Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

6.1. Материалдық шығындардың есебі

Материалдар негізгі және қосалқыға бөлінеді.

Негізгі материал деп өнім жасалатын немесе өнімнің материалдық (зат) негізін құрайтын еңбек заттары саналады.

Қосалқы деп шикізат пен негізгі материалға ықпал ету, өнімге білгілі бір тұтынушылық қасиет беру немесе өндіріс процесіне қызмет көрсету үшін пайдаланылатын материал дар аталады..

Басқарушылық есепте өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың құны тиісті өндіріс шотының дебеті бойынша өнім түрлері мен шығын орталықтары бойынша «Тікелей материалық шығындар» бабы бойынша есептеледі. Өндіріске жұмсалған қосалқы материалдардың құны «Өндірістік үстеме шығыстардың» құрамында есептеледі және есепті кезеңнің соңында жекелеген өнім түрлері арасында арнайы әдістермен бөлінеді. Басқарушылық есепте негізгі материалдарға әдетте жасалатын өнімнің негізіне кіргенімен, алайда оның өзіндік құнында өзіндік салмағы мардымсыз шамалы материалдардың шығындары (желім, бүркеншек шеге, болттар) жатпайтынын атап өту керек. Олардың есебіне жұмсалатын еңбек шығыны өнімнің өзіндік құнын дәл калькуляциялау үшін қосымша шығынды қажет ететіндіктен өзін-өзі ақтамайды. Мұндай материалдар қосалқы деп, ал олар бойынша шығыстар өндірістік үстеме шығыстардың құрамында есептеледі. Материалдар өндіріске қоймадан материал босату талабының негізінде босатылады.

Материалдарды бағалау әдістері. ХҚЕС (IAS) 2 «Запастардың өзіндік құнына» оларды сатып алуға, қайта өңдеуге жұмсалатын барлық шығындар мен запастарды олардың ағымдағы жай-күйі мен олар қазір орналасқан жерге жеткізуге жұмсалатын барлық шығындар кіруге тиіс. Бұл жағдайда сатып алу шығындарына сатып алынған құнмен қатар тасымалдау шығыстары мен объектіні сатып алумен тікелей байланысты басқа да шығыстар кіруге тиіс.

Алайда іс жүзінде көлік шығыстары көбінесе әр түрлі өлшем бірліктерінде (данада, салмақта, литрде, текше метрде, метрде және т.б.) есептелетін бірнеше материал түрімен байланысты болады. Бұл жағдайларда көлік шығыстарын әр трүрлі өлем бірліктерінде есептелетін жекелеген материал түрлері арасында әр кезде мүмкін бола бермейді және көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан көптеген ғалымдар оңайлату үшін материалдарды тасымалдау шығыстарын жалпы өндірістік үстеме шығыстарын жатқызуды ұсынады.

Өндіріске жұмсалатын материалдардың өзіндік құны алғашқы түсу әдісімен – алғашқы түсу (ФИФО) немесе өлшенген орташа құн әдісімен анықталады.

Өзара алмастырылатын жекелеген материалдар түрлерінің өзіндік құны жеке шығындарды арнайы сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарында запастарды бағалау әдісін пайдалану қолайлы болу үшін запастарды нормативтік әдіс бойынша бағалауға жол беріледі. Нормативтік шығындар – бұл есепті кезеңнің басында жоспарланатын, болашақта материалдарды тиімді сатып алуда олардың сатып алу қанша тұруға тиіс екенін көрсететін мақсатты шығындар. ХҚЕС-та нормативтік шығындар оларды есепті кезеңнің нақты шығындарына жеткілікті жақындасуын қамтамасыз ету үшін ұдайы тексерілуге тиіс екені көрсетіледі. Нақты өзіндік құн мен нормативтік бағаның арасындағы айырма ауытқудың жеке шотында жинақталады.

Запастарды нормативтік шығындар бойынша бағалау әдісі әсіресе шығындардың есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудің нормативтік әдісі қолданылған жағдайда ерекше қажет. ХҚЕС-та сондай-ақ еер запастардың өзіндік құны өтелмейтін болса, онда запастардың өзіндік құнын ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығаруға жол беріледі. Запастар толық немесе ішінара ескірген жағдайда немесе оның сату бағасы басқа себептер бойынша төмендеген жағдайда, олардың өзіндік құны өтелмейтін болуы мүмкін. Бұл жағдайда ХҚЕС-та шикізат пен материалдар кіретін даяр өнім өзіндік құны немесе одан жоғары бағамен сатылатын болған жағдайда, олар өзіндік құнынан төмен есептен шығарыла алмайтыны қарастырылады.

