Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

5.2. Шығындарды жіктеу

Әр түрлі өнім (жұмыс, қызмет) түрлерінің өтелімділігін, қабылданған шешімдердің тиімділігін, қабылданған шешімдердің шығындар мен пайданың мөлшеріне жасайтын ықпалын анықтау үшін шығындарды жіктеу маңызды рөл атқарады.

Экономикасы дамыған елдер шығындарды есебін жүргізудің мақсаты мен бағытына сәйкес өндірістік шығындарды жіктеудің әр түрлі нұсқаларын қолданады. Шығындардың есебінің бағыты деп өндірістік шығындардың жеке, мақсатты есебін жүргізу қажет қызмет саласы аталады. Ішкі ақпаратты тұтынушылар осы проблема бойынша оларға қажетті ақпаратты қамтамасыз ететін есеп жүргізудің бағытын белгілейді.

Басқарушылық есепте шығындар негізінен үш бағыт бойынша, яғни запастардың құнын анықтау, басқарушылық шешім қабылдау мен жоспарлау үшін, бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін топтастырылады. Өндірістік шығындардың әр бір бағытының өзінің жіктемесі бар (5.1-кесте).

5.1. Шығындарды басқару мақсатттары бойынша жіктеу

Есеп жүргізудің бағыты

Шығындарды жіктеу

1

2

Өнім запастарының құнын анықтауға жұмсалатын шығындар

Кіріс және өткен:

тікелей және жанама

негізгі және үстеме

Өнімнің өзіндік құнына кіретін:

– (өндірістік) және есепті кезеңнің шығындары (кезеңді);

– бір элементті және кешенді;

ағымдағы және бір жолғы.

Шешім қабылдау мен жоспарлауға жұмсалатын шығындар

– Тұрақты (шартты-тұрақты).

– Өзгермелі (шартты-өзгермелі).

– Бағалау кезінде есепке алынатын және алынбайтын.

– Қайтарылмайтын шығындар.

– Жүктелген (уыстан шығарылған пайда).

–Шекті және өсімді.

– Жоспарланған және жоспарланбаған.

Бақылау мен реттеу жүзеге асырылатын шығындар

– Реттелетін.

– Реттелмейтін.

Мәселен, өнім запасының құнын анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

  • кіріс және мерзімі өтіп кеткен;

  • тікелей және жанама;

  • негізгі және үстеме;

  • өнімнің өзіндік құнына кіретін (өндірістік) және өндірістік емес (кезеңді немесе кезең шығындары);

  • бір элементті және кешенді;

  • ағымдағы және бір жолғы.

Шешім қабылдау мен жоспарлау үшін шығындар былайша бөлінеді:

  • тұрақты, өзгермелі, шартты-тұрақты, шартты-өзгермелі шығындар;

  • шешім қабылдағанда есепке алынатын және алынбайтын шығындар;

  • қайтарылмайтын шығындар;

  • жүктелген шығындар;

  • шекті және өсімді шығындар;

  • жоспарланған және жоспарланбаған.

Басқарушылық есепте бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін шығындар реттелетін және реттелмейтін шығындарға бөлінеді.

5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу

Бұрын атап өтілгендей запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды: кіріс және мерзімі өтіп кеткен; тікелей және жанама; негізгі және үстеме; өнімнің өзіндік құнына кіретін және есепті кезеңнің шығындары; бір элементті және кешенді; ағымдағы және біржолғы шығындарға жіктеу қолданылады.

Кіріс шығындар – бұл болашақта кіріс әкеледі деп күтілетін сатып алынған және қолда бар ресурстар, мысалы, цехтар мен цех қоймаларындағы материалдардың шығындары, аяқталмаған өндірістегі шығындар, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары мен даяр өнімнің запастары. Мұндай шығындар кіретін болып саналады және баланста өндірістік запастардың құрамындағы активтер ретінде көрсетіледі.

Мерзімі өтіп кеткен шығындарға қазіргі уақытта кіріс әкелген және болашақта кіріс әкелу қабілетін жоғалтқан жұмсалған ресурстар жатады. Мысалы, сатылған өнімнің өзіндік құнына кірген материалдарға жұмсалған шығын мерзімі өтіп кеткен болып саналады. Демек, мерзімі өтіп кеткен шығындар «шығыстар» деген ұғыммен барабар. Мерзімі өткен және кіріс шығындардың арасындағы айырмашылық 5.1-суретте көрсетілген.

