- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
Өндіріс шығындарын толық анықтау және жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің өзіндік құнын ұйымның және өндіріс технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс анықтау үшін шығыны есептелетін объектілер мен калькуляцияланатын объектілерді дұрыс анықтау қажет.
Шығыны есептелетін объектілерге шығын пайда болатын жерлер, шығын орталықтары, жауапкершілік орталықтары жатуы мүмкін.
Шығын пайда болатын жерлер – бұл өндірістік шығыстарды бақылау мен басқару үшін ұйымның өндіріс шығындарын жоспарлау, нормалау мен есебі мен олардың қызметінің нәтижелері анықтау ұйымдастырылатын құрылымдық бөлімшелері. Өнеркәсіптік кәсіпорындарында шығындар пайда болатын жерге өндірістер, цехтар, учаскелер, бөлімдер, бригадалар, басқа бөлімшелер жатады. Шығын пайда болатын жер оларды өнім түрлеріне бөліп өзіндік құн баптары бойынша талдамалы есеп жүргізетін объект болып табылады.
Шығын орталықтары – бұл функциялары мен өндірістік операциялары, техникалық жарақтандыру, еңбекті ұйымдастыру мен шығындардың бағытының деңгейінің бірдейлігімен ерекшеленетін бастапқы өндірістік және қызмет көрсететін бірліктер. Оларға функциялары азды-көпті бірдей, механикаландыру мен автоматтандыру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейі бірдей учаскелер, бригадалар, топтар, жабдықтар жатады. Көптеген шығын орталықтарын құру жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары, өндіріс ақауы, өндірісті және жаңа өнім түрлерін дайындау мен игеру шығыстарын осы орталықтардың талдамалы шоттарына тікелей жолмен жатқызуға және осы орталықтардың шығындарын неғұрлым нақты анықтап, өнімнің өзіндік құнын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
Жауапкершілік орталығы – бұл өндіріс шығындарын шаруашылық есептегі бөлімшелер мен жоспарлы және нормативтік шығындарды бақылау, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) мөлшері мен оны төмендетуге мүдделілік үшін ұжымдық және жеке жауапкершілікті қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар бойынша топтастыру.
Егер менеджер құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) жұмысын басшылықты ұйымдастырып, оның жұмысының нәтижелері үшін жауап берсе, онда шығын пайда болатын жер жауапкершілік орнын да білдіреді.
Калькуляциялау объектісі шығын тасымалдаушысы болып табылады. Шығарылатын өнімнің технологиясы мен оның сипатына сәйкес шығын иесі – калькуляцияланау объектісіне толық немесе ішінара даяр өнімнің жеке түрлері немесе кешендері, жартылай фабрикаттар, біркелкі бұйымдар топтары, аттас бұйымдардың сериялары немесе жеке жасалатын бұйымдар (тапсырыстар), құрылыс объенктілері, құрылыстың аяқталған сатылары, жұмыс пен қызмет түрлері жатуы мүмкін.
Әр бір объект үшін калькуляциялық бірлікті таңдау қажет. Калькуляциялық бірлік ретінде негізінен табиғи (тонналар, метрлер, текше метрлер, дана және т.б.) және коэффициенттердің көмегімен есептелген шартты табиғи бірліктер (мың шартты банка консерві және т.б.) пайдаланылады. Орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі калькуляциялық бірлік болуы мүмкін.
