Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар

Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына мыналар кіреді:

– өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға сәйкес өнім (жұмыс, қызмет) өндірумен тікелей байланысты шығыстар;

– жаңа өнім түрлері мен жаңа технологиялық процестерді дайындау мен игеру шығыстары. Оларға үлгі ретінде пайдаланылатын жаңа бұйымды жобалау мен конструкциялауға, сондай-ақ жасаудың технологиялық процесін әзірлеуге жұмсалатын шығын жатады. Осы шығыстардың құрамына бұйымның конструкциясын ішінара өзгертумен, жекелеген бөлшектер мен тораптарды жаңғыртумен және технологиялық процесті ішінара қайта қараумен байланысты шығындар кірмейді.

Жаңа өнім түрлерін игерумен байланысты шығындар болашақтағы кезеңдердің шығысына жатады және өнімнің сериясы немесе ол жаппай шығарыла бастаған сәттен бастап белгіленген мерзім бойы бөліктер бойынша оның өзіндік құнына кіреді.

Өндірісті игеру кезеңі ұзақ емес және өндірістік шығыстары біршама көп емес, өнім өндірісі көп номенклатуралы (мысалы, құралдар, шарикті подшипниктер, радиобөлшектер және т.б.) ұйымдар осы шығыстарды өнімнің өзіндік құнына үстеме шығыстардың құрамына кіргізе алады:

– табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығыстар: жер өңдеу шығыны, ағаштың төлемі, ұйымдар су шаруашылығы жүйелерінен алатын судың төлемі;

– өндіру салаларындағы дайындық жұмыстарының шығындары: кен орындарын барлауға дейінгі жұмыстар, ашық тау-кен жұмыстары аймағындағы аумақтарды тазарту, уақытша кіретін жолдар мен өндірілетін шикізатты әкетуге арналған жолдарды жайғастыру және жұмыстапрдың басқа түрлері;

– жаңа өндірістерді, цехтарды (іске қосу жұмыстары) игеруге жұмсалатын шығындар;

– технология мен өндірісті ұйымдастырумен, өнімнің сапасын жақсартумен, өндірістік процесс барысында жүзеге асырылатын оның сенімділігін, ұзақ пайдалануды және басқа да қасиеттерін арттырумен байланысты шығындар;

– өнертабыспен және өндіріске жаңалық енгізумен байланысты шығындар;

– өндірістік процеске қызмет көрсетумен байланысты шығындар: өендірісті шикізатпен, материалдармен, отынмен, энергиямен, құралдармен және басқа да еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз ету; негізгі өндірістік қорларды жұмыс істейтін қалыпта ұстау: санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;

– өндірістік цехтарда қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету жөніндегі шығындар;

– табиғат қорғау жөніндегі қорларды ұстамен және оларды пайдаланумен байланысты ағымдағы шығындар, экологиялық қауіпті қалдықтарды көму жөніндегі шығыстар және ағымдағы табиғат қорғау шығындарының түрлері;

– қызметкерлерді ұйым орналасқан жерден жұмыс орнына және кері және вахта кентінде тұратын жерден жұмыс орнына және кері жеткізуді қоса алғанда, жұмысты вахта әдісімен жүзеге асырумен байланысты шығындар;

– өндірісте жұмыс істемеген уақыт үшін еңбек туралы заңнамада қарастырылған төлем; демалысты төлеу. Пайдаланылмаған демалыстың өтемақысы және басқа қосымша төлем түрлері;

– өндірістік жұмысшылар мен цех қызметкерлерінің жалақысына әлеуметтік және басқа да қорларға аударылатын аударым;

–жұмысшыларды және өндіріс мүлкін сақтандыру шығындары;

  • ақаудан болатын ысырап;

  • кепілді қызмет көрсету мерзімі белгіленген бұйымдарды кепілді

жөндеу мен оларға кепілді қызмет көрсету;

  • өндіріс ішіндегі есептер бойынша бос тұрған уақыттан болатын

ысырап;

– іссапар және өндірістік қызметпен байланысты басқа да шығыстар.

Өндірістік өзіндік құнға әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар мен сыйлықақы жөніндегі шығыстар кірмейді. Осы шығыстар өздері жұмсалған есепті кезеңнің шығысы ретінде танылады және айдың соңында «Жиынтық пайда (жиынтық залал)» шотының дебетіне жазылады.