсырыстық әдіс бойынша есептеу үшін мынадай есеп құрастырамыз.

7.13-кесте. Өзіндік құнды тапсырыстық әдіс бойынша есептеу

Шығындар

Өнім түрлері

А

Б

Г

Е

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Бүкіл өнімнің

Өнім бірлігінің

Тікелей материалдық шығындар

4500 000

30 000

1000 000

25 000

1800 000

15 000

1200 000

12000

Жалақыға жұмсалатын тікелей шығындар

2250 000

15000

450 000

11250

780 000

6500

550 000

5500

Өндірістік үстеме шығыстар

2177 420

14516-13

435 480

10887-00

754 840

6290-33

532 260

5322-60

Барлығы

8927 420

59516-13

1885 480

47137

3334 840

27790-33

2282 260

22822-60

7.14-кесте. АВС және тапсырыстық әдісті пайдаланған кезде өнім бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялаудың нәтижелерін салыстыру (теңге)

Шығындар

А өнімі

Б өнімі

Г өнімі

Е өнімі

АВС –

әліс

Тапсырыстық әдіс

АВС –

әдіс

Тапсырыстық әдіс

АВС-әдіс

Тапсырыстық әдіс

АВС-әдіс

Тапсырыстық әдіс

Тікелей материалдық шығындар, теңге

30 000

30 000

25 000

25 000

15 000

15 000

12 000

12 000

Жалақыға жұмсалатын тікелей шығындар

15000

15000

11250

11250

6500

6500

5500

5500

Өндірістік үстеме шығыстар

11754-36

14516-13

10902-48

10887-00

8357-80

6290-33

6978-11

5322-60

Барлық өндірістік өзіндік құн

56754-36

59516-13

47152-48

47137-00

29857-80

27790-33

24478-11

22822-60