- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
Осы әдісте тікелей және жанама нақты шығындар өнімнің бүкіл өндіріміне белгіленген шығыс баптары бойынша есептеледі. Осыған байланысты өнімнің орташа өзіндік құнын анықтау үшін барлық өндірістік шығындар (әр бір бап бойынша) даяр өнімнің санына бөлінеді. Шығындардың талдамалы есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің осы тәртібін құрамдас бөліктері немесе жартылай фабрикатттары болмайтын біркелкі жай өнім шығаратын (өндіретін), ал аяқталмаған өндіріс қалдығы мардымсыз немесе тұрақты не болмаса мүлдем болмайтын жаппай өндірістерде қолдануға болады.
Қарапайым әдіс негізінен бір өнім түрін өндіретін көптеген өндіруші және кейбір өңдеу өнеркәсібі салаларында (су электр станциялары, мұнай, руда және руда емес шикізат өндіретін, пластикалық масса, шикізат-жібек және т.б. шығаратын), сондай-ақ электр энергиясын, бу, суық пен қозғалыс энергиясының басқа да түрлерін өндіретін бірқатар қосалқы өндірістерде қолданылады. Кейбір салаларда (көмір, торф, ағаш дайындау) шығындар технологиялық процестің жекелеген баптары бойынша есептелуі мүмкін. Мысалы көмір өнеркәсібіндле мұндай сатыға дайындау жұмыстары, көмірді шығару, шахтаның бөлінген жеріне дейін тасымалдау мен жер бетіне шығару, сұрыптау, байыту, вагондарға тиеу жатады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша есептелген шығындар жалпы шахта бойынша талдап қорытылады, бүкіл өндірілген көмір калькуляциялау объектісі болып табылады. Калькуляциялық бірлік ретінде 1 тонна өндірілген көмір қабылданады, осымен қатар 7 000 калориясы бар 1 тонна шартты отынның өзіндік құны есептеледі
Шығындар процестер бойынша алдын-ала есептеледі (құрылымдық бөлімшелер бойынша), сол себептен көмір өнеркәсібі кәсіпорындарында қолданылатын шығынды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялаудың қарапайым әдісі кейде процестік деп аталады.
Қарапайым (процестік) әдісті қолдану үшін өнім біркелкі және ол жаппай шығарылуы немесе өндірілуі және шығындарды тікелей және жанама шығындарға жатқызу тәсілі бойынша бөлмеу мүмкіндігі болуы (өйткені олар бір өнім түрін шығарумен байланысты) болуы тиіс. Барлық шығындар өнім өндіріміне жатқызылады (аяқталмаған өндіріс қалдықтарының болмауынан немесе оның тұрақтылығынан).
3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік есептің қорытынды сатысы болып табылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауды келесі 3 сатыға бөлуге болады.
Бірінші сатыда жалпы бүкіл шығарылған өнімнің өзіндік құны, екінші сатыда – әр бір өнім түрі бойынша нақты өзіндік құн, үшінші сатыда – өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің бірлігінің өзіндік құны есептеледі.
Шығарылған өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанға дейін жалпы кәсіпорын бойынша барлық шығындар талдап қорытылады, шығындар аяқталмаған өндіріс пен шығарылған өнім (жұмыс, қызмет) арасында бөлінеді. Қосалқы өндірістердің өзара ыңғайласпа қызметтері ескеріліп, олар көрсеткен қызметтер калькуляцияланып, бөлінеді.
Шығыннның есебі жартылай фабрикаттық нұсқада ұйымдастырылған жағдайда әр бір қайта бөлу цехы шығарған жартылай фабрикатттардың өзіндік құны калькуляцияланады (өткен қайта бөліс ескеріліп), тек соңғы қайта бөлісте шығарылған даяр өнімнің өзіндік құны калькуляцияланады.
Жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құны нормативтік калькуляциялау тәсілі, шығындарды қосу тәсілі, шығындарды қосымша өнімге шығару тәсілі , шығындарды пропорционал (индекстік) бөлу тәсілі, тікелей есептеу тәсілі, құрамдастырылған калькуляциялау тәсілі, коэффициенттік тәсіл деп аталатын тәсілдің бірімен есептеледі.
Нормативтік тәсіл – шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің құрамдас бөлігі. Бұл нормативтік калькуляциялау тәсілінің ең маңызды ерекшелігінің бірі – қолданыстағы нормалар мен технологиялық процестің негізінде шығарылатын өнімнің нормативтік өзіндік құнының калькуляциясын алдын-ала жасау. Осы калькуляция жасалғаннан кейін деректері әр бір мезеттегі нормативтік өзіндік құнды анықтауға мүмкіндік беретін қолданыстағы нормалардың өзгеруінің есебі ұйымдастырылады. Әдетте осы өзгерістер нормативтік калькуляцияға әр бір айдың 1-ші күні, ал шамалы өзгерісте – тоқсанның басында енгізіледі. Нормативтік әдісте нақты өзіндік құн нормалар бойынша шығындардың сомасы және нормалардан ауытқу немесе нормалардың өзгеруі қосылады немесе шегеріледі.
Шығындарды жинақтау тәсілінде өнім бірлігінің өзіндік құны бұйымның жекелеген бөліктерінің шығындарын қосып, шығарылған өнімнің санына бөлу арқылы анықталады.
Шығындарды жинақтау тәсілі мына салаларда пайдаланылады:
– машина жасауда, бұл жағдайда калькуляциялау объектісі ретінде машина кешені қабылданады, өнімнің өзіндік құны әр бір бап бойынша тиісті цехтардың машина кешендерінің қосынды шығындары ретінде анықталады;
– кеме салуда, мұнда орташа және ірі кеме салған кезде шығындар есептелетін объектіге конструкторлық бөлу бойынша топтар мнемесе технологиялық кешендер жатады, ал әр бір технологиялық кешен немесе конструкторлық топ бойынша шығындарды жинақтау арқылы құрылысы аяқталған кеменің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді;
– көмір өндіру процестері бойынша шығындар жинақталатын көмір шахталарында; байыту фабрикаларында – тау-кен массасын байытудың: ұсақтаудың, байыту мен агломерациясының жекелеген процестерін калькуляциялау жөніндегі шығындарды жинақтау арқылы байытылған руданың нақты өзіндік құны анықталады.
Өнімнің өзіндік құнын шығындарды жинақтау тәсілімен калькуляциялау өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді, сонымен бірге ол өнім бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясының дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Шығындарды қосымша өнімге шығару тәсілі кешенді өндірісте өнімдер негізгі және қосымша өнімге бөлінген жағдайда қолданылады. Шығындарды жатқызу тәсілінде қосымша өнімдер мен қалдықтар калькуляцияланбайды, олар негізгі өнімнің өзіндік құнынан алдын-ала белгіленген баға бойынша алынып тасталады.
Калькуляциялаудың осы тәсілі кокс-химия өндірісінде, мұнай өңдеу, химия, тамақ және кейбір өнеркәсіп салаларында кең таралған. Кокс-химия өндірісінде кокстің негізгі фракцияларының өзіндік құнын калькуляциялау үшін қосымша өнімнің (кокс жаңғағы, ұсақ кокс пен кокс газы) құны өндірістік шығындардың тұрлаулы бағалар бойынша алынып тасталады.
Ет өнеркәсібінің кәсіпорындары тек еттің өзіндік құнын калькуляциялайды, ал қосымша өнімдердің құны еттің құнынан белдгіленген бағалар бойынша алынып тасталады.
Мұнай өндіру өнеркәсібінде қосымша өнімді бастапқы шикізаттың құны немесе осы құнның белгілі бір пайызында бағалау тәсілі ( сырғымалы бағалау) қолданылады.
Жекелеген жағдайларда қосымша өнім қалдықтардың құны бойынша бағаланады.
Қосымша өнімнің бағасы экономикалық жағынан негізделген болуы тиіс.
Шығындарды пропорционал (индекстік) бөлу тәсілі шығындарды нақты өнімге жатқызу мүмкін емес бірнеше түрлі өнім біруақытта шығарылған жағдайда немесе бұйымдар топтары бойынша шығындар есептелген кезде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін қолданылады.
Шығын бөлудің әр түрлі базалары мен тәсілдерінде калькуляциялаудың осы тәсілінде өнімдердің жиынтық өндірімінің өзіндік құны олардың арасында құны қайсы бір базиске пропорционал бөлінеді, ал өнім бірлігінің өзіндік құны әр бір өнім бойынша тікелей тәсілмен есептеледі. Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша бөлген кезде нақты шығындардың базистік шығындарға пайыздық қатынасы несмесе осы шығындардың индекстеріне пропорционал есептеледі, сол себептен осы тәсіл көбінесе индекстік деп аталады.
Осы тәсілде шығындар көбінесе өнімнің жоспарлы немесе нормативтік өзіндік құнына пропорционал, ал өнімнің жеке салмағы немесе басқа көрсеткіштерге пропорционал –сирек бөлінеді. Жеке жағдайларда жекелеген өзіндік құн баптары бойынша шығындар бөлінетін бірнеше база пайдаланылады. Мысалы, мұнай өңдеу өнеркәсібі саласында, кокс өндірісінде, табиғи газ өндіруде шығындар алынған өнімдердің салмағына пропорционал бөлінеді. Газ өндіруде табиғи газ бен конденсатта біруақытта алынады. Өндіру жөніндегі шығындар қосымша өнімдердің (элементті шикізат, техникалық гипосульфит немесе конденсатты күкіртті сутек) құны шегеріліп табиғи газ бен конденсаттың арасында жылу өткізгіштік ескеріліп өнімнің салмағына пропорционал бөлінеді.
Мақта-қағаз өнеркәсібінде калькуляциялау шығындарды әр бір нөмірлі иірілген жіптің салмағына, қоспаның салмағына, жұмысшылардың кесімді жалақысына, жұмысшылардың мерзімдік жалақысына, ұршық-сағатқа, ұршық алуға, станок-сағатқа және т.б. пропорционал бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Көптеген өнеркәсіп салаларында жоспарлы өзіндік құн бойынша калькуляциялау тәсілі қолданылады. Бұл үшін әр бір өнім түрінің калькуляциялық баптар бойынша жоспарлы өзіндік құны анықталады. Нақты шығындар баптар бойынша өнім түрлері арасында жоспарлы шығындарға пропорционал бөлінеді, бұл үшін шығындар индексі есептеледі.
Калькуляцияның осы нұсқасы құрылыс материалдары өнеркәсібінде, темекі, шина, резина-техникалық, ағаш өңдеу, балық өнеркәсібі мен машина жасауда қолданылады.
Тікелей есептеу тәсілі ең қарапайым, шынайы болып саналады және калькуляциялау объектісі өндірістік шығындар есептелетін объектімен үйлескенде және шығын есептелетін объект бір түрлі өнім болып табылатын жағдайда қолданылады.
Осы тәсілде қайсы бір өнімді жасауға жұмсалатын шығынның сомасы калькуляция баптары бойынша шығарылған бұйымның санына бөлінеді. Нәтижесінде өнім бірлігінің өзіндік құнының калькуляциясы алынады.
Калькуляциялаудың тікелей тәсілі топтық калькуляция жасалған кезде кең қолданылады. Осындай тәсілмен бір гектолитр иесізденген сыраның, иесізденген құйманың тоннаның өзіндік құны калькуляцияланады.
Құрамдастырылған тәсіл атап өтілген бір тәсілмен калькуляциялауды жүзеге асыру мүмкін емес жағдайларда жекелеген өнімнің немесе өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. Демек, құрамдастырылған тәсіл бірнеше тәсілдің үйлесімін білдіреді. Іс жүзінде осы тәсілдің сан алуан құрамдастырымы пайдаланылады.
Мысалы, мұнай өндірісінде тікелей есептеу тәсілімен мұнай мен газдың орташа өзіндік құны есептеледі, сонымен бірге пропорционалдық тәсілмен әр бір өнім түрінің өзіндік құны анықталады. Тікелей есептеу тәсілімен сыраның әр бір сұрпының бір мың декалитрінің өзіндік құны, ал металл өңдеуде – 1 тонна метиздің өзіндік құны шығындарды жоспарлы өзіндік құнға немесе нормаларға бөлу арқылы калькуляцияланады, сондай-ақ сұрыптық калькуляциялар жасалады. Демек, тікелей бөлу (есептеу) тәсілі пропорционалдық тәсілмен үйлескен кезде топтық және сұрыптық деп аталатын екі калькуляция жасалады.
Домна және консерві өндірістерінде иесізденген өнімдердің өзіндік құны (тиісінше 1 тонна иесізденген шойынның, 1 тонна шартты банканың) өзіндік құны тікелей тәсілмен, ал жекелеген түрлері мен сұрыптарының өзіндік құны – коэффициенттерді қолдану арқылы калькуляцияланады.
Калькуляциялаудың коэффициенттік тәсілі біруақытта алынатын бірнеше өнім түрінің (көбінесе түйіндес) өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады. Осы тәсілде осы барлық өнімдер белгіленген коэффициенттерге сәйкес шартты бірліктерге айналдырылып, осыдан кейін олардың өзіндік құны анықталады және әр бір өнімнің табиғи бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.
Калькуляциялаудың коэффициенттік тәсілі көптеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Коэффициент әзірлеген кезде материалдардың рецептурасының біркелкілігі, пайдалы заттардың еңбек сыйымдылығы, өзіндік салмағы, жеке салмағы, жылу шығару қабілеті, калориялығы, сату құны және т.б. негізгі алынады.
Мәселен, шпал кесуде бүкіл өнім бекітілген коэффициенттердің негізінде шпал өнімінің тығыз массасының текше метріне айналдырылады. Тікелей тәсілмен 1 м3 тығыз массаның өзіндік құны анықталады, содан кейін алынатын өнімнің әр бір түрі бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады. Металлургия өнеркәсібінде шойынның, болаттың, прокат түрінің, тамақ химия және т.б. салалары өнімінің жекелеген маркаларының өзіндік құны да осылай есептеледі.
Консерві өнеркәсібінде сыйымдылығы әр түрлі консервілер белгіленген коэффициенттер бойынша шартты банкаға (тубаға) аударылады, тек содан кейін ғана сыйымдылығы әр түрлі консервілердің өзіндік құны есептеледі.
Оттегі өнеркәсібінде де шығарылған өнімнің саны алдымен оларды шартты бірлікке келтіретін белгіленген коэффициентке көбейтіледі. Осыдан кейін шығындар әр бір бап бойынша келтірілген шартты бірліктердің жалпы санына бөлінеді. Сөйтіп әр бір өнімнің калькуляция баптарына бөлінген өзіндік құны анықталады.
Калькуляциялаудың коэффициенттік тәсілінің тағы бір түрі шығындарды калькуляциялаудың әр бір бабы бойынша бөлетін коэффициенттерді анықтау. Бұл жағдайда калькуляциялау күрделенеді, ал шығарылған әр бір өнімнің өзіндік құны жалпы ғана емес, сонымен бірге калькуляция баптары бойынша да есептеледі.
