Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі

Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі жеке-дара, бірегей немесе арнайы тапсырыс бойынша жасалатын бұйымды жасаған кезде пайдаланылады.

Тапсырыстық есептеуді ұйымдастыру үшін ең бастысы бұйым бірегей немесе арнайы тапсырыс бойынша орындалуы немесе бұйымның шағын тобы жасалуы және өнім бірлігінің жеке өзіндік құны туралы ақпарат алынуы тиіс. Шығындарды есептеудің тапсырыстық әдісі мен калькуляциялау құрылыста, ұшақ жасауда, кеме құрылысында, полиграфияда, жиһаз өндірісінде, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жөндеу жұмыстары мен басқа да шағын сериялы және жеке өндірістерде қолданылады.

Осы әдістің мәні:

Барлық тікелей шығындар (негізгі материалдардың құны мен негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы мен оған есептелген қосымша ақылар) «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110 шот пен «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шотта жекелеген өндірістік тапсырыс бойынша белгіленген калькуляция бабына сәйкес орындалатынан қарай есептеледі. Барлық жанама өндірістік шығындар үстеме шығыстардың құрамында есептеледі және белгіленген бөлу базасына (ставкасына) сәйкес жекелеген тапсырыстардың өзіндік құнына кіреді. Осы әдісте шығынды мен калькуляциялау объектісі жекелеген өндірістік тапсырыс болып табылады.

Бұл жағдайда тапсырыс есебінің карточкасы негізгі есеп регистрі болып табылады. Осы карточкаларда нақты тапсырысты орындауға барлық бөілмшелер бойынша шығындар жиналады.

Өнімнің шығыны мен өзіндік құнды калькуляциялау шығынын есептеудің тапсырыстық әдісінің бір ерекшелігі ретінде тапсырыс аяқталғанға дейін шығындардың аяқталмаған өндірісте есептелетінін және тапсырыстың өзіндік құны тапсырысты орындау аяқталғаннан кейін ғана анықталатынын атауға болады.

Өнімнің шығыны мен өзіндік құнын калькуляциялау шығынын есептеудің тапсырыстық әдісінде тапсырыстың өзіндік құнына тек тікелей шығындар тікелей жолмен кірген жағдайда жанама шығыстарды есепті кезеңді орындалған өндірістік тапсырыстардың арасында бөлумен проблема туындайды. Тапсырыстар бойынша өндірістік жанама (үстеме) шығыстарды бөлудің жалпы қабылданған тәсілі оны бөлудің нақты коэффициентін бөлу базасы ретінде алынған шығындардың санына көбейту арқылы анықталады. Тапсырысты орындаудың нақты өзіндік құнын анықтау үшін келесі жеті қадамнан тұратын процедура орындалады:

1- қадам: Калькуляциялау объектісін анықтау.

Біздің мысалда калькуляциялау объектісіне нөмірі 25 «А» стандартты емес жабдықты жасау болып табылады.

2-қадам: Тапсырыстың тікелей шығындарының сомасын анықтау.

Осы тапсырыс бойынша компанияның негізгі материалдарға жұмсаған шығындары 520 000 теңгені құрады, өндірістік жұмысшылардың жалақысына 150 000 теңге жұмсалды.

3-қадам: Тапсырыстың жанама шығындарын бөлетін база таңдау.

Бұл үшін үстеме шығыстар мен даяр өнімнің көлемінің арасындағы байланыс анықталады. Көптеген компаниялар жұмыс істелген адам-сағаттың санын, өндірістік жұмысшыларға есептелген жалақының сомасын, машина-сағаттың санын үстеме шығыстарды шығарылған өнімнің көлемімен байланыстыратын көрсеткіш деп санайды 2009 жылы компания бөлу базасы ретінде өндірістік жұмысшылар істеген адам-сағат санын қабылдады делік. Ол жалпы компания бойынша 2009 жылы 50 мың адам-сағатты құрады.

4-қадам: Жанама шығыстардың әр бір тобы үшін бөлу базасын анықтау.

