Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу

Ұйым қызметкерлеріне жалақы есептеу үшін ақпарат көзі ретінде тиісінше ресімделген табельдер, тапсырыс карточкалары, бос тұрған уақыттың табельдері, жеке есептік карточкалар және т.б. жатады. Өндірістік жұмысшылардың енегізгі жалақысы тиісті өнім түрінің өзіндік құнына «Жалақы төлеуге жұмсалатын тікелей шығындар» бабы бойынша кіреді.

Өндірістік емес қызметкерлердің орта басшы қызметкерлер мен әр түрлі жұмыс атқаратын жұмысшылар сияқты кейбір санаттары бойынша олардың әр бір қызмет түрі мен өнім (жұмыс, қызмет) түріне жұмсалған жұмыс уақытын әр кезде есептеу мүмкін емес. Осы санаттар бойынша жұмыс күшінің шығыны олардың жеке карточкаларының деректері бойынша белгіленуі және үстеме, әкімшілік немесе өнім сату мен қызмет көрсету шығыстары бойынша тиесілігіне сәйкес белгіленуге тиіс.

Әр бір кезеңнің кесімді жалақысы келісілген кесімді ставканы өндірілген сапалы өнім бірлігінің санына көбейту арқылы есептеледі.

Әдеттте жұмысшымен оның ең аз апталық жалақысы алдын-ала келісіледі. Егер жұмысшының өндірімі оған байланысты емес себептер бойынша апталық минумумнан аз болса, онда оған нақты кесімді жалақы мен кепілді ең аз мерзімді жалақының арасындағы айырма қосымша төленеді. Мысалы, жұмысшыға кепілді ең аз апталық жалақы 40 000 теңге мөлшерінде белгіленді делік. Апта ішінде оның өндірімі 300 бірлік бұйымды немесе бірлік үшін 120 теңге есептік ставкаға (бағаға) шаққанда 36 000 теңгены құрады. Бұл жағдайда 36 000 теңге тікелей жалақы негізгі өндіріс шығынына жатқызылады. Кепілді және нақты кесімді жалақының арасындағы айырма 4000 ()040 000 – 36 000Р теңге өндірістік үстеме шығыстардың есебіне жатады және өнім түрлері арасында жанама тәсілмен бөлінеді.

Демалысты төлеу. Қызметкер демалыс төлемі ретінде алатын сома тапсырысқа олардың сағаттық ставкасын арттыру арқылы есептелуі мүмкін, сол себептен бұл әдетте тікелей ретінде қарастырылатын жалақы шығындары. Мәселен, егер қызметкерге әдетте сағатына 800 немесе 40 сағаттық апта үшін 32 000 теңге төленіп және оған 5 апталық демалыс тиесілі болса, онда қызметкердің демалысының төлемі 160 000 теңгені (32 000 х 5) құрайды. Қызметкер қалған 48 апта жұмыс істеді, сол уақытта оның жұмыс уақыты 1880 сағатты (47 х 40 часов) құрайды делік. 160 000 теңгені 1880 сағатқа бөліп қызметкердің сағаттық ставкасына қосылатын бір сағат үшін 85,1 теңгені аламыз. Сөйтіп, оған демалыстың төлемінің өтеміне кепілдік беріледі.

Осы тәсілдеменің артықшылығына демалыстың төлемі жұмыс күшіне жұмсалатын тікелей шығын ретінде қарастырылатыны жатады.

Түнгі ауысымдағы жұмыс мерзімнен тыс жұмыстар әдетте өндіріс кестесіні тығыздығымен байланысты болады және нақты өнім (жұмыс, қызмет) түрімен байланысты бола бермейді. Әдеттегі 8 сағаттық жұмыс күні ішінде орындалған тапсырыстармен салыстырғанда мерзімнен тыс және түнгі уақытта орындалған тапсырыстар үшін төленетін қосымша төлем олардың өзіндік құнын қымбаттады. Сондықтан түнгі уақыттағы мерзіміне тыс жұмыс үшін төленетін қосымша ақы әдетте үстеме шығыстарға жатады. Алайда, егер мерзімніен тыс немесе түнгі уақыттағы жұмыстар тапсырысшының өтініші бойынша орындалған жағдайда, онда осы қосымша ақы тікелей тиісті тапсырысқа жатқызылуға тиіс.

Жұмысшыларға олардың кінәсінсіз бос тұрып қалған уақыт үшін төленетін төлем жанама шығыстарға жатады және егер бос тұрып қалу ішкі өндірістік себептер бойынша орын алған жағдайда үстеме шығыстардың құрамында есептеледі. Сыртқы себептер бойынша бос тұрып қалу әкімшілік шығыстарға жатады.

