Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері

Бір процестен екіншіге өңдеу үшін жіберілетін аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалаудың келесі екі балама әдісі қолданылады.

Өлшенген орташа өлшенім әдісі. Осы әдіс бойынша кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірісті өндіріске толықтай тартылған және ағымдағы кезеңде ол жеке қаралуы мүмкін емес деп санауға жол беріледі.

ФИФО әдісі. Бірінші кезекте кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы өңделеді және оны өңдеу ағымдағы айдың ішщінде аяқталады деп санауға жол беріледі. Осы бағалау әдістерін 3 мысалда қарастырайық.

3 Мысал:

Компания екі процесті (Х және У) жүзеге асырады. Материалдар «Х» процесінің басында, қосымша материалдар «У» процесінің барысында, процестің 70%-ы аяқталғанда жинақталады, өңдеу құнына екі процестің ішінде бірлкелкі қосылады.

Даяр өнімнің бірліктері «Х» процесінен «У» процесіне тікелей, ал «У» процесінен даяр өнім қоймасына жіберіледі.

Өндіріс кезеңінің деректері былайша қалыптасады:

Х процесі

У процесі

Кезеңнің басындағы аяқталмаған өндіріс

800 000-нің материалы мен 520 000 өңдеу құнын қоса алғанда 3/5-і даяр 5000 бірлік

Барлығы 1320000

Өткен процестің өзіндік құнын қосқанда 4/5-і даяр даяр 4000 бірлік 1200 000 теңге, 300 000 материалға және 500 000 теңге өңдеу құны

Барлығы 2000000

Осы кезеңде жасау басталған өнім, бірлік

15000

16000

Кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс, бірлік

6000

готовых 3/4

5000

готовых 1/2

Кезеңге қосылған материалдар, теңге

1800 000

400 000

Кезең ішінде қосылған өңдеудің құны, теңге

2033 000

800 000

Кезең ішінде өңдеу аяқталған өнімнің санын анықтаймыз.

Әр бір процеске арналған есептеулерді келтіреміз: 7.3-кесте.

Процесс Х

Процесс У

Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс, бірлік

5000

4000

Өндірісі кезең ішінде басталған өнім

15000

16000

Кезең ішінде өндіріске енгізілетін ресурстардың жалпы көлемі

20000

20000

Минус кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс

6000

5000

Барлық даяр өнім шығару

14000

15000

«Х» процесі үшін өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі былайша жүзеге асырылады.

«Х» процесі өлшенген орташа құн әдісі:

Өзіндік құнның элементтері

Енгізілетін жэартылай фабрикаттардың өзіндік құны , теңге

Ағымдағы кезеңнің шығындары, теңге

Жалпы өзіндік құн, теңге

Даяр өнім, бірлік

Жартылай фабрикаттардың балама бірліктері

Баламалы бірліктердің жалпы саны

Өзіндік құн, , бірлік./теңге

Материалдар

800000

1800000

2600000

14000

6000

20000

130,00

Өңдеудің құны

520000

2033000

2553000

14000

4500

(600:4х3)

18500

138,00

Жиыны

1320000

3833000

5153000

268,00

Осыдан:

Кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс: теңге

Материалдар, теңге (бірлік үшін 130 теңге 6000 бірлік) 780000

Өңдеудің құны (бірлік үшін 138 теңге 4500 бірлік) 621000

«У» процесіне жіберілетін толықтай

өңделген өнім

(бірлік үшін 268 теңге 14000 бірлік) 3752000

Жиыны 5153000

Есептен ең бірінші кезекте кезеңнің басында даяр болуға дейін жасалуы аяқталған аяқталмаған өндіріс есептелетіні көрінеді, ал есепті кезең соңындағы аяқталмаған өндіріске есепті кезеңде өңделе бастаған өнім кіреді.

Енді өлшенген орташа өлшенім әдісін пайдаланып «У» процесі үшін өнім бірлігінің өзіндік құнын есептейміз.

«У» процесі – өлшенген орташа өлшенім әдісі:

Өзіндік құнның элементтері

Енгізілетін жэартылай фабрикаттардың өзіндік құны , теңге,

Ағымдағы кезеңнің шығындары, теңге

Жалпы өзіндік құн, теңге

Даяр өнім, бірлік

Жартылай фабрикаттардың балама бірліктері

Баламалы бірліктердің жалпы саны

Өзіндік құн, , бірлік./теңге

Өткен процестің өзіндік құны

1200000

3752000

(процесса «Х»)

4952000

15000

5000

20000

247,6

Материалдар

300000

400000

700000

15000

-

15000

46,67

Өңдеудің құны

500000

800000

1300000

15000

2500

17500

74,28

Жиыны

2000000

4952000

6952000

368,55

Осыдан:

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құны: теңге

Өткен процестің өзіндік құны

(247,6 бойынша 5000 бірлік ) 1238000

Материалдар, теңге жоқ

Өңдеу құны (бірлік үшін 74,28 теңге бойынша 2500 бірлік) 185714

Даяр өнім (15000 по 368,55) 5528286

Жиыны 6952000

Бұрын атап көрсетілгендей, материалдар процесс 70% пайызға аяқталғанда қосылады. Біздің мысалда есепті кезеңнің соңында аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі 50%-ды ғана құрады (5000 бірліктің 2500 бірлігі). Сондықтан есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің құнына қосымша материалдардың ешқандай құны қосылмайды және баламалы шығару «0»-ге тең болады. Осы мысалда «Х» өнімінің өзіндік құны У« процесінің ағымдағы өзіндік құнына жатқызылған және «Өткен процестің өзіндік құны» жолы бойынша көрсетілген.

