- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
1983 жылы талдаушы-бухгалтерлер институты келесі өтінімді мақұлдады. Аталмыш өтінімге сәйкес талдаушы-бухгалтерлер өздері жұмыс істейтін ұйымның, қоғам алдында өздерінің этикалық мінез-құлықтың жоғары стандарттарына сәйкес болуға міндетті. АҚШ Ұлттық бухгалтерлер қауымдастығы талдаушы-бухгалтерлердің этикалық мінез-құлы ғының келесі стандарттарын жариялады. Талдаушы-бухгалтерлер осы стандарттарға қайшы келетін іс-қимыл жасамауға, ұйым шегінде басқа адамдардың осындай іс-қимылымен келіспеуге тиіс.
Құзыреттілік. Талдаушы-бухгалтерлер:
– өздерінің біліктілігін ұдайы арттыру арқылы кәсіби құзыреттілік деңгейіне жетуге. Өздерінің кәсіби міндеттерін қолданыстағы заңдарға, ережелер мен стандарттарға сәйкес орындауға; жасалған талдаудан кейін қорытынды мен ұсыныстарды тиісті ақпаратпен толық және нақты қалыптастыруға міндетті.
Құпиялылық. Талдаушы-бухгалтерлер:
– заңда талап етілетін жағдайларды қоспағанда, жұмысты орындау процесінде алынған құпия ақпаратты жарияламауға; бағынысты адамдарды олардың жұмыс процесінде алған ақпараттың құпиялылығына қатысты оларды хабардар етуге және олардың алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауын қадағалауға; құпия ақпаратты әдепсіз немесе заңсыз мақсаттарда өзі де немесе үшінші тұлғалар арқылы да пайдаланудан бас тартуға міндетті.
Адалдық. Талдаушы-бухгалтерлер:
– нақты немесе ықтимал дауларға жол бермеуге; кәсіби этика шеңберінде өзінің міндеттерін атқару қабілетіне залал тигізуі ықтимал кез-келген қызмет түрінен бас тартуға; кез-келген сыйлардан, қонақжайлылықтан және олардың кейінгі іс-қимылына ықпал етуі мүмкін басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыруға жол бермеуге;
– кәсіби шектеулер мен сақтамау ұйымның тиімді қызметіне зиян келтіруі мүмкін басқа да тежейтін факторларды мойындауға; жағымды да, сондай-ақ жағымсыз ақпаратты, сондай-ақ кәсіби мамандардың бағалары мен пікірін хабарлауға және жіберуге міндетті;
– өздерінің мамандықтарының беделін түсіретін қызметке тікелей қатысудан немесе осындай қызметті қолдаудан бас тартуға міндетті.
Объективтілік. Талдаушы-бухгалтерлер:
– шынайы және объективті ақпарат қалыптастырып, жіберуге; пайдаланушы ұсынылған есептерді, түсініктемелер мен ұсыныстарды неғұрлым толық түсіну үшін қажетті бүкіл тиісті ақпаратты толық ашып көрсетуге міндетті.
4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
Өндірістік есептің міндетіне калькуляциялық баптар; пайда болған жерлер. Жауапкершілік орталықтары мен өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша нақты шығындарды жинау, топтастыру мен талдап қорыту және жекелеген өнім, жұмыс, қызмет түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу жатады.
Өндірістік есеп сондай-ақ басқарушылық есепті жекелеген өнім, жұмыс пен қызмет түрлерінің нақты шығындары мен өзіндік құны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы ақпарат өндірістің болашақтағы шығындарын талдау мен болжау және барлық деңгейдегі басшылар дұрыс шешім қабылдау үшін оларды осы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Сөйтіп, өндірістік есеп деректерді басқарушылық есеп үшін де, қаржы есебі үшін де ұсынады. Ағылшын ғалымы К. Друри «өндірістік есеп жүйесінде өндірістік шығындар МӨЗ құнын бағалау үшін анықталады, бұл сыртқы есептіліктің талаптарына жауап береді, ал басқарушылық есептің міндетіне кәсіпорын ішіндегі лауазымдық тұлғалар басқарушылық шешім қабылдау үшін тиісті қаржы ақпаратын дайындау жатады» – деп жазады 1.
Басқарушылық есеп өндірістік есепті алмастырмайды, олардың әрқайсысының өзі міндеттері мен функциялары бар екенін атап өту керек. Мәселен, американдық ғалымдар Ч.Т.Хонгрен, Дж. Фостер «басқарушылық есеп – бұл қайсы бір объектілерді басқару үшін қажетті ақпаратты сәйкестендіру, өлшеу, жинау, жүйеге келтіру, талдау, жіктеу, түсініктеме беру және беру»,– деп жазады. Басқарушылық есептің синонимі ішкі есеп (internal) болып табылады. Өндірістік есептің басты мақсаты – өнім мен қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау. Оның ақпаратын менеджерлер, мысалы, сату бағасын белгілеу, тапсырыстарды бағалау, пайданы есептеу үшін пайдаланады. Мұндай ақпарат ішкі де, сыртқы да пайдаланушыларға түседі және осы тұрғыдан алып қарағанда өндірістік есеп (cost accounting) – бұл басқарушылық есеп плюс қаржы есебінің шамалы бөлігі деп атауға болады 2.
Бақылау сұрақтары:
1. Басқарушылық есептің бухгалтерлік есептің дербес бағыты ретінде пайда болуына не себеп болды?
2. Басқарушылық есептің мәні неде?
3. Бухгалтерлік басқарушылық есептің тақырыбы қандай?
4. Басқарушылық есептің ақпаратына қандай талаптар қойылады?
5. Басқарушылық және өндірістік есептің арасында қандай байланыс бар?
6. Басқарушылық есепте қандай әдістер пайдаланылады?
7. Басқарушылық есептің міндеттері қандай?
8. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде қандай орын алады?
9. Басқарушылық есептің қағидаларын атаңыз.
10. Бухгалтерлік және қаржы есебінің айрықша және ортақ белгілерін атап өтіңіз.
11. «Бухгалтерлік басқарушылық есеп пәні қашан және қайда пайда болды?
12. Басқарушылық шешім қабылдау процесінің сатыларын атап өтіңіз.
13. Басқарушылық есеппен айналысатын талдаушы-бухгалтердің функцияларын атап өтіңіз.
14. Басқарушылық есеп бухгалтерінің кәсіби этикасына не кіреді?
1. К.Друри. Введение в управленческий аспект и производственный учет. – М.: Аудит, Юнити, 1998. С. 25.
2 Ч.Т. Хорнгрен, Дж. Фостер. Бухгалтерский учет: Управленческий аспект. М.: Финансы и статистика, 1995. С.81.
Тестілер
1. Басқарушылық есеп ненің кіші жүйесі болып табылады:
а) статистикалық есептің;
ә) қаржы есебінің;
б) бухгалтерлік есептің;
в) салық есебінің;
г) бірде-бір жауап дұрыс емес.
2. Бухгалтерлік басқарушылық есеп неге негізделеді:
а) қаржы есебіне;
ә) салық есебіне;
б) өндірістік есепке;
в) статистикалық есепке;
г) бірде-бір жауап дұрыс емес
3. Басқарушылық есептің негізгі мақсаты кімге ақпарат беру болып табылады:
а) сыртқы пайдаланушыларға;
ә) ішкі пайдаланушыларға;
б) атқарушы билік органдарына;
в) салық органдарына;
г) акционерлерге.
4. Ұйымның талдаушы-бухгалтерінің функционалдық міндетіне не кіреді:
а) қаржы есептілігін жасау;
ә) қаржы есебін жүргізу;
б) басқарушылық есеп жүргізу;
в) менеджерлерге олардың қызметін жоспарлауға, бақылау мен реттеуді жүзее асыруға көмек көрсету.
5. Есеп жүргізу міндеттілігінің талабы ең жоғары дәрежеде неге таратылады:
а) басқарушылық есепке;
ә) салық есебіне;
б) қаржы есебіне;
в) жедел өндірістік есепке;
г) бірде-бір жауап дұрыс емес.
6. Сандық есепті қолдану қайда жол беріледі:
а) қаржы есебінде;
ә) салық есебінде;
б) басқарушылық есепте;
в) барлық жауап дұрыс;
г) бірде-бір жауап дұрыс емес.
5-тарау. Басқарушылық есепте шығындарды жіктеу
5.1. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымы
Экономикалық әдебиетте «шығасылар» мен «шығындар» деген терминдермен қатар «шығыстар» деген термин қолданылады. Осы ұғымдар өзінің негізінде белгілі бір жұмысты орындаумен байланысты ұйымның шығыстарын білдіргенімен, ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар.
Өндіріс шығасылары деп нақты және өндіріске айналған, өнім, тауар сатуға (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметті) жұмсалған шығындар аталады.
Іс жүізнде өндірістік межеленген кезеңдегі барлық шығасыларын сипаттау үшін «өндіріс шығындары» деген термин қолданылады.
Шығарылған өнімге, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге жататын шығасылардың бөлігі олардың өзіндік құны болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құны анықталады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына кірмейтін шығындарға кезең шығындары (әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар, пайыз жөніндегі шығыстар, өзінің өнеркәсіптік емес өндірістері мен шаруашылықтарына көрсетілген қызметтерге жататын шығындар, аяқталмаған өндірістің өсіміне жұмсалған шығындар және т.б. жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекітілген Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандартында бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін «кірістер» мен «шығыстар» ұғымдары белгіленген. Мұның өзінде кіріс деп «есепті кезең ішіндегі активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы экономикалық пайданың артуы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарымен байланысты капиталдың артуына әкеп соқтыратын міндеттемелердің азаюын» білдіреді.
Ал шығыс деп «есепті кезең ішіндегі активтердің кету немесе азаю нысанындағы кемуі немесе капиталға қатысатын адамдардың бөлуімен байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкеп соқтыратын активтердің кему немесе міндеттемелердің азаюы» түсініледі.
ҚР Ұлттық қаржы есебінің №2 стандартында келтірілген ұйымның «кірістері» мен «шығыстары» деген терминдер халықаралық қаржы есептілігінің стандартына қайшы келмейді.
Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары жөніндегі кеңес (ХҚЕСК) 1989 жылы жариялаған қаржы есептілігін дайындау мен табыс етудің негізгі қағидаларында берілген анықтама бойынша кірістер екі түрге – негізгі қызметтен түсетін түсім мен кіріске және негізгі емес қызметтен түсетін кіріске бөлінеді.
Бірінші – түсім ұйымның қалыпты қызметінің процесінде пайда болатын кіріс ретінде сипатталады. Бұған сатудан түсетін түсімдер, өтемақы сыйақылары, кредиттер бойынша пайыздар, роялти мен жалгерлік төлем кіреді.
Кірістің екінші түрі – негізгі емес қызметтен түсетін кіріс. Осы кірістің көзі ретінде айналымнан тыс активтерді сату, сондай-ақ сатылмаған кірістер, мысалы, бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау кезінде немесе қолда бар немесе айналымнан тыс активтердің қалдық құны артқан кезде пайда болатын кірістер, валютаның бағамдық айырмасы, айыппұлдар мен өсімпұлдар, ақшалай емес борыштардың түсімі және т.б. қарастырылады.
Шығыстарға сатылған өнім (жұмыс, қызмет) өндірісінің шығындары, әкімшілік шығыстар, өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ ысырап (табиғи зілзала шығындары, айналымнын тыс активтерді сату, валюта бағамдарының өзгеруі және т.б.) сияқты баптар кіреді.
Болашақтағы есепті кезеңдерде кіріс алу үшін жұмсалған шығындар активтерге жатқызылады. Оларға болашақтағы кезеңдерге жататын шығыстар, аяқталмаған өндірістің шығындары, тауарлық запастар жатады.
Осының барлығы «шығындар», «өзіндік құн» және «шығыстар» деген ұғымдардағы айырмашылықтардың барын растайды.
Кәдімгі операциялар бойынша шығыстар пайда мен залал туралы есепте осы операциялар бойынша түскен кірістермен тікелей байланысты пайда болған кезде (есепте есептеу әдісі бойынша көрсетілген) танылады. Осы тәсілдеме шығыс пен кірістің сәйкестігі деп аталады.
Жұмсалған шығыс бірнеше есепті кезең бойы кірістің түсуіне себеп болған жағдайда немесе кірістер мен шығыстардың арасындағы байланыс анық емес немесе жанама анықталған жағдайда, шығыстар пайда мен залал туралы есепке оларды есепті кезеңдердің арасында бөлудің негіздеген есептерінің негізінде кіреді. Бөлінбеген және пайда мен залал туралы есепке кірмеген шығыстар бухгалтерлік баланста болашақтағы есепті кезеңге жататын шығыс ретінде көрсетіледі.
Күтпеген және төтенше операциялар мен жағдайдарға байланысты туындаған шығыстар есептілікте олар болашақта экономикалық пайда әкеле алмайтыны анықталған есепті кезеңде залал ретінде көрсетіледі.