Жеклеген экономистер өтеу бағасын шешім қабылдау үшін босатылатын запастардың бағасын анықтаудың ең қолайлы әдіс деп санайды. Осы әдісті қолданудың қиындығы жеткізушімен әр кезде байланыс жасап, одан босатылатын материалдың әр бір түрі бойынша өтеу құны жөнінде ақпарат алу мүмкін еместігімен байланысты.

Сонымен бірге НИФО әдісі де қолданылады. НИФО әдісі өтеу әдісіне ұқсайды.Осы әдіс бойынша да босатылатын материалдардың құнын жаңа түсімнің құнымен теңестіру үшін түзету енгізу керек. Осы әдістің артықшылығына ол бойынша запастар мен өндірістік шығындардың нақты бағалауға болатыны жатады. Ал әдістің кемшілігі ретінде әр бір материал босату үшін кейінгі тапсырыстың бағасын анықтау үшін көп еңбек жұмсалады және босату мен жаңа түсімнің құнын теңестіру үшін үнемі түзету енгізу қажет болады.

«Дәл мерзімінде» жүйесі. Қазіргі уақытта компаниялар жеткізушілермен неғұрлым тығыз байланыс орнату арқылы запастардың деңгейін төмендетуге және неғұрлым ірі топтармен жиі жеткізілім ұйымдастыруға тырысады. Сондықтан материалдармен жабдықтаудың дәстүрлі әдістерімен қатар «дәл мерзімінде» сатып алу жүйесі де қолданылады. «Дәл мерзімінде» сатып алу жүйесі (Iust-intime) Жапонияда ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында «Тойота» компаниясында бастау алды. Жапондық компаниялар әлемдік нарықта осы сатып алу жүйесін қолдануы олардың табысқа жетуінің бір факторына айналды. Аталмыш жүйеде өнімді ірі топтармен өндіруден бас тартылады. Бұның орнына үздіксіз-ағынды зат өндірісі құрылады және өндірістік цехтар мен учаскелерді жабдықтау белгіленген мерзімдерде шағын топтармен, запастар ең аз санға қысқартылған және өндірістің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті санда ғана жүзеге асырылады. Осы жүйеде өнімді оған сұраныс болған жағдайда және сатып алушыға қажет санда ғана шығару деген қағида қолданылады. Осы жүйе бойынша әр бір операцияда келесі операцияға қажет нәрсе жасалады немесе орындалады. Бұл жағдайда өндірістік процесс өндіріске кірісу қажет екені туралы сигнал алынғаннан кейін ғана басталады. Бөлшектер, тораптар мен материалдар өндірістік процесте олар пайдаланылатын мезетке ғана жеткізіледі.

«Дәл мерзімінде» жүйесінің басты мақсаты артық шығын жұмсамау және ұйымның өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану болып табылады.

«Дәл мерзімінде» сатып алу жүйесінде материалдар жеткізушіден түскенде «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредитінен өндірістің тиісті шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Сондықтан қойма запастарын бақылау үшін жеке материалдар шотын пайдалану қажет болмайды.

«Дәл мерзімінде» жүйесін қолданудың мынадай артықшылықтары бар:

–осы жүйеде запастарды дереу пайдалану үшін олардың ең аз санының болуы талап етіледі, сол себептен запастар деңгейі азаяды;

–осы жүйе қолданылатын жағдайларда өнім өндірісі сатып алушылардың тапсырыстары бойынша шағын топтармен жүзеге асырылады, сондықтан материал сатып алу мен сақтауға аз уақыт жұмсалады;

– тапсырыс жасалған өнімнің саны шамалы болған жағдайда, оның сапасына көп көңіл бөлінеді;

– материалдар мен даяр өнім запастарын сақтау үшін қойма үй-жайларын ұастауға шығын аз жұмсалады;

– қойма шаруашылығы қызметкерлерін ұстау мен материалдарды қоймадан өндірістік цехтар мен учаскелерге дейін апарумен байланысты шығындар болмайды;

– қажет емес және өтімсіз запастардың пайда болу тәуекелі төмендейді;

– құжаттаманың көлемі азаяды;

–есеп жұмысының көлемі қысқарады.