ФИФО әдісі. Осы әдіс бойынша бірінші кезекте ағымдағы кезеңде кезеңнің басындағы аяқталмаған өндіріс өңделуі тиіс (5000 бірлік) (3/5-і даяр 5000 бірлік немесе өңдеу жөніндегі шығындарды есептеуге арналған 3000 баламалы бірлік). Сондықтан кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құны даяр өнімге жатқызылады. Кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс запастары жасалуы есепті кезеңде басталған жаңа өнімнің өндірісі кезінде пайда болады деп саналады.

«Х» және «У» процестері бойынша өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде ФИФО әдісін пайдаланудың тәртібін қарастырайық.

«Х» процесі – ФИФО әдісі.

Өзіндік құнның элементтері

Кезеңнің шығындары, теңге

Даяр өнім (бірлік/минус кезең басындағы жартылай фабрикаттардың баламалы бірліктері

Кезең соңындағы жартылай фабрикаттардың баламалы бірлігі

Аығмдағы кезеңдегі баламалы бірліктердің жалпы саны

Өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге

Материалдар

1800 000

9000

(14000-5000)

6000

15000

120

Өңдеу құны

2033 000

11000

(14000-3000)

4500

15500

131-16

Жиыны

3 833 00

251-16

Осыдан:

Даяр өнімнің өзіндік құны: теңге Кезеңнің басындағы жартылай фабрикаттар 1320 000 Материалдар (1 бірлік үшін 120 теңгеден 9000 бірлік ) 1080 000 Өңдеудің құны (1 бірлік үшін 131-16 теңгеден 11000 бірлік ) 1442780

Келесі «У» процесіне жіберілетін

барлық даяр өнімнің өзіндік құны 3842780

Кезең соңындағы аяқталмаған өндіріс:

Материалдар ( 1 бірлік үшін 120 теңгеден 6000 бірлік ) 720 000 Өңдеу құны (1 бірлік үшін 131-16 т. 4500 бірлік) 590220 1310220 Барлығы 5153,000

Осы есептен өнім бірлігінің орташа өзіндік құны кезең ішінде жасалған бірліктің баламалы санына бөлінген ағымдағы кезеңнің шығындарынан анықталатыны көрінеді. Бұл санға өткен кезеңде кірген кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің баламалы бірліктері кіреді. Сондықтан кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құны өнім бірлігінің өзіндік құнының есебіне крімейді, ол даяр өнімнің өзіндік құнына тікелей қосылады.

Кезең соңындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құны аяқталмаған өндірістің баламалы бірліктерінің санын ағымдағы кезеңдегі өнім бірлігінің орташа өзіндік құнының мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

«У» процесі ФИФО әдісі.

Өзіндік құнның элементтері

Кезеңнің шығындары, теңге

Даяр өнім (бірлік/минус кезең басындағы жартылай фабрикаттардың баламалы бірліктері

Кезең соңындағы жартылай фабрикаттардың баламалы бірлігі

Аығмдағы кезеңдегі баламалы бірліктердің жалпы саны

Өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге

«Х» өткен процесінің өзіндік құны

3842780

(15000-4000) = 11000

5000

16000

240-17

Материалдар

400 000

(15000-4000) = 11000

-

11000

36-36

Өңдеудің құны

800 000

(15000-3200) = 11800

2500

14300

55-944

Жиыны

5042780

-

-

-

332.474

Осыдан:

Даяр өнімнің құны: теңге

Кезеңнің басындағы жартылай фабрикаттар

(12000 000+300 000+500 000) 2000 000 Өткен қайта бөлістің құны (1 бірлік үшін 240-17 бойынша 11000 бірлік ) 2641920 Өңдеудің құны ( 55-тен 11800 бірлік =1 бірлік үшін 9430) 660 190 Материалдар (1 бірлік үшін 36-36 бойынша 11000 бірлік) 399960

Жиыны 5702070

Кезең соңындағы аяқталмаған өндірістің

өзіндік құны: Өткен кезеңдегі құн 1 бірлік үшін 240-17 5000 бірлік) 1200.850 Материалдар жоқ Өңдеудің құны

(1 бірлік үшін 55-9440 бойынша 2500 бірлік) 139860

Жиыны 1340710

Барлығы (5042780+2000 000) 7042786

Осы есепте кезеңнің басындағы аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі– 80 % (4/5), өндірістің 70 %--ы аяқталған кезде материалдар қосылады. Сондықтан материалдардың құны кезең соңындағы аяқталмаған өндіріске жатпайды, даяр өнімнің құнына қосылады.

Өткен процестің құны (3842780) деп Х процестің У процесіне көшірілген даяр өнімінің өзіндік құны аталады. ФИФО әдісімен анықталған өнімнің өзіндік құны мен өлшенген орташа өлшенім әдісімен анықталған өзіндік құнның арасындағы айырмашылық запастардың мөлшері мен енгізілетін ресурстардың бағасы айдан-айға сирек өзгеретін жағдайда шамалы ғана болады. Іс жүзінде орташа өлшенім әдісі көп қолданылады.