Біздің мысалда барлық үстеме шығыстарды бөлу үшін бір бөлу базасы – өндірістік жұмысшылар істегегн адам-сағат пайдаланылды. 2009 жылы жалпы өндіріс бойынша нақты үстеме шығыстар 4000 мың теңгені құрады.

5-қадам: Шығындарды бөлудің әр бір базасы үшін үстеме шығыстарды бөлу коэффициентін есептеу.

Әр бір шығындар тобы үшін үстеме шығыстардың коэффициенті жанама шығыстардың тобы (4-қадамда анықталған) жанама шығындардың тобы оларды бөлу базасының мөлшеріне (3-қадамда анықталған) бөлу арқылы анықталады. Біздің мысалда үстеме шығыстарды бөлудың нақты коэффициенті = үстеме шығыстардың нақты мөлшері: үстеме шығыстарды бөлу базасының нақты мөлшері = 4000 000 : 50 000 өндірістік жұмысшылардың жұмыс істеген уақыты = 80 теңге/сағат.

6-қадам: Тапсырысқа шаққандағы жанама шығындардың сомасын есептеу.

Есептеу бөлу базасының нақты мөлшерін (біздің мысалда бөлу базасы бірнеше болуы мүмкін, мұның өзінде олар өз шығын топтарын бөлу үшін қолданылатын болады) үстеме шығыстарды бөлу коэффициентіне (5-қадамда анықталған) көбейту арқылы анықталады. А стандартты емес жабдықты жасау үшін жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлудің жалғыз базасы болып табылатын өндірістік жұмысшылардың жұмысының 800 адам-сағат қажет. Біздің мысалда А стандартты емес жабдықты дайындауға шаққандағы жалпы өндірістік (үстеме) шығыс 56 000 теңгені (700 сағат х 80 теңге) құрады.

7-қадам Барлық тікелей және жанама шығындарды қосу арұқылы тапсырысты орындауға жұмсалған жиынтық шығындарды есептеу.

Біздің мысалда «А» стандартты емес жабдықты жасаумен байланысты барлық шығындар 726 000 теңгені құрайды.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау былайша жүзеге асырылады:

Өзіндік құнның баптары

Сомасы, теңге

Тікелей өндірістік шығындар:

Негізгі материалдар

Өндірістік жұмысшылардың жалақысы

Жиыны

Жалпы өндірістік (үстеме) шығыстар

Тапсырысқа жұмсалған жиынтық жығын

520000

150000

670000

56000

726000

Осы кестеден тапсырыстық калькуляциялау жүйесінің калькуляциялау объектісі, калькуляциялау объектілеріне жұмсалған тікелей шығындар, калькуляциялау объектілеріне жұмсалған жанама шығындар, жанама шығындарды топтастыру және бөлу базасы деп аталатын бес қағидаға негізделгені көрінеді.

Біздің мысалда жалпы тапсырыс бойынша шығындарды есептеудің оңайлатылған нұсқасы қарастырылған. Іс жүзінде өндіріс саласында көрсетілген калькуляциялау жүйесінде шығындар алдымен шығын орталықтарына, содан кейін – тапсырыстардың өзіне жатқызылады. Көбінесе жауапкершілік орталығы бөлімше, цех, бөлім болып табылады. Бөлімше ішінде шығындарды топтастыру менеджерлерге өз бөлімшесінің шығындарын бақылауға, ал компания басшылығына оның жұмысының нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді. Жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлу коэффициентін анықтаудың жоғарыда көрсетілген процедурасында есепке осы шығыстардың ай немесе тоқсан емес, жыл (5-қадам) ішіндегі нақты сомасы есепке алынатынын атап көрсету керек. Бұл кезең неғұрлым қысқа болса, шығындардың деңгейіне маусымдық ауытқулар соғұрлым көп әсер ететінімен байланысты. Мысалы, жылыту шығындары қысқы уақытта, ал жөндеу жұмыстары мен қызметкерлердің демалысын төлеу шығындары жазғы уақытта жұмсалады. Сондықтан жыл ішіндегі жалпы өндірістік (үстеме) шығыстар мен жылдық өнім шығару көлемінің сомасының арақатынасының негізінде есептелген орташа жылдық коэффициентті пайдалану жалпы өндірістік (үстеме) шығыстардың маусымдық ауытқуының тапсырыстардың өзіндік құнына жасайтын ықпалын тегістеуге мүмкіндік береді.

Жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлудің нақты коэффициентін апта сайын немесе ай сайын анықтау қиын екенін атап өту керек. Сонымен бірге жалпы өндірістік (үстеме) шығыстардың жылдық нақты сомасы жылдың соңында анықталады, ал тапсырыстар бірнеше айдың ішінде орындалуы мүмкін. Бұл жағдайда менеджерлер тапсырыстардың нақты өзіндік құнын олардың орындалу шамасына қарай есептей алмайды.

Осыған байланысты көп компаниялар жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлудің жоспарлы (бюджеттік) коэффициенттерін жиі пайдаланады және жалпы өндірістік (үстеме) шығыстар тапсырыстардың орындалу шамасына қарай бөлінеді.

Коэффициент келесі үш сатыда есептеледі.

1. Әр бір бөлімше бойынша жалпы өндірістік (үстеме) шығыстардың жылдық бюджетін жасау. Осы шығыстардың болжанатын мөлшерінің есебі әр бір бөлімше бойынша алдағы есепті кезеңге бірқатар жылдың жалпы өндірістік шығыстары мен болжанатын өндіріс көлемінің серпінінің негізінде жасалады.

2. Жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлу базасын таңдау. Бұл жағдайда база деп жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды даяр өнімнің көлемімен неғұрлым дәл байланыстыратын қайсы бір техникалық-экономикалық көрсеткіш түсініледі.

Өнеркәсіптік өндірісте жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлетін көрсеткішке жұмыс істелген адам-сағат, өндірістік жұмысшыларға есептелген жалақының сомасы, жұмыс істелген станок-сағат, машина-күн және т.б. жатуы ықтимал.

3. Жыл сайынғы жалпы өндірістік (үстеме) шығыстардың жоспарланған мөлшерін шығын бөлінетін базаның жоспарланған мөлшеріне бөліп әр бір шығынның тобына жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлудің жоспарлы (бюджетті) коэффициенттері анықталады.

Осыдан кейін жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлудің жоспарлы коэффициентін нақты бөлу базасының мөлшеріне көбейту арқылы өндірістік (үстеме) шығыстар әр бір өнім түріне жатқызылады. Осы сома материалдардың шығыны мен өндірістік жұмысшылардың есептелген жалақысына қосылады. Сөйтіп даяр өнімнің қозғалысының есебі жүзеге асырылатын өнімнің өндірістік өзіндік құнының есептік мөлшері анықталады.

Біздің шартты фирмада 2009 жылы өндірістік жұмысшылардың жоспарлы еңбек шығындары 52 000 сағатты, ал жалпы өндірістік (үстеме) шығыстары – 3900 000 теңгені құрады делік. Өндірістік жұмысшылардың сағат істеген еңбегінің өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлудің жоспарлы коэффициенті үшін 74 теңгеге (3900 000 : 52 000) тең. Осыған байланысты біздің мысалда А тапсырысына – стандартты жабдық жасауға жалпы өндірістік (үстеме) шығыстар өндірістік жұмысшылардың нақты саны мен жалпы өндірістік (үстеме) шығыстарды бөлу коэффициентінің жоспарлы коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептеледі және 525 000 теңгені (700 сағат х 5) құрайды.

Бұл жағдайда стандартты емес жабдықтың өзіндік құны былайша анықталады:

Көрсеткіштер

Сомасы(теңге)

Тікелей өндірістік материалдар

Негізгі материалдар

Өндірістік жұмысшылардың жалақысы

Тікелей өндірістік шығындардың жиыны Жалпы өндірістік (үстеме) шығыстар

Тапсырысты орындаудың жиынтық өндірістік өзіндік құны

520 000

150 000

670 000

52 500

722 500