- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
Өзіндік құнды калькуляциялау деп өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеу аталады. Өнімнің нақты өзіндік құнын калькуляциялау деректері өндіріс шығындарын бақылау, өндірістің пайдалылығын анықтау, резервтер мен өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын белгілеу үшін пайдаланылады.
Калькуляцияны алдын-ала және кейінгі деп аталатын екі топқа бөлуге болады. Алдын-ала (жоспарлы, сметалық, жобалық және нормативтік) өнім жасалатын, жұмыс орындалатын, қызмет көрсетілетін тиісті кезең туындағанға
дейін жасалады. Кейінгі (есептік) өнім жасалғаннан кейін жасалады, ол өнім жасауға жұмсалған нақты шығындарды сипаттайды.
Жоспарлы калькуляция өнімнің (жұмыстың, қызметтің) әр бір түріне шикізат пен материалдардың шығысы, жасаудың еңбек сыйымдылығының, жабдықтарды пайдаланудың жөніндегі орташа-үдемелі нормативтерінің негізінде бұрын қол жеткізілген табыстар мен жоспарланған кезеңге арналған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар ескеріле отырып жасалады. Сондықтан жоспарланып отырған кезеңдегі нақты өнім (жұмыс, қызмет) өндірудың шығын нормалары (жоспарлы нормалары) өткен жылдағы шығындардың нормалары мен үлесті шығындарының деңгейінен төмен болмауға тиіс.
Жоспарлы калькуляция межеленген кезеңге: бір жылға және тоқсанға жасалады. Жоспарлы калькуляцияда жоспарлы өзіндік құн анықталады. Сөйтіп, жоспарлы өзіндік құн жоспарланған кезеңдегі жекелеген өнім (жұмыс, қызмет) түрінің шығындарының болжамды сипатын білдіреді.
Сметалық калькуляция бөгде ұйымдардың тапсырыстары бойынша бір жолғы жұмыстар мен бұйымдарға жасалады. Ол материалдық, еңбек және басқа да ресурстардың шығысының қолданыстағы нормалары мен нормативтерінің негізінде жасалады. Сметалық калькуляция жұмыстың шартты бағасын анықтау үшін негіз болып табылатындықтан, ол тапсырыс берушімен келісілуге тиіс.
Жобалық калькуляцияны жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары жобаланатын процестердің экономикалық тиімділігінің нұсқаларын салыстырып сипаттау үшін жасайды. Жобалық калькуляция жасалған кезде шығындардың есебі шикізат пен материалдардың болжамды, ірілендірілген шығын нормативтерінің, қызметкерлер санының, салынатын объектінің сметалық құнының негізінде есептеледі. Нормативтер жобаларды әзірлеу процесінде нақтыланады және демек калькуляциялар да өзгереді; жанама шығыстар өнімнің өзіндік құнының жобалық калькуляциясына оңайлатылған тәртіппен кіреді.
Жобалық калькуляция баптарының номенклатурасы жоспарлы калькуляцияның баптар номенклатурасынан айырмашылығы болуы мүмкін, жекелеген жағдайларда жобалық калькуляция калькуляциялық баптар емес үнемді элементтер бойынша жасалады.
Жоспарлы калькуляциямен салыстырғанда нормативтік калькуляция есепті кезеңнің басында қолданылатын жеке арнайы шығыс нормаларының негізінде әзірленеді. Жоспарлы калькуляция межеленген кезеңнің (тоқсан, жыл) ішінде өзгермейді, ал нормативтік ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың енгізілу шамасы мен нормалар мен нормативтердің жаңаруына сәйкес өзгереді. Ол шығындар нормасы бекітілген барлық бұйымдарға жасалады. Жоспарланған кезеңнің басында нормативтік өзіндік құнды жоспарлы өзіндік құнмен салыстыру жоспардың қауырттылық дәрежесін айғақтайды. Жоспарланған кезеңнің басында нормативтік өзіндік құн жоспарлыдан жоғары, ал есепті кезеңнің соңында – есепті кезең ішінде нормалардың өзгеру есебінен жоспарлыдан төмен болуы мүмкін. Нормативтік калькуляция технологиялық процестің барысына сәйкес бірінші кезекте бөлшектерге, содан кейін – ең қарапайым тораптарға, біршама күрделі тораптарға (жиналатын бірліктер) және ең соңында – жалпы бұйымға жасалуы мүмкін
Нормативтік калькуляция жалпы бұйымға, оларды бөлшектер мен тораптарға бөлмей жасалуы мүмкін.
Нормативтік калькуляцияда негізгі шығыстар қолданыстағы нормалар бойынша енгізіледі, ал үстеме және нормалар әзірленбеген басқа шығыстар осы шығыстардың сметаларына сәйкес нормативтік калькуляцияға кіруі мүмкін.
Нормативтік калькуляция шығындардың нормативтік есептеу әдісін ұйымдастыру, яғни ауытқуларды жеке бөліп, нақты шығындардың есебін ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Есептік калькуляция жасалған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтайды. Ол жоспарлы калькуляцияның баптары сияқты баптар бойынша жасалады. Есептік калькуляция негізінен өзіндік құн жоспарының орындалуын бақылауға арналған. Ол болашақтағы кезеңде өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін де пайдаланылады. Ұйымдарда сондай-ақ цехтардың жұмысының нәтижелерін анықтау үшін қажет олар жасайтын жартылай фабрикаттардың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнының калькуляциясы жасалуы мүмкін. Ол өзара көрсетілетін қызметтерді бағалау үшін ұйымның бөлімшелері арасында пайдаланылатын трансферттік (фирмаішілік) бағаларды белгілеу үшін қажет.
