- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
Шет елдердің кейбір компанияларында өндірістік үстеме шығыстар шығын орталықтары бойынша бөлінбейді. Оның орнына бүкіл кәсіпорын үшін үстеме шығыстарды бірыңғай бөлу ставкасы енгізіледі. Осы ставка бойынша үстеме шығыстар бүкіл өнімге оның қай цехта (бөлімшеде) өндіргеніне қарамастан бөлінеді. Өндірістік үстеме шығыстарды бірыңғай бөлу ставкасын барлық бөлімшелерде өндірілетін өнімдер шығын орталықтарының үстеме шығындарын шамамен тең пропорцияда, яғни әр бір өнімге әр бір бөлімшеде шамамен бірдей уақыт жұмсалатын жағдайда қолданған орынды.
Егер кәсіпорын өнімнің кең ассортиментін өндірген және әр бір өнімге ұйымның әр бір бөлімшесінде әр түрлі сағат жұмсалса, онда шығын орталықтары үшін үстеме шығыстарды бөлудің жекелеген ставкаларын белгілеу ұсынылады. Егер бөлімшеде әр түрлі сағат саны жұмсалатын бірнеше өнім түрі шығарылса, онда әр бір өнім түріне үстеме шығыстарды бөлудің жеке ставкасын белгілеген орынды.
Жекелеген шығын орталықтары үшін үстеме шығындарын бөлу ставкасын есептеу процедурасы.
Екі сатылы бөлу процедерасы былайша қалыптасады:
Бірінші саты:
1. Барлық жалпы зауыттың үстеме шығындарын өндіріс пен қызмет көрсетудің шығын орталықтары бойынша бөлу;
2. Қызмет көрсету шығын орталықтарының үстеме шығыстарын өндіріс шығындары орталықтарына қайта бөлу.
Екінші саты:
1. Әр бір орталық үшін үстеме шығыстарды бөлудің тиісті ставкаларын есептеу;
2. Шығын орталықтарының үстеме шығыстарын өнімге жатқызу.
Есекрту:
Біз өндірістік үстеме шығыстарды екі сатылы бөлу процедурасын негізгі және қосалқы өндірістердің өндірістік бөлімшелерінің үстеме шығыстары бірге есептелген жағдайда қолдану қажет деп санаймыз. Біздің практикада негізгі өндіріс цехтарының үстеме шығыстары қосалқы өндірістердің үстеме шығыстарынан жеке есептеледі. Сондықтан өндірістік үстеме шығыстарды негізгі өндіріс цехтарының арасында және қосалқы цехтардың бөлімшелердің арасында жеке бөлудің нұсқалары ықтимал.
Жалпы зауыттың өндірістік үстеме шығыстарын өндіріс шығындары мен қызмет көрсету орталықтары бойынша бөлудің бірінші сатысында кейбір үстеме шығыстары, мысалы, басқару қызметкерлерінің, қосалқы жұмысшылардың жалақысы шығын орталықтарына тікелей жатқызылған. Алайда жекелеген баптар бойынша шығындарды, мысалы, жалгерлік төлемді, жарыққа, жылытуға, еңбекті қорғауға жұмсалатын шығындарды нақты бөлімшеге әр кезде жатқызу мүмкін емес. Сондықтан үстеме шығыстардың әр бір бабын бөлу, мысалы, жалгерлік төлемді, жылыту, жарық шығыстарын, үй-жайды ұстау шығыстарын бөлу базасы ретінде; еңбекті қорғау шығындарын бөлу үшін – бөлімшелердің санын бөлу үшін жеке базаны пайдаланған дұрыс.
Жалпы ұйым бойынша өндірістік үстеме шығыстардың сомасын өндірістік бөлімшелер мен қосалқы өндірістердің арасында бөлгеннен кейін қосалқы өндірістердің шығындарының жалпы сомасы есептеледі.
Қосалқы өндірістер, негізінен, негізгі өндірістің бөлімшелеріне (цехтарына, қызметтеріне), кейде бөгде тарапқа қызмет көрсетеді, сол себептен қызмет түрлері бойынша өзіндік құнды, негізгі өндірістің бөлімшелері арасында бөлінуге тиіс шығындарды олардың арасында бөлу керек. Бөлу базасы әр түрлі өндірістік бөлімшелерде қызмет көрсететін қызметкерлер жұмыс істеген уақыт, орындалған жұмыстардың көлемі (саны) болуы мүмкін.
Шетел әдебиетінде қызмет көрсететін (қосалқы) бөлімшенің үстеме шығыстары негізгі өндірістің шығын орталықтарына қайта бөлінеді деп көрсетілгенімен, іс жүзінде қосалқы өндірістердің қызметінің құны өндірістік бөлімшелердің арасында бөлінетінін атап өту керек. Бұрын қосалқы өндірістерге жатқызылған үстеме шығыстар олардың қызметтерінің өзіндік құнының құрамына кіреді. Жалпы ұйым бойынша өндірістік үстеме шығыстарды алдымен негізгі және қосалқы өндірістің бөлімшелерінің арасында бөлу, содан кейін қосалқы өндірістерге жатқызылған үстеме шығыстардың сомасын өндірістік бөлімшелердің арасында толықтай тағы бір рет қайта бөлу қисынсыз болып табылады.
Әр бір өндірістік бөлімшенің үстеме шығыстарын осы бөлімшелер арқылы өтетін өнімдерге екі сатылы бөлу процедурасының екінші сатысы.
Бұрын көрсетілгендей, бөлу базасы мыналар болып табылады:
өндірістік жабдықтардың (станоктардың) жұмыс уақыты;
негізгі өндірістік жұмысшылар нақты істеген сағаттар;
өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы;
негізгі материалдардың шығысы;
тікелей негізгі шығындар.
