- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
Үстеме шығыстар өндірістік және өндірістік емес шығыстарға бөлінеді. Өндірістік үстеме шығыстарға К. Друри көрсеткендей «… оған қосалқы жұмысшылардың еңбегінің шығыны, қосалқы материалдардың шығыны мен жанама шығыстар кіреді. Басқаша айтқанда үстеме шығыстарға өнімге жұмсалатын тікелей шығынға, өндірістік процеске, сауда алаңына, сатып алушылар тобына тікелей жатқызыла алмайтын шығыстар жатады» 1
К.Друри Введение в управленческий аспект и производственный учет. – М.: Юнити, 1998. – С.25.
Бұрын атап көрсетілгендей, өндірістік үстеме шығыстарға қосалқы материалдармен қоса жасалатын өнімнің өзіндік құнында шамалы өзіндік салмақ алатын негізгі материалдардың кейбір түрлері (желім, жасырын шеге, болт, шеге және т.б.), көлік және сатып алынған материалдық запастарды тасымалдаумен байланысты басқа да шығындар, жұмысшылардың кепілді және нақты жалақысының арасындағы айырма, егер төлем қызметкерлердің еңбегінің сағаттық жалақысына кірмейтін болса, онда жұмысшылардың демалысының төлемі, егер мерзімнен тыс және түнге жұмыстар тапсырысшының өтініші бойынша жұмыстарды орындаумен байланысты болмаған жағдайда осы жұмыс үшін төленетін қосымша ақы, ішкі себептер бойынша бос тұрып қалудан болатын ысырап, қызметкерлерді жалға алумен байланысты шығыстар (мемлекеттік сақтандыру қорына төленетін жарна, зейнетақы қорына аударымдар) жатады.
Өндірістік үстеме шығыстарға сондай-ақ цех қызметкерлерінің аударымдары бар жалақысы, өндірістік жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды ұстау жөніндегі шығыстар жатады.
Өндірістік емес үстеме шығыстарға ХҚЕС 16 (IAS) 2 «Запастар» бабына сәйкес мыналар жатады:
– шикізаттың, жұмсалған еңбектің немесе өзге өндірістік шығындардың нормативтіктен тыс ысырабы;
– егер сақтау шығындары өндіріс процесінде келесі өндіріс сатысына көшу үшін қажет болмаса, онда сақтау шығындары;
– әкімшілік үстеме шығыстар;
– сату шығындары.
Осы шығыстар өнімнің өзіндік құнына кірмейді және пайда болған кезеңнің шығысы ретінде танылады және есепті кезеңнің соңында «Жиынтық пайда» шотының дебетіне есептен шығарылады.
Сонымен қатар осы стандарттың 15-бабында запастардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттер үшін өнім әзірлеу, яғни өнім немесе жұмыс тұтынушының тапсырысы бойынша орындау жөніндегі шығындарды кіргізуге жол беріледі.
6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
ХҚЕС (IAS) 2 12 және 13 баптарына сәйкес өнімнің өзіндік құнына тұрақты және өзгермелі үстеме шығыстар кіреді. Тұрақты өндірістік үстеме шығыстарға өндіріс көлеміне қарамастан біршама өзгеріссіз қалатын жанама өндірістік шығындар, мысалы, өндірістік ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы мен оларға қызмет көрсету, сондай-ақ өндіріспен байланысты басқарушылық және әкімшілік шығындары жатады.
Өзгермелі өндірістік үстеме шығыстар деп өндіріс көлемінен тікелей немесе іс жүзінде тәуелді дердік жанама өндірістік шығындар (шикізатқа жұмсалатын жанама шығындар немесе жалақы төлеуге жұмсалатын жанама шығындар) саналады.
Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар жоспарлы техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты жабдықтың жұмыс уақытының ысырабы ескерілген қалыпты жағдайда бірнеше кезеңнің немесе маусымның ішінде қол жеткізу жоспарланып отырған қалыпты орта өнімділіктің, негізгі құралдардың өндірістік қуатының негізінде бөлінеді.
