- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі бірдей өнім процесс деп аталатын өндіріс сатылары арқылы белгілі ретпен өтетін өнім сериямен шығарылатын кейбір өнеркәсіп салаларында, мысалы, химия, цемент, мұнай өңдеу, лак-бояу, радио-техника, металлургия, тау-кен өнеркәсібінде қолданылады.
Осы әдісті бүкіл өндіріс процесі тұрақты қайталанатын операцияларға бөліп, әр түрлі бұйымдар жасайтын басқа салалардың кәсіпорындарында да пайдалануға болады.
Осы шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі пайдаланылатын өндірісте өнімнің өндірістік процесі аяқталғанға дейін өнім бір процестен (бөлімшеден) екіншіге өтеді.
Әр бір өндірістік бөлімше жалпы өндіріс процесінің қайсы бір бөлігін жүзеге асырады және осы операциядан кейін өңдеу үшін келесі бөлімшеге жібереді. Өндірістік процесс аяқталғаннан кейін соңғы бөлімшеде өнім даяр өнім қоймасына жіберіледі.
Тікелей және үстеме шығыстардың есебі әр бір бөлімше (процесс) бойынша жүргізіледі және бір бөлімшеден екінші бөлімшеге жіберілетін өніммен бірге бағытталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі шығын,ды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісінің жартылай фабрикаттық нұсқасына ұқсайды. Алайда процестік әдісте жекелеген өнім бірліктерінің өзіндік құны анықталмайды.
Бір процестен екіншіге (бір бөлімшеден екіншіге) көшкенде өзіндік құнның артуы 7.1-суретте көрсетілген.
А процесс Б процесс
Материалдар - 25000 А процестен Б процеске жіберілді
Еңбек шығындары- 22000 60000 60000 В процесс -90000
Үстеме шығыстар
13000 материалдар - 2000
еңбек шығындары -18000
60000 теңге үстеме шығыстар -
10000
90000 теңге
В процесс Даяр өнім
Б процестен қоймаға жіберілді В процестен жіберілген даяр өнім
90000 - с процесс В
материалдар – 3000 128000
еңбек шығындары – 20000
үстеме шығыстар –
15000
128000
7.1-сурет. Шығынлдарды есептеудің процестік әдісінде өзіндік құнның өзгеруі
Ескерту*: мұнда іс жүзінде орын алуы мүмкін процестер бойынша (бөлімшелер бойынша) есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары көрсетілмеген.
Өндіріс процесінде шарасыз ысырап болады, оалр әдетте нормаланады (жоспарланады), сол себептен нормативтік ысырап деп аталады және осы нормалардан тыс ысырап болады, ал нормативтік ысырап өнімнің өзіндік құнына кіреді. Нормативтіктен тыс ысырап кінәлілерден өндірілуі мүмкін, ал кінәлілер болмаған жағдайда, ысырап кезеңнің шығыстары ретінде пайда мен залалдың шотына есептен шығарылады.
1-мысал: Өндірісте құны 408000 теңге 5000 литр сүт пайдаланылды. Өңдеу кезінде нормативтік шығындар 4 % көлемінде қарастырылған, өнімнің күтілетін шығуы 4800 литрді құрауға тиіс, ал нақты шыққан сүттің көлемі 4700 литрді құрады.
Сүттің күтілетін шығуының бір литрінің өзіндік құны мына орфмула бойынша мынаны құрауға тиіс:
Өндірістің өзіндік құны / Күтілетін шығу =
408000 теңге / 4800 литр = 85теңге
Осы процесс өндіріс шотында мына тәртіппен көрсетіледі:
|
Шығындар: |
Өнімнің шығуы мен ысырап |
||||||
|
Литр саны |
Баға, теңге |
Сома, теңге |
|
Саны |
Баға, теңге |
Сома, теңге |
|
Сүтке жұмсалатын шығын |
5000 |
81-60 |
408000 |
Нормативтік ысырап Нормативтіктен тыс шығыстар Өнімнің шығуы |
200
100
4700 |
-
85
85 |
-
8500
399500 |
|
408000 |
408000 |
|||||||
Сөйтіп, өнімнің өзіндік құнына нормативтіктен тыс ысырап кірмейді. Нормативтіктен тыс ысырап пен ақау есепті кезеңнің соңында пайда мен залалдың шотына жатқызылады.
Ақаулы өнім әдетте өнімнің өзіндік құнынан төмен бағамен сатылады, сондықтан нормативтік ақаудың (ысыраптың) сату бағасына өндіріс шоты кредиттеледі, кассаның шоты, сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді берешегі дебеттеледі. Нормативтіктен тыс ысырап пен ақаулы өнімнің саты бағасына ысырап пен ақаулы өнімнің нақты өзіндік құны азаяды, олардың нақты өзіндік құны мен сату құнының арасындағы айырма пайда мен залалдың шотына жатқызылады.
