Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары

Іс жүзінде ең алдымен негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары (бөлімшелері) арасында бөлінетін үстеме шығыстар анықталады. Осыдан кейін негізгі өндіріс пен бөгде тарапқа көрсетілетін қызметтерге жататын жұмыстар мен қызметтер мен қосалқы өндірістердің қызметтерінің өзіндік құны анықталады. Тек осыдан кейін өнімнің өзіндік құны анықталады, ал соңғы сатыда ұйымның есептлігі жсалады. Көп жағдайларда үстеме шығыстардың жалпы сомасын анықтау мен оларды негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары (қатысушылары) арасында бөлу жеткізушілер мен кредиторлардың көрсетілген ұқызметтердің (коммуналдық, көлік және т.б.) шоттарын уақытылы табыс етпеу себебінен кешіктіріледі.

Бұл өз кезегінде кәсіпорынның есепілігін жасауды кешіктіреді. Сондықтан үстеме шығындарды бөлудің жыл ішіндегі барлық үстеме шығыстар мен өндірістік қызметтің жылдық көлемінің арақатынасына негізделетін орташа жылдық нормативтік ставкалары пайдаланылады.

Бұл жағдайда үстеме шығындар өндіріс шығындарына нақты өндіріс көлеміне белгіленген нормалар бойынша жатқызылады. Нормативтік және нақты үстеме шығыстардың арасындағы айырма (оларды өтеудің жетіспеуі немесе артығы) есепті жылдың пайдасына (залалына жатқызылады.

Мысалы. Өндірістік жұмысшылардың 1 сағат жұмысының үстеме шығыстарының нормативтік ставкасы 50 теңгені құрайды, ал нақты үстеме шығыстар 550 000 теңгені құрады делік. Нақты өндіріс көлеміне негізгі өндірістік жұмысшылар 10 000 сағат жұмсады. Бұл жағдайда өндіріс шығынына жатқызылуға тиіс үстеме шығыстар норма бойынша 500 000 теңгені (50 х10 000) құрайды және 50000 (550 000-500 000) теңге сомасындағы үстеме шығыстар ағымдағы кезеңнің пайда (залал) шотына жатқызылады. Егер бұл жағдайда нақты үстеме шығыстар 480 000 теңгені құрайды деп ұйғарсақ, онда өндіріс шығынына жатқызылған үстеме шығыстардың 20000 (500 000 – 480 000) сомасындағы артығы да есептік кезеңнің пайдасына (залалына) жатқызылуы тиіс.

Қаржы есебінде өндірістік емес үстеме шығыстар кезеңнің шығыстары ретінде қарастырылады, сондықтан өнімге жатқызылмайды. Алайда жұмыстарды тапсырыс бойынша орындағанда және мердігерлік құрылыста жұмыстардың құнына әкімшілік шығыстар жұмыстардың өзіндік құнына кірмесе де, оларды өтеу үшін белгілі бір пайданың пайызы кіргізіледі.

Бақылау сұрақтар:

1. Өндіріске жұмсалған қай негізгі материалдардың құны «Материалдар» бабы бойынша көрсетіледі?

2. Негізгі өнім өндірісіне жұмсалған қосалқы материалдың құны қай шотта көрсетіледі?

3. Материалдарды бағалаудың қолданылатын әдістері мен олардың сипаттамасы.

4. «Дәл мерзімінде» деп саталатын сатып алу жүйесінің мәні.

5. Кепілді жалақы деген не, жұмысшылардың кепілді және нақты кесімді жалақысының арасындағы айырма қай шотқа жатқызылады?

6. Мерзімнен тыс уақыт пен түнгі уақыттағы жұмыс қай шотта көрсетіледі?

7. Ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен зейнетақы қорына аударылатын жарналары қай шотта көрсетіледі?

8. Сараланған жалақы төлеу жүйесінің мәнін сипаттаңыз.

9. Жұмысшыларға сыйлықақы есептеу әдістері.

10. Жұмыс күшінің тұрақтамауы деген не, ол қалай анықталады?

11. Еңбек өнімділігі деген не, оның маңызы қандай, еңбек өнімділігі коэффициенті қалай анықталады?

12. Үстеме шығыстар, оның түрлері мен құрамы.

13. Өндірістік емес үстеме шығыстар, оны сипаттамасы. Олар қайта есепке шығарылады?

14. Үстеме шығыстарды бөлу әдістері.

15. «Үстеме шығыстардың біртұтас ставкасы» деген не?

16. Жекелеген шығын орталықтары үшін үстеме шығыстарды бөлу ставкаларын есептеу процедурасы.

17. Үстеме шығыстарды бөлудың нормативтік ставкасының мәні қандай?

18. Нормативтік және нақты үстеме шығыстардың арасындағы айырма қайда жатады?