Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап

Нормативтік ысырап өнімнің өзіндік құнына кіреді. Бұл жағдайда егер нормативтік ысырап өндірістік процестің бастапқы кезеңінде орын алса, онда ысырап аяқталмаған өндіріс пен тауарлық өнім шығарудың арасында бөлінеді. Егер ысырап өндірістік процестің соңғы сатысында орын алса және техникалық бақылауда анықталса, онда ысырап даяр өнімнің өзіндік құнына жатқызылады. Әдетте нормативтік ысырап өндірістік соңғы сатысында бақылау тексеріс кезінде орын алады деп саналады. Сондықтан нормативтік ысырап есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндіріске жатқызылмайды.

Айтылғанды 4 мысалында қарастырамыз.

Кезеңнің басында аяқталмаған өндіріс запастары жоқ бөлімше өндіріс процесіне 2000 өнім бірлігін енгізеді; 1500 бірлік өңдеуі толықтай аяқталған және 1000 ақауға жатқызылған (барлық ысырап нормативтік). Ысырап өндірістің соңғы сатысында анықталған, материалдардың құны – 300 000 теңге (барлық материалдар процестің басында енгізіледі). Өңдеудің құны 216 000 теңгені құрайды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау үшін ведомость жасайық.

7.4-кесте. Өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтау ведомосі

Өзіндік құнның элементтері

Жалпы құн, , теңге

Даяр өнім, бірлік

Нормативтік ысырап, бірлік

Жартылай фабрикаттардың баламалы бірліктері

Баламалы бірліктердің жалпы саны

Өнімнің 1 бірлігінің өзіндік құны

Материалдар

300 000

1500

100

400

2000

150

Өңдеудің құны

216 000

1500

100

200

1800

120

516 000

270

Осыдан:

  1. Аяқталмаған өндірістің құны: теңге

Материалдар (1 бірлік үшін 150 бойынша 400 бірлік) 60 000

Өңдеудің құны (1 бірлік үшін 120 бойынша 200 бірлік) 24000

Жиыны 84000

2. Даяр өнім (1 бірлік үшін 270 бойынша 1500 бірлік) 405000

3. Нормативтік (1 бірлік үшін 270 бойынша 100 бірлік) 27000

Жиыны 432000

барлығы 516.000

Нормативтік ысыраптың құны бөлінгеннен кейін нормативтік ысырап ескерілген даяр өнімнің бірлігінің өзіндік құны 288 теңгені құрады (432000:1500 бірлік).

Егер нормативтік ысырапты аяқталмаған өндіріс пен даяр өнімнің арасында бөлетін болсақ, онда есепті былайша жасауға болады.

Өзіндік құнның элементтері

Жалпы өзіндік құн, теңге

Даяр өнім, бірлік

Жартылай фабрикаттардың баламалы бірліктері

Баламалы бірліктердің жалпы саны

1 өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге

Материалдар

300,000

1500

400

1900

157,895

Өңдеудің құны

216,000

1500

200

1700

127,06

-

516 000

-

-

-

284,955

Осыдан:

1. Аяқталмаған өндірістің құны: теңге Материалдар (1 бірлік үшін 157 895 бойынша 400 бірлік) 63158 Өңдеудің құны (1 бірлік үшін 127-06 бойынша 200 бірлік) 25412

Жиыны 88570

2. Даяр өнім (1 бірлік үшін 284,955 бойынша 1500 бірлік) 427 430 Барлығы 516000

Ескерту*: Нормативтік ысырап аяқталмаған өндірісі пен даяр өнімнің арасында бөлінетіндіктен, кестеге нормативтік ысыраптың саны кірмеген.