- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
Калькуляциялау объектісіне әр түрлі даярлық дәрежесіндегі өнімдер, осы ұйым, оның негізгі және қосалқы өндірістерінің бөлімшелері орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтер жатады.
Калькуляциялау объектісіне:
– бүкіл шығарылған өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтер;
–негізгі және қосалқы өндірістердің жекелеген өнім, жұмыс пен қызмет түрлері;
– кейінгі өндіріс сатыларында пайдаланылатын, сондай-ақ бөгде тарапқа сатылатын негізгі өндірістік бөлімшелерінің жартылай фабрикатттары;
–ұйым бөлімшелерінің қызметінің нәтижелерін анықтауға арналған өнім жатады.
Калькуляциялық бірлік деп калькуляцияланатын объектіні өлшеуіш аталады. Бұрын атап өтілгендей, іс жүзінде мыналар қолданылады:
– табиғи өлшеу бірліктері (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон-метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б.);
– ірілендірілген табиғи өлшеу бірліктері (белгілі бір артикулдағы 100 пар аяқ киім, сыра мен алкогольсіз сусынның әр бір түрі мен сұрпының бір мың декалитрі);
–шартты-табиғи өлшеу бірліктері (қышқылдығы 100% спирт, 100 шартты банк консерві және т.б.);
– құндық (шығарылған немесе сатылатын бағадағы тауар өнімі);
– еңбек (1 норма – с, 1 норма – ауысым).
Құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметтерін көрсетумен және т.б. айналысатын өндірістерде калькуляциялық бірлік ретінде, әдетте, орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемдері (тасымалдың тонна-километрі, машина-ауысым және т.б. қолданылады.
3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
Өнімнің шығыны мен өзіндік құнын калькуляциялау әдісі деп өнімнің (жұмыстың қызметтің) нақты өзіндік құнын анықтау үшін өндіріс шығындарын құжаттау мен көрсету тәсілдерінің жиынтығы аталады. Шығындардың есебін жүргізу мен оның өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін жіктеген кезде өнім өндірісін ұйымдастыру мен оның технологиясы, шығарылатын өнімнің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы негізгі рөл атқарады. Шығындардың есебін жүргізу әдістерін жіктеу талдамалы есеп объектілері бойынша өндіріс шығындарын жинау мен талдап қорыту тәртібіне негізделеді.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі деп өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылатын тәсілдердің жиынтығы аталады.
«Калькуляциялау» ұғымына сондай-ақ аяқталмаған өндірісті бағалау тәртібі мен бүкіл шығарылған өнім мен оның жекелеген түрлерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін шешім табу қажет басқа мәселелер де кіреді. «Шығынды есептеу әдісі» мен «Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісі» деген ұғымдардың үйлеспеуіне қарамастан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Калькуляциялау әдістері өндірістің тікелей шығындарының талдамалы есебін ұйымдастыру тәртібімен байланысты. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістік шығындардың есебінің деректеріне негізделе отырып, оны ұйымдастыруға айтарлықтай әсер етеді.
Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдісі қолданылады. Өндірістік шығындардың есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін жіктеуге қатысты пікірталастар жалғасуда.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп жөніндегі стандартта өнеркәсіптік кәсіпорындарда, өнімнің түріне, оның күрделілігіне, өндірістің тұрпатына сәйкес шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік, қайта бөлістік және тапсырыстық деп аталатын әдісі қолданылады. Алайда жекелеген ұйымдар шығын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісін қолданады. Ал нарықтық экономикасы дамыған елдер де шығын есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың «стандарт-кост» жүйесі бойынша әдісі мен «директ-кост» жүйесі бойынша шығынды есептеу әдісін пайдаланады.
