- •Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері.
- •1.1. Өндірістің түрлері және олардың өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруға жасайтын ықпалы.
- •1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу
- •1.2. Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша топтастыру
- •1.3. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кіретін шығындар
- •1.4. Шығыны есептелетін объектілер және калькуляцияланатын объектілер
- •1.5.Өндірістік шығындардың есебінің жалпы схемасы.
- •1. Тағайындалған шығындар былайша жіктеледі:
- •2. Шығындар өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша былай жіктеледі:
- •2.1. Материалдық шығындардың есебі
- •2.1. Материалды өнім түрлері бойынша олардың нормативтік (жоспарлы) шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы.
- •2.2. Материалды коэффициенттер бойынша бөлудің типтік есебі
- •2.3. Қайтарылатын қалдықтарды олардың нормативтік шығысына пропорционал бөлуді есептеу мысалы
- •2.2. Өндірісте материалдың пайдалануын бақылауды ұйымдастыру
- •2.3. Өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу шығындары мен жалақыға төлеуге аударылатын ақшаның есебін жүргізу
- •2.4. Нақты есептелген жалақыны өнім түрлері бойынша бөлуді есептеу (теңгеде)
- •2.5. Жалақы есептеу жөніндегі шаруашылық операциялар
- •2.4. Үстеме шығыстардың құрамы мен оның есебі
- •2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары
- •2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі
- •2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу
- •2.7. Қосалқы цехтардың қызметтерін бөлу ведомосі
- •2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері
- •2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу
- •2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу
- •2.7. Аяқталмаған өндірістің есебін жүргізу, түгендеу және бағалау
- •2.8. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі
- •2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
- •2.10. Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың есебін жүргізу
- •3.1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен оның түрлері
- •3.2. Өзіндік құны калькуляцияланатын объектілер, калькуляциялық бірліктер
- •3.3. Шығындардың есебін жүргізу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- •3.4. Шығынды есептеу мен өнімнің өзіндік калькуляциялаудың нормативтік әдісі.
- •3.5. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қайта бөлістік әдісі
- •3.6. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •3.7. Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі.
- •3.8. Өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдері
- •3.9. Даяр өнімнің есебін жүргізу
- •3.1. Даяр өнімнің қозғалысы бойынша шоттар корреспонденциясы
- •4.1 Басқарушылық есеп, оның мәні, пәні мен әдісі
- •4.2. Басқарушылық есептік ақпараттың сипаттамасы
- •4.3. Басқарушылық есептің объектілері мен міндетттері. Бухгалтерлік және басқарушылық есептің «Эккаунтинг» жүйесінде алатын орны.
- •4.4. Басқарушылық есеп қағидалары
- •4.5. Басқарушылық және қаржы есебі жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы
- •4.6. Басқарушылық есептің шешім қабылдауда атқаратын рөлі
- •4.7. Басқарушылық есеп бухгалтерлерінің кәсіби этикасы
- •4.8. Өндірістік есеп пен оның басқаруда атқаратын рөлі, басқарушылық есептің өндірістік есептің байланысы
- •5.2. Шығындарды жіктеу
- •5.2.1. Запастар мен алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
- •5.2.2. Шешім қабылдау мен жоспарлау шығындарын жіктеу
- •5.2.3. Шығындарды бақылау мен реттеуді жүзеге асыру үшін жіктеу.
- •6.1. Материалдық шығындардың есебі
- •6.2. Жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың есебін жүргізу
- •6.3 Үстеме шығыстардың есебін жүргізу
- •6.4. Өндірістік үстеме шығыстарды бөлу
- •6.5. Үстеме шығыстарды бөлудің бірыңғай ставкалары
- •6.6 Үстеме шығыстарды нормативтік бөлу ставкалары
- •Бақылау сұрақтар:
- •Тестілер:
- •7.1 Шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың процестік әдісі
- •7.1.1 Нормативтіктен тыс кірістер
- •7.1.2 Балама бірлік ұғымы
- •1 Мысал:
- •7.1.3 Өнімнің өткен процестегі өзіндік құны
- •2 Мысал:
- •7.1.4 Аяқталмаған өндірісті (жартылай фабрикаттарды) бағалау әдістері
- •3 Мысал:
- •7.1.5 Баламалы өнім шығару мен нормативтік ысырап
- •7.1.6 Баламалы өнім шығару мен нормативтіктен тыс ысырап
- •5 Мысал:
- •7.1.7 Кешенді өндіріс өнімі мен қосалқы өнімнің шығыны және өзіндік құнының калькуляциясын есептеу
- •7.2 Өнімнің өзіндік құнының шығыны мен калькуляциясын есептеудің тапсырыстық әдісі
- •7.3 Шығындардың функциялар бойынша есептеу (авс – әдіс)
- •7.4 «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындарды есептеу мен өзіндік құнды калькуляциялау
- •7.5 Шығындары толық бөлінетін өнімдердің және өзгермелі шығасылар бойынша «Директ-костинг» және «Өзіндік құнды калькуляциялау»
- •7.6 Маржиналдық кіріс, маржиналдық тәсілдемеде субъектінің операциялық пайдасын есептеу тәртібі.
