Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.

Жоғарыда қарастырылған шығындардың жіктемесі оларды бақылау жөніндегі барлық мәселелерді шешпейді. Әдетте, өнім жасау процесінде әр ұйымның түрлі бөлімшелерінде (цехтарында, учаскелерінде) әр бірі үшін жеке адам жауап беретін жүйелі өңдеуден өтеді. Өнімнің өзіндік құны туралы ақпарат болған жағдайда осы шығындардың өндірістік учаскелердің (жауапкершілік орталықтары) арасында қалай бөлінетінін дәл анықтау мүмкін емес. Осы проблеманы шығындарды есебін жауапкершілік орталықтары бойынша ұйымдастырып шешуге болады. Жауапкершілік орталығына оның жұмысы үшін менеджер жауап беретін кәсіпорын сегменті (учаске) деген анықтама беруге болады.

Жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелетін шығындар реттелетін және реттелмейтін, бақыланатын және бақыланбайтын, тиімді және тиімсіз ретінде жіктеледі.

Реттелетін – мөлшері менеджердің тарапынан оларды реттеу дәрежесіне байланысты шығындар. Ұйымның барлық шығындары реттелуге тиіс, алайда барлық шығындарды басқарудың төменгі деңгейінде реттеу мүмкін емес. Мысалы, ұйымның жоғарғы басшылығы кәсіпорыннның барлық құралдарына иелік жасауға, қызметкерлердің санын, өндірістің құрылымын өзгертуге құқылы, ал басқарудың төменгі деңгейінің басшысы бұған құқықсыз. Осы жауапкершілік орталығының менеджері ықпал жасай алмайтын шығындар осы менеджердің тарапынан реттелмейтін шығындар деп аталады. Шығындарды реттелетін және реттелмейтін шығындарға бөлу сметалар мен жауапкершілік орталықтарының оны орындау туралы есептерде қарастырылады. Бұл әр бір менеджердің бөлімшенің (сегменттің) шығындарды бақылауға қатысты жұмысын бағалауға мүкміндік береді.

Тиімді – нәтижесінде өнім (жұмыс, қызмет), тауар сатудан кіріс алатын шығындар.

Тиімсіз – нәтижесінде өнім өндірілмейтін, демек кіріс алынбайтын өнімсіз сипаттағы шығыстар. Оларға ақаудан, бос тұрып қалудан болатын ысырап, айыппұлдар, өсімдер, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі жатады.

Шығындарды бақылау жүйесінің пәрменділігін қамтамасыз ету үшін олар бақыланатын және бақыланбайтын шығындарға бөлінеді.

Бақыланатын шығындарға ұйымның лпуазымды тұлғалары тарапынан бақыланатын шығындар. Бақыланатын шығындар өзінің құрамы бойынша реттелетін шығындардан ерекшеленеді, өйткені бақылау мақсатты түрде жүзеге асырылады және олар қандай да болмасын жекелеген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бақыланатын шығынның мысалы ретінде бүкіл ұйым бойынша электр энергиясының пайдалануын бақылады келтіруге болады. Бақыланбайтын шығындар – бұл ұйымның қызметімен байланысты емес, мысалы, үкімет шешімімен негізгі құралдарды қайта бағалау салдарынан амортизациялық аударым сомасының артуына әкеп соқтырған шығыстар, отын-энергетикалық ресурстары бағаларының, теміржол қызметтері тарифтерінің өзгеруі және т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. «Шығасылар», «шығындар», «шығыстар» деген не? Олар бір-бірінен немен ерекшеленеді?

2. Басқарушылық есепте шығындар қалай жіктеледі?

3.Тікелей және негізгі шығындардың, жанама және үстеме шығындардың арасында қандай айырмашылық бар?

4. Запастардың өзіндік құны мен алынған пайданы анықтау үшін ұйымның шығындары қалай жіктеледі?

5. Шешім қабылдау мен жоспарлау үшін шығындар қалай жіктеледі?

6. Бақылау мен реттеу үшін шығындар қалай жіктеледі?