Нақты өндіріс уақытын, егер ол жалпы қалыпты өндірістік қуатқа сәйкес келген жағдайда пайдалануға болады. Бұл жағдайда үстеме шығыстардың артуы, егер ол төмен өнімділікте немесе қуат бос тұрған уақытта орын алған жағдайда, өндіріске жатқызылуы мүмкін. Бұл жағдайда бөлінбеген үстеме шығыстар ағымдағы кезеңнің шығыстарына есепке шығарылады.
Үстеме шығыстарды бөлу әдістері. Үстеме шығыстарды де тікелей, қадамдық және ыңғайласпа қызметтерді желілік теңдеулер жүйесінің көмегімен бөлу әдісі деп аталатын үш тәсілмен бөлуге болады.
Тікелей әдісте қосалқы өндірістердің бір бөлімшесінің екінші бөлімшесіне көрсететін ыңғайласпа қызметтері есепке алынбайды. Барлық шығындар негізгі цехтардың шығындарына есепке шығарылады.
Қадамдық әдіс қосалқы өндірістердің ыңғайласпа қызметтерін бөлу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда бөлу циклдары әдетте тұтынудан гөрі қызметті көп көрсететін цехтан басталады. Содан кейін келесі қосалқы цех және бірте-бірте, қадам-қадаммен бөлуді жалғастырып, ең аз қызметін санын көрсеткен бөлімшемен аяқтайды. Осыдан соң қосалқы өндірістердің қызметтері негізгі өндірістің цехтарының арасында бөлінеді. Тікелей және қадамдық әдіске қарағанда сызықтық теңдеулердің көмегімен ыңғайласпа қызметтерді бөлу әдісі неғұрлым дәл әдіс болып табылады.
Шет елдердің көп компаниялары үстеме шығыстарды екі сатылы процедураны пайдаланып өнімге жатқызады. Бірінші сатыда үстеме шығыстар шығындар орталықтары бойынша бөлінеді, екінші сатыда шығындар орталығында жинақталған шығындар өнімге бөлінеді. Екі сатылы шығын бөлу процедурасы үстеме шығыстар бөлімшелер емес, жалпы ұйым бойынша былайша есептелгенде жүзеге асырылады:
– үстеме шығыстар өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелердің арасында бөлінеді;
– қызмет көрсететін бөлімшелердің үстеме шығыстары өндірістік бөлімшелерге қайта бөлінеді;
– үстеме шығыстарды бөлудің тиісті цехтық ставкалары есептеліп, олар кейін әр бір бөлімше арқылы өтетін жасау шығыстарын анықтаған кезде пайдаланылады.
Көбінесе өндірістік үстеме шығыстарды өнім түрлері арасында бөлу базасы (негізі) өндірістік жұмысшылар мен жабдықтар жұмыс істеген уақыт немесе негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекке жұмысқа жұмсаған шығындары болып табылады.
Әр бір өндірістік шығын орталығының өндірістік үстеме шығыстарының ставкасы орталыққа бөлінген үстеме шығыстардың жалпы сомасын бөлу базасының жалпы көлеміне бөлу арқылы есептеледі. Кейде үстеме шығыстардың ставкасы ауыртпалық ставкасы, яғни үстеме шығыстардың жалақы жөніндегі шығындарға қатынасымен анықталады.
Үстеме шығыстар әр бір орталықтың үстеме шығыстарының ставкаларын бөлу базасының екінші сатысында алынған әр бір өнім тұтынғын үстеме шығыстарға көбейту арқылы өнімге бөлінеді.
Мысалы, есепті кезең ішінде өндіріс орталығының (цехының) үстеме шығыстары 200 000 теңгені, өндірістік жұмысшылар нақты жұмыс істеген уақыт 10 000 сағатты құрады, бұл жағдайда үстеме шығыстарды бөлу ставкасы 20 теңгені (200 000:10 000) құрайды. Цех А, Б және В деп аталатын үш түрлі өнім шығарды делік, өндірістік жұмысшылар нақты жұмыс істеген уақыт: А өніміне – 2500 с., Б өніміне – 3500 с. Және В өніміне – 4500 с. құрайды. Бұл жағдайда А өніміне жатқызылуға тиіс үстеме шығыстар – 50 000 (2500х20), Б өніміне – 70 000 (3500х20) және В өніміне– 80 000 (4000х20) теңелді.
Бөлу базасы ретінде өндірістік жабдықтардың жұмысының уақыты мен негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегіне жұмсалған шығындар пайдаланған кезде үстеме шығындар өнім түрлері бойынша осы тәртіппен бөлінеді.
Қосымша жұмысшылардың еңбегі мен басқа да жанама бөлінген шығыстар негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек шығындарымен тығыз байланысты болғандықтан, негізгі өндірістік жұмысшыларлдың еңбегінің жұмысын үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде өндірістік жабдықтармен (станоктармен) жарақтандырылмаған өндірістік бөлімлерде пайдаланған орынды.
Жоғары механикаландырылған өндірісте үстеме шығыстардың айтарлықтай бөлігі машиналарды қолданумен неғұрлым тығыз байланысты болады. Сондықтан мұндай бөлімшелерде үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде өндірістік жабдықтардың (станоктардың) жұмыс уақытының нормаларын қолданған орынды.
Үстеме шығыстарды бөлу үшін сондай-ақ мына тәсілдер пайдаланылады:
– негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының пайызын есептеу;
–негізгі материалдардың шығысының пайызын есептеу;
– тікелей негізгі шығындардың пайызын есептеу.
Мысалы, бөлімшенің келесі есепті жылға арналған нормативтік үстеме шығыстары 240 000 теңгені құрайды. Негізгі өндірістік жұмысшылардың есептік жалақысы 200 000 теңге; өнім бірлігінің есептік өндірімі 5 000 теңге.
Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының пайызы бойынша үстеме шығыстарының нормасы мына формула бойынша анықталады:
(Цехтың үстеме шығыстарының есептік мөлшері / негізгі өндірістік жұмысшылардың есептік жалақысы) х 100 %;
Біздің мысалдың деректері бойынша мынаны аламыз:
негізгі
өндірістік жұмысшылардың жалақысынан.
Егер негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының «А» өніміне шығысы 50 000 теңгені құрайтын болса, онда осы өнімге 40 000 теңге (80% х 50000) келеді. Негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысының пайызын есептеу әдісі бөлімшелер шектерінде бірыңғай жалақы ставкалары қолданылатын бөлімшелердің шегінде пайдаланылады.
Үстеме шығыстарды негізгі материалдың пайызында мына формула бойынша бөлу ставкасы:
(Цехтың есептік үстеме шығыстары / Негізгі материалдардың есепті шығыстары) х 100 %.
Біздің мысалда (240000/200)х100) = 120 % негізгі материал алынады.
Егер бөлімшеде «А» өнімінің өндірісіне 40 000-ның негізгі материалы жұмсалса, онда «А» өніміне жатқызылуға тиіс үстеме шығыстар 48 000 теңгені құрайды (40000*120%/100).
Үстеме шығыстарды тікелей шығыннан пайызда бөлу ставкасы мына формула бойынша есептеледі:
(Цехтың есепті үстеме шығыстары / Есептік тікелей шығыстар) х 100 %;
Біздің
мысалда үстеме шығыстарды тікелей
шығыстардан пайызда бөлу ставкасы:
-ды
құрайды;
Егер бөлімшеде тек өнім түрі шығарылса, онда өндірістік үстеме шығыстар осы өнімнің өзіндік құнына толықтай кіреді. Осы әдіс «Өнім шығару бірлігін анықтау әдісі» деп аталады.