- •7.7 Залалсыздықты талдау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •«Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар материалдың нақты шығындарының нормадан ауытқуына қандай факторлар ықпал етеді?
- •2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша қай факторлар жалақы төлену жөніндегінақты шығындардың белгіленген нормадан (жоспарына) ауытқуына ықпал етеді?
- •3. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақының сағаттық ставкасының өзгеру есебінен жалақының өзгергені қалай анықталады?
- •4. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша жалақы төлеу нормасының ауытқуына еңбек өнімділігі нормаларының өзгеруінің жасайтын ықпалы қалай анықталады?
- •5. Маржиналдық кіріс деген не?
- •6. Маржиналдық кіріс қалай есептеледі?
- •Бюджеттер мен бюджет, бюджеттердің түрлері.
- •8.2 Операциялық бюджет, оның құрамы, жасау тәртібі.
- •8.3 Икемді бюджеттер (сметалар).
- •8.4 Нормативтік шығындар және олардың маңызы.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тестілер
- •Мазмұны
2.9. Әкімшілік шығыстардың есебін жүргізу
Әкімшілік шығыстарға жалпы кәсіпорын мен ұйымды басқарумен байланысты шығындар: ұйымды басқару аппараты қызметкерлерінің жалақысы мен жалақының аударымы; іссапар шығыстары; өкілдік шығыстар; қызмет бабында жол жүру мен жеңіл көлікті ұстау шығыстары; кеңсе, баспахана, пошта-телеграф шығыстары; жалпы зауытта (жалпы фирмада) пайдаланылатын негізгі құралдардың амортизациясы, оны ұстау мен пайдалану шығыстары; сынақ, тәжірибе, зерттеу жүргізу шығыстары; өнертабыс пен техникалық жетілдіру шығыстары; жалпы зауыт (жалпы фирма) мақсаттары үшін жұмсалатын еңбекті қорғау шығындары; кадр даярлау шығындары жатады. Жұмыс күшін ұйымдастырып жинау; өзге жалпы шаруашылық шығыстары; салықтар, жиындар мен өзге де міндетті аударымдар мен шығыстар; сыртқы себептер бойынша бос тұрудан болатын ысырап; зауыт қоймаларында сақатаған кезде материалдар мен өнімнің бүлінуінен болатын ысырап; зауыт қоймаларында материал мен өнімнің жетіспеуі; өзге өнімсіз шығыстар, сондай-ақ жалпы және әкімшілік сипаттағы басқа шығыстар кіреді.
Әкімшілік шығыстар «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 аттас актив шотта есептеледі.
Олардың есмебін келесі, бұрыннан қолданылатын шығыс баптары бойынша жүргізген орынды:
–жалпы зауыт қызметкерлерінің жалақысы;
– іссапарлар мен ауысуға жұмсалатын шығыстар;
– күзет ұстау;
– негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
–жалпы зауытта пайдаланылатын ғимараттарды, құрылыстар мен құрал-саймандарды ұстау мен жөндеу;
– сынақ, тәжірибе, зерттеу жүргізу, жалпы зауыт зертханасын ұстау, өнертабыс мен техникалық жетілдіруге жұмсалатын шығыстар;
– еңбекті қорғау;
– өзге шығыстар;
– салықтар, жиындар мен өзге міндетті аударымдар мен шығыстар;
– бос тұрып қалудан болатын ысырап;
– зауыт қоймаларында сақтаған кезде материалдар мен өнімнің бүлінуі мен жетіспеуінен болатын ысырап;
– өзге өнімсіз шығыстар.
Салық заңнамасы бойынша «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шотта есептелетін кейбір шығыстар атап айтқанда: табыс алумен байланысты емес шығыстар; мемлекеттік бюджетке енгізілуге тиіс (енгізілген) айыппұлдар мен өсім; салық төлеушілер тегін берген мүліктің, орындаған жұмыстың, көрсеткен қызметтердің құны; табиғи монополиялар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалардан болатын ысырап; іссапарда болған уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормадан тыс төленетін тәуліктік ақы; банкет, демалыс, сауық немесе демалыс ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар; Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормадан тыс өкілдік шығыстар; белгіленген нормалардан тыс басқа да шығыстар салық салынатын табысты анықтаған кезде шегерілмеуге тиіс. Оларды «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шоттың жеке қосалқы шотында есептеген орынды. Олар есепті кезеңнің соңында осы шоттың кредитінен «Жиынтық табыс» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне есептен шығарылады.
«Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шот дебеті бойынша мына шоттардың кредитімен корреспонденттеледі:
–«Шикізат пен материал» деп аталатын 1310, «Тауарлар» деп аталатын 1330 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – жалпы шаруашылықтық және әкімшілік мұқтажға пайдаланылған тауарлық-материалдық запастардың құнына;
– Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330, «Қосымша өндірістер» деп аталатын 3310 шот – жеткізушілердің, мердігерлердің, еншілес қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, қосалқы өндірістердің әкімшілік және жалпы шаруашылық мақсаттар үшін көрсеткен қызметтерінің құнына;
«Даяр өнім» деп аталатын 1320, «Негізгі өндіріс» деп аталатын 8110, «Қосалқы өндіріс» деп аталатын 8310 және «Тауарлар» деп аталатын 1310 шот – зертханалық талдау, тәжірибе, сынақ және т.б. өткізу үшін пайдаланылған меншікті өндірістің жартылай фабрикаттарының құнына;
– «Жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялардың амортизациясы» деп аталатын 2320 және «Негізгі құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2420 шот – жалпы шаруашылықтағы тағайындалыстағы ғимараттардың, құрылыстардың және басқа да негізгі құралдары бойынша есептелген амортизацияның сомасына;
– «Өзге материалдық емес құралдардың амортизациясы» деп аталатын 2740 шот –жалпы шаруашылықтық тағайындалыстағы материалдық емес активтер бойынша есептелген амортизацияның сомасына;
– «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» деп аталатын 1120 шот – болашақтағы кезеңдердің есепті жылы танылатын шығыстары;
– «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот – әкімшілік қызметкерлері және зауытты басқаратын өзге қызметкерлерге демалыс уақытына есептелетін жалақының, сыйақының, материалдық көмектің сомасына;
–«Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – есептелген әлеуметтік салықтың сомасына;
–«Жер салығы» деп аталатын 3160, «көлік құралдарының салығы» деп аталатын 3170 және 3180 шот – осы салықтар есептелген сомаға;
– «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330, «Қосымша өндірістер» деп аталатын 3310 шот – жеткізушілердің, мердігерлердің, еншілес қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың, қосалқы өндірістердің әкімшілік және жалпы шаруашылық мақсаттар үшін көрсеткен қызметтерінің құнына;
– «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын 1250 шот – әкімшілік-басқару қызметкерелрінің іссапар шығындарына;
– «Жалгерлік жөніндегі қысқа мерзімді дебиторлық берешек» деп аталатын 1260 шот – жалпы және әкімшілік мақсаттарда пайдаланылатын негізгі құралдарды жалға алу жөніндегі шығыстарға;
– «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты» деген 1030 шот – банк қызметтерін төлеуге;
–«Кассадағы ақша қаражаты» деп аталатын 1010, «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деп аталатын 1250 шот – өкілдік шығыстарды төлеуге;
–«Қосылған құн салығы» деп аталатын 3130 шот – жеке және заңды тұлғаларға тегін берілген активтердің жетіспейтн құнына есептелген ҚҚС сомасына;
– –«Кассадағы ақша қаражаты» деп аталатын 1010, «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаты» деп аталатын 1030, «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3310, «Өзге кредиторлық берешек» деп аталатын 3390 шот – консультациялық, аудиторлық, ақпараттық және басқа да қызметтердің құнына;
– «Өзге кредиторлық берешек» деп аталатын 3310 шот – орталық депозитордың немесе тәуелсіз тіркеушінің акционерлік бірліктің акцияларын ұстаушыларының тізбесін жүргізу және сақтау жөніндегі қызметтерінің құнына.