7. Кіріс және мерзімі өткен шығындар деген не?

8. Өндірістік және кезеңді шығындар деген не?

9. Қай шығындар өнімнің өзіндік құнына кіреді?

10. Тұрақты, шартты-өзгермелі және шартты-тұрақты шығындар деген не?

11. Бір элементті және кешенді шығындарға сипаттама беріңіз.

12. Шешім қабылдаған кезде есепке алынатын шығындарға қандай шығындар және қандай шығындар есепке алынбайтын шығындарға жатады?

13. Қандай шығындар қайтарылмайтын шығындарға жатады?

14. Жүктелген шығындар деген не және олар қашан пайда болады?

15 Шекті және өсімді шығындар деген не? Олардың қандай айырмашылығы бар?

16. Шығын орталықтары тарапынан реттелетін және реттелмейтін шығындарға қандай шығындар жатады?

17. Қандай шығындар жауапкершілік орталықтары тарапынан бақыланатын және қандай шығындар олардың тарапынан бақыланбайтын шығындарға жатады?

18. Тиімді және тиімсіз шығындар деген не?

Тестілер:

1. Атап өтілген шығындардың қайсысы реттелмейтін (бақыланбайтын) шығынға жатады?

а) технологиялық мұқтажға жұмсалатын электр энергиясы;

ә) негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы;

б) мерзімнен тыс жұмыстардың төлемі;

в) негізгі материалдар;

г) жалгерлік және коммуналдық төлемдер.

2. Атап өтілген шығындардың қайсысы реттелетін (бақыланатын) шығындарға жатады?

а) жалгерлік төлем;

ә) коммуналдық қызметтер;

б) жарық пен жылыту төлемі;

в) негізгі материалдар;

г) жалпы шаруашылық шығындары.

3. Басқарушылық шешім қабылдаған кезде жүктелген шығындар қашан есептеледі?

а) ресурс артық болғанда;

ә) ресурстармен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарамастан;

б) ресурстар шектелген жағдайда;

в) ресурс болмаған жағдайда;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

4. Жүктелген шығын деген не?

а) құжатпен ресімделмеген шығыстар;

ә) әдетте ақша шығындарын білдірмейтін;

б) әдетте бухгалтерлік есепке кірмейтін шығасылар;

в) құжатпен расталатын шығыстар;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

5. Қандай шығыстар кезеңді шығыстарға жатады?

а) өндірістік шығасылар;

ә) коммерциялық және коммерциялық емес шығыстар;

б) үстеме шығыстар;

в) цех шығыстары мен сату жөніндегі шығыстар.

6. Басқарушылық есепте тікелей материалдық шығындар қандай шығыстарға жатады?

а) тұрақты;

ә) өзгермелі;

б) шартты-тұрақты;

в) үстеме;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

7. Ұйымның іскерлік белсенділігі артқан кезде үлестік тұрақты шығыстар қалай өзгереді?

а) өзгеріссіз қалады;

ә) артады;

б) іскерлік белсенділікке тәуелді емес;

в) бірте-бірте азаяды;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

8. Бір балама нұсқаны таңдау жөнінде шешім қабылдау үшін қандай ақпарат қажет?

а) сараланған шығасылар мен кірістер;

ә) әр бір нұсқа бойынша жиынтық кірістер мен шығыстар;

б) бақыланатын және бақыланбайтын шығындар;

в) екінші және үшінші жауап дұрыс;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

9. Өндірістік жұмысшылардың жалақысы қандай шығыстарға жатады?

а) тұрақты;

ә) өзгермелі;

б) үстеме;

в) шартты-тұрақты;

г) бірде-бір жауап дұрыс емес.

6-тарау. Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Бұрын атап өтілгендей өндірістік шығындар өнім (жұмыс, қызмет) түрлері, пайда болған жерлер мен жауапкершілік орталықтары бойынша тікелей материалдық шығындар; тікелей еңбек шығындары; өндірістік үстеме шығыстар деп аталатын баптар бойынша есептеледі.