- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі бастапқы материалы мен өнімді жаппай өңдеудің сипаты бойынша біркелкі және әрқайсысы немесе тобы жеке дербес өндіріс қайта бөлуді (фаза, саты) құрайтын, (мысалы, орман, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында) үздіксіз технологиялық процесс немесе бірқатар жүйелі өндірістік процестер жағдайында физикалық-химиялық және термикалық өндірістік процестер басым, шикізат даяр өнімге айналатын, кәсіпорындарда қолданылады.
Қайта бөлу деп аралық өнімнің (жартылай фабрикат) немесе даяр өнімнің шығуымен аяқталатын технологиялық операциялар кешені аталады.
Мысалы, тоқыма өнеркәсібінде дайындау, иіру, ширату, тоқу және өңдеу бөліністері бар Қайта бөлістік есептеу әдісі сондай-ақ шикізат кешенді пайдаланылатын өндірістерде қолданылады.
Қайта бөлу әдісінде шығынның есебі қайта бөлу, оның ішінде – агрегаттар (цехтар, прокат стандары, химия қондырғылары және т.б.), калькуляция баптары мен өнім түрлері бойынша жүргізіледі. Тікелей шығындар әр бір қайта бөлу, ал жанама шығындар – жалпы цехтар, өндірістер бойынша кейін есеп саясатында қабылданған базаға сәйкес қайта бөлудің өнімінің өзіндік құны арасында бөлініп есептеледі.
Шығынды өнім түрлері бойынша есептеу қиын өндірістерде ол жалпы қайта бөлу бойынша жүргізіледі, ал бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың өзіндік құны коэффициенттік тәсілмен немесе шығындарды алып тастау тәсілімен анықталады (бұл тәсілде жалпы сомадан қосымша өнімнің шығындары алынып тасталып, содан кейін негізгі өнімнің өзіндік құны есептеледі).
Қайта бөлістік әдісте шығындардың есебі жартылай фабрикаттық нұсқада (әр бір қайта бөлудің жартылай фабрикаттары бағаланып, олар келесі қайта бөлуге құны бойынша беру жүзеге асырылады) немесе жартылай фабрикатсыз нұсқада (өңдеу шығындары әр бір қайта бөлу бойынша есептеледі, жартылай фабрикаттар бір қайта бөлуден екіншіге саны бойынша беріледі, даяр өнімнің өзіндік құны барлық қайта бөлудың шығындары қосылып калькуляциялық баптар бойынша анықталады) жүргізіледі. (Жартылай фабрикаттық және жартылай фабрикатсыз нұсқада есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері жоғарыда баяндалған).
3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі күрделі бұйымдар жеке және ұсақ сериямен шығарылатын машина жасау кәсіпорындарында кең тараған. Осы әдіс бойынша жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу өндірісі, қосалқы өндірістерде құрал-сайман жасау, ұйымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының эксперименталдық цехтарында өнім шығару ұйымдастырылған. Мұндай өндірістерде бұйымның жекелеген түрлері, маркалары, модификациялары шағын топтармен немесе жеке-дара шығарылады, кейде жыл ішінде жекелеген өнім түрін шығару қайталанбауы мүмкін. Осы әдісте есептеу объектісіне әр бір бұйым (жұмыс) түріне немесе бұйымның шағын сериясына жасалған жеке тапсырыс, ал технологиялық циклы ұзақ кәсіпорындарда тапсырыс берушілеремн (сатып алушылармен) жасалатын шарттардың негізінде ашылатын жеке тораптар мен агрегатттар жатады. Әр бір тапсырысқа бланк толтырылып, тапсырыс тіркеледі, оған нөмір қойылып, тапсырыс аяқталғанға дейін ол осы тапсырыстың коды болып табылады.
Код барлық технологиялық және есептік құжаттарға қойылады. Тапсырысты әдеттте жоспарлау-өндірістік қызметі ресімдейді, осыдан кейін ол тапсырысты ашу жөніндегі хабарламаны бухгалтерияға табыс етеді.
Тапсырыстық әдісте өндірістік шығын мен калькуляциялаудың есебі бір бұйым (кешенді жұмыстар орындау) немесе біркелкі бұйымдардың шағын тобын жасауға арналған тапсырыстар бойынша жүзеге асырылады. Бұл үшін әр бір тапсырысқа оны ашу жөніндегі хабарламаның негізінде бухгалтерияда тапсырыс орындалатын бүкіл мерзім ішіндегі шығындар есептелетін карточка немесе ведомость ашылады.
Тікелей шығындар – жұмсалған шикізат пен материалдар, сатып алынған бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы, ақаудан болатын ысырап, игеруге жұмсалатын шығыстар әр бір тапсырыс бойынша жеке бастапқы құжаттардың: лимит карталарының, талаптардың, бөлу парақтарының, нарядтардың, ауысым рапорттарының, өндірім ведомостерінің, бағдар парақтары мен тапсырыстың шифры қойылатын басқа да құжаттардың негізінде есептеледі.
Үстеме шығыстар тапсырыстардың өзіндік құнына ұйымның есеп саясатында қабылданған базаға пропорционал бөлу арқылы кіреді. Тапсырысты орындаумен байланысты шығындар жұмыстар орындалатын мерзім бойы жинақталады. Орындалған тапсырыстың өзіндік құны бүкіл жұмыс аяқталғаннан кейін анықталады. Егер тапсырысқа сәйкес бірнеше біркелкі бұйым жасалса, онда бірліктің өзіндік құны калькуляция баптары бойынша шығынның бүкіл сомасын жасалған өнімнің санына бөлу арқылы анықталады.
