Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы

Қаржы және басқарушылық есеп біртұтас бухгалтерлік есептің өзара байланысты құрамдастары болып табылады. Мәселен, екі есеп жүйесінде сол бір шаруашылық операциялары қаралады. Мысалы, қаржы есебі жүйесінде көрсетілетін шығын түрлері туралы деректер сонымен біруақытта басқарушылық есепте те пайдаланылады.

Басқарушылық есеп жүйесінде есептелген өнімнің өндірістік өзіндік құнының деректері қаржы есеп жүйесінде ұйымда жасалған активтерді бағалау үшін пайдаланылады.

Бастапқы есептің деректері қаржы да, сондай-ақ басқарушылық есепте ле пайдаланылады.

Қаржы және басқарушылық есепте дайындалған есептік ақпаратты инвесторлар, менеджерлер шешім қабылдау үшін пайдаланады.

Алайда осымен қатар қаржы және басқарушылық есептің арасында түбегейлі айырмашылықтар да бар. Айырмашылықтарға мыналар жатады:

Есеп жүргізудің міндеттілігі. Бухгалтерлік қаржы есебін жүргізу «Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігі туралы»Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған. Осы заңды бұзу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік жүктеледі.

Басқарушылық есепті жүргізу ұйым басшысының қалауына сәйкес жүргізіледі. Ұйым басқарушылық есепті, егер ол орынды және экономикалық нәтиже беретін болса, яғни алынатын үнем есепті ұйымдастыруға жұмсалатын шығыннан көп болса жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда басқарушылық есепті ұйымдастыру нысанын ұйымның әкімшілігі белгілейді.

Ақпаратты пайдаланушылар Ақпаратты пайдаланушылар әр бір есептің негізгі мазмұнын анықтайды. Қаржы есеп ақпаратын пайдаланушылар – акционерлер, кредиторлар, салық органдары, бюджетттен тыс қорлар, билік органдары мен басқа да заңды және жеке тұлғалар есепті дайындаған ұйыммен белгілі бір қатынас жасайды. Ұйымның басшысы қаржы есептерін сапалы жасау үшін жауап береді. Ұйымның бухгалтериясы жасайтын талдамалы есептерді фирманың әкімшілігі пайдаланады. Осы есептердің мазмұны олардың мақсатты тағайындалуы мен осы есеп дайындалған әкімшінің лауазымына байланысты өзгереді.

Есеп қағидалары (таңдау еркіндігі). Қаржы есебі қаржы ақпаратын жазуды, бағалау мен беруді реттейтін жалпы қабылданған стандарттар мен есеп қағидаларының негізінде құрылады. Жалпы қабылданған есеп қағидалары ең алдымен кредиторлардың, инвесторлардың мүддесін қорғау және олардың алынған ақпаратқа сенімін қамтамасыз ету үшін қажет.

Басқарушылық есеп ішкі пайдаланушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан ол жалпы қабылданған нормалармен және заң талаптарымен шектелмейді. Ол үшін ақпаратттың пайдалылығы ерекше рөл атқарады. Сондықтан бухгалтер әр бір жеке жағдайда қай ақпараттың пайдаланушыға пайдалы болатынын шешіп, ақпарат жинаудың қажетті тәсілдері мен әдістерін таңдауға тиіс.

Бухгалтерлік есептің түрлері. Қаржы есептілігін толтыруға арналған деректер қосалы жазба жүйесінің негізінде дайындалады. Сыртқы пайдаланушылар үшін дайындалатын қаржы есептері құн бағасында жасалады және фирманың бас бухгалтерлік кітабына кіретін барлық шоттардың сальдосын көрсетеді.

Басқарушылық есептің ұйым ішінде пайдаланылатын дерекетрі қосарлы жазба жүйесіне сүйенуі міндетті емес. Басқарушылық есепте нәтиже бюеретін кез-келген жүйе пайдаланылады. Басқарушылық есептің деректері бас кітаптың шоттарында жинақталмайды, олар әр түрлі өлшем бірліктерінде көрсетілуі мүмкін. Ақпарат әкімшіліктің белгілі бір мұқтажы үшін дайындалады және оны пайдалану осымен тоқтатылады.

Пайдаланылатын өлшеуіштер. Қаржы есебі ақша өлшемінде (теңге, доллар және т.б.) жүргізіледі.

Басқарушылық есепте ақша да, сондай-ақ табиғи (дана, метр, тонна, литр және т.б.) және шартты-табиғи көрсеткіштер де (консерві өнеркәсібінде шартты банка ) пайдаланылады.

Жұмыс уақытын есептеу үшін адам-сағат, станок-сағат, машина-сағат сияқты көрсеткіштер қолданылады.

Есеп жасау үшін өлшеуіш түрін таңдау мен оларды талдауда басқарушылық есепте осы ахуалда өлшеуіштің пайдалылығы негізгі алынады.

Ақпараттың дәлдік (сенімділік) дәрежесі. Қаржы есептеріне кіретін қаржы ақапарты аяқталған операциялар бойынша нақты деректерді қамтиды. Осыған байланысты деректер дәл және дұрыс болуы тиіс.

Басқарушылық шешім (жоспарлау, бақылау, реттеу) қабылдау үшін деректерді жедел табыс ету керек. Сондықтан басқарушылық есеп ақпараты қаржы есебімен салыстырғанда жуық сипатта болады.

Ақпараттың ауқымы. Қаржы есептерінде бүкіл ұйымның қызметі жөніндегі ақпарат берілуі тиіс.

Басқарушылық есепке әдетте әр түрлі құрылымдық бөлімшелердің (шығын орталықтарының, бөлімшелердің, бөлімдердің) қызметін немесе олардың қызметінің қайсы бір жақтарын талдау кіреді.

Ақпараттың уақыт шеңбері. Қаржы есептерінде көрсетілген ақпарат өткенде болған фактілер мен шаруашылық операциялардың нәтижесін көрсетеді.

Басқарушылық есепте өткен оқиғалардың да, сонымен бірге болжамды сипаттағы оқиғалар туралы ақпарат қалыптастырылады. Қаржы есебінің мақсаты – «мұның қалай болғанын, ал басқарушылық есептің мақсаты – «бұл қалай болуы тиіс» екенін көрсету.

Ақпарат табыс етудің жиілігі. Сыртқы пайдаланушыларға арналған қаржы есептері тұрақты негізде: ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын жасалады.Тең уақыт аралығынан кейін жасалатын кезеңді есептілік – қаржы есебінің негізгі қағидасы.

Басқарушылық есепте ақпарат басқару міндетіне сәйкес табыс етіледі. мен анықталады. Ақпарат күн сайын, апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын немесе жыл сайын жасалуы мүмкін. Ең бастысы, әр бір есеп (ақпарат) оны алушыға пайдалы әрі оған қажет уақытта табыс етілуі тиіс.

Жауапкершілік дәрежесі. Қаржы есебін жүргізу мен қаржы есептілігін жасау тәртібін бұзу үшін заңда жауапкершілік көзделеді.

Басқарушылық есеп деректерінің дәлсіздік үшін менеджерлер тәртіптік жазаға тартылады.