Жұмыс беруші жалақы мен әр түрлі қосымша ақылардан басқа қызметкерлерді жалға алумен байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақы қорына жарна төлеу сияқты бірқатар басқа шығыс жұмыс жұмсайды. Өндірістік қызметкерлерді жалға алумен байланысты шығындар өндірістік үстеме шығыстарға жатады.

Жалақы төлеу нысандары мен жүйелері. Жалақы төлеудің мерзімді және кесімді нысандары мен еңбекке сыйлықақы төлеу жүйелері қолданылады.

Мерзімді жалақыда қызметкерлердің еңбегіне ақы нақты жұмыс істеген уақыт үшін, шығарылған өнім көлеміне қарамастан, белгіленген сағаттық, күнсайынғы немесе апта сайынғы жалақы нормасының негізінде төленеді. Мерзімді төлем табельдік есеп карточкасының деректері бойынша төленеді.

Кесімді жалақыда қызметкерге әр бір өндірілген өнім бірлігі үшін жалақы белгіленген баға бойынша, жұмсалған уақытқа қарамастан төленеді.

Сондай-ақ сараланған кесімді жалақы қолданылады. Бұл жүйеде бастапқы өнім бірлігі үшін төмен бағалар, ал кейінгі бірліктер үшін – неғұрлым жоғары бағалар қолданылады.

Сыйлықақы жүйесінде нормативтік жұмыс уақыты белгіленген мерзімді бағалар бойынша төленеді, ал үнемделген уақыт қосымша төленеді.

Мысалы: белгілі бір жұмысқа норма бойынша 30 сағат бөлінеді, ал іс жүзінде осы жұмысты орындауға 25 сағатқа жұмсалды. Сыйлықақы үстеме ақы жүйесі қолданылады, осы жүйеге сәйкес жұмысшылар үнемделген уақыт үшін сағаттық ставканың 40 % көлемінде сыйлықақы алады. Жалақының сағаттық ставкасы 8 долларды құрайды. Қызметкер 25 сағат жұмыс істеп 200 мерзімді төлем (25х8), плюс 20 көлемінде сыйлықақы (50% үнемделген уақыт үшін 8 сағат уақыт үшін сағатына 8 доллар) алады.

Іс жүзінде сыйлықақы есептеудің екі әдісі: Хелси әдісі мен Рауон әдісі деп аталатын екі әдіс қолданылады.

а) Хелси әдісі. Қызметкер әр бір үнемделген сағат үшін мына формула бойынша белгіленген сағаттық бағаның 50%-ын алады:

Сыйлықақы = (Жол берілетін (нормативтік) уақыт – нақты жұмсалған уақыт) х сағаттың бағасы 2.

Біздің мысалда сыйлықақы = (30-25) 2 х 8 = 20 долл.

б) Рауон әдісі. Сыйлықақының көлемі жұмсалған уақыттың жол берілетін уақытқа қатынасымен мына формула бойынша есептеледі:

Сыйлықақы = (Жұмсалған уақыт Жол берілетін уақыт)х( Үнемделген уақыт х Сағаттық бағалар).

Біздің мысалда сыйлықақы = (25 30)х(5 х 8) = 33,33 долл.

Жұмыс күшінің тұрақтамауы және пайдаланудың тиімділігі. Жұмыс күшінің тұрақтамауы кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастырудың өндірістік процестің қалыпты барысын бұзатын теріс көрсеткіш болып табылады. Жұмыс күшінің тұрақтамауының абсолюттік мөлшері кәсіпорын әкімшілігінің рұқсаты бойынша кеткен және еңбек тәртібін бұзуға байланысты жұмыстан босатылғандарды қосу арқылы анықталады.

Жұмыс күшінің тұрақтамау коэффициенті есептің кезеңнің тұрақтамауының абсолюттік мөлшерін сол кезеңдегі жұмысшылардың орташа тізімдік санына бөлу арқылы мына формула бойынша есептеледі:

Жұмыстан босатылғандардың саны Жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

Жұмыс күшін пайдаланудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш еңбек өнімділігі болып табылады.

Жалақы төлеу, әсіресе сыйлықақы есептегенде еңбек өнімділігі нақты өнімділікті алдын-ала анықталған мөлшермен (немесе бюджетпен) «Стандартты сағаттарды» пайдалана отырып салыстыру арқылы анықталады.

«Стандартты сағаттар» – бұл тәжірибелі қызметкер бір сағат ішінде өндіруге тиіс өнім бірлігінің саны.

Еңбек өнімділігінің коэффициенті былайша есептеледі:

Өндірілген өнімнің стандарты сағатта көрсетілген нақты саны/ Нақты жұмсалған сағаттар.