Баланстың активінде келесі есепті кезеңдердің шығыс разрядына өтетін өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, даяр өнім, тауарлар ретінде көрсетіледі

К іріс


Ш ығындар


Мерзімі өткен

Есепті кезеңде сатылған өнімнің өндіріс шығындарының құрамында көрсетіледі


Тікелей және жанама шығындар. Шығыстар жекелеген өнім түрінің өзіндік құнына жатқызу тәсіліне сәйкес тікелей және жанама шығыстарға бөлінеді.

Тікелей деп нақты өнім түрлерінің өндірісімен байланысты және олардың өзіндік құнына тікелей кіруі мүмкін шығыстар аталады. Осы шығыстар өндірістік есептің тиісті шоттарының («Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110, «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шоттың) дебеті бойынша есептеледі.

Тікелей шығындарға, әдетте, негізгі материалдар мен өндірістік жұмысшылардың жалақысы жатады.

Негізгі және үстеме шығыстар. Шығасылар өзінің тағайындалуы бойынша негізгі және үстеме шығыстарға бөлінеді.

Негізгі шығындарға өнім жасаумен байланысты және оның өндірістік өзіндік құнын құрайтын барлық шығыстар (шикізаттың, материалдардың, сатып алынатын жартылай фабрикаттардың құны, негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы мен оған қосымша есептелетін ақша және т.б.) жатады.

Үстеме шығыстарға өндірісті ұйымдастырумен, оған қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығыстар жатады. Басқарушылық есепте үстеме шығыстарға, сондай-ақ өндірістік емес жұмыс күшіне, қосалқы материалдарға жұмсалатын шығыстар, жанама өндірістік шығыстар жатады.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес өндірілген өнімнің өзіндік құнына тек өндірістік шығындар кіреді. Сондықтан басқарушылық есепте шығындар былайша жіктеледі:

– өнімнің өзіндік құнына кіретін (өндірістік);

– өндірістік емес (есепті кезеңнің шығындары немесе кезеңді шығындар). Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамына келесі үш элемент кіреді:

– тікелей материалдық шығындар;

– жалақыға жұмсалатын тікелей шығындар;

– өндірістік үстеме шығыстар.

Басқарушылық есепте осы шығыстар көбінесе босалқы запас сыйымды деп аталады.

Өндірістен тысы шығындарға немесе есепті кезеңнің шығындарына (кезеңді шығындар) әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету шығыстары кіреді. Осы шығыстардың көлемдері өндірістің көлемі емес, кезеңнің ұзақтығына байланысты, олар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес даяр өнім мен аяқталмаған өндірістік өзіндік құнын есептеу мен өндірістік запастарды бағалау үшін пайдаланылмайды. Сол себептен олар кейде босалқы запас сыйымды деп аталады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес пайда мен залал туралы есепте олар түсімнен калькуляциялау мен өндірістік запастарды бағалау кезінде есептелмейтін шығыстар ретінде шегеріледі. Осы шығыстар есепті кезеңнің соңында залалдың пайда шотының дебетіне есептен шығарылады.

Бір элементті және кешенді шығындар. Бір элементті деп осы кәсіпорында (ұйымда) қосындыларға жіктелуі мүмкін емес шығындар аталады. Экономикалық элементтер бойынша жіктеу де осы қағида бойынша құрылған.

Кешенді шығындарға бірнеше экономикалық элемент кіреді. Оның мысалы ретінде құрамына барлық дерлік элементтер кіретін үстеме шығыстарды келтіруге болады.

Ағымдағы шығындарға осы кезеңнің өнім өндірісімен және оны сатумен байланысты, кезеңділігі жиі шығындар, атап айтқанда, шикізат пен материалдың шығысы, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т.б. жатады.

Бір жолғы шығыстарға цехтардың жаңа өнім түрлерін дайындаумен және игерумен, техникалық әдебиетке жазылумен, жұмыс істеген жылдары үшін төленетін біржолғы төлеммен және т.б. байланысты шығыстар жатады.