Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

1.2. Өндірістік шығындарды жіктеу

Өндіріс шығындары деп өнім, тауар жасауға (жұмыс орындау мен қызмет көрсетуге) жұмсалатын жанды және заттай еңбектің шығыны аталады. Өнім (Жұмыс, қызмет) өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы бойынша да, экономикалық маңызы бойынша да, өнім өндірісінде атқаратын рөлі бойынша да, өнімнің өзіндік құнына енгізу тәсілі бойынша да біркелкі емес. Сондықтан экономикалық теорияда шығындар әр түрлі белгілер бойынша топтастырылады. Шығындар негізінен былайша жіктеледі:

1.1. Өндірістік шығындарды жіктеу

Жіктеу белгісі

Шығынды бөлу

1

2

1

Өндірістік процестегі экономикалық рөлі бойыншаа

Негізгі және үстеме

2

Құрамының тұтастығы бойынша

Бір элементті және кешенді

3

Өндіріс көлеміне қатысты

Өзгермелі және тұрақты

4

Жекелеген өнім түрінің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша

Тікелей және жанама

5

Пайда болудың кезеңділігі бойынша

Ағымдағы және біржолғы

6

Өндіріс процесіне қатысуы бойынша

Өндірістік және өндірістен тыс (кезеңнің шығыстары)

7

Шығын жұмсаудың қисындылығы (тиімділігі) бойынша

Өнімді және өнімді емес

8

Жоспармен (нормалаумен) қамту мүмкіндігі бойынша

Жоспарланған және жоспарланбаған

Негізгі шығынға өнім (жұмыс, қызмет) жасау процесімен тікелей байланысты шығындар жатады. Оларға шикізат, материал, өндірістік жұмысшылардың жалақысы, технологиялық мақсаттағы отын және т.б. шығын жатады.

Үстеме шығынға өндірісті ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты, яғни бөлімшелердің (цехтардың, бөлімшелердің) әкімшілік-шаруашылық қызметкерлеріне жалақы төлеу шығыны, жарықтандыру үшін электр энергиясына, өндірістік үй-жайларды жылытатын отынға жұмсалатын шығыс, өндірістік негізгі құралдың тозуы мен оларды жөндеуге жұмсалатын шығын жатады.

Бір элементтік деп осы ұйымда құрамдас бөліктерге жіктелмейтін біркелкі экономикалық элементтерден тұратын шығындар жатады.

Кешенді деп бірнеше экономикалық элементтен құралатын шығындар аталады. Оларға үстеме шығыстар, қызметкерлерге жалақы төлеу, негізгі құралдардың тозуы және т.б. бірнеше элемент кіретін кезеңнің шығыстары жатады.

Өзгермелі шығысқа жалпы мөлшері шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлеміне тікелей тәуелді шығыстар жатады. Мұның өзінде өнім бірлігіне жұмсалатын осы шығыстардың көлемі өзгермеуі мүмкін. Оларға технологиялық мақсаттарға шикізат пен материалдың, отын мен энергияның шығысы, жұмысшылардың жалақысы (кесімді) және т.б. жатады.

Тұрақты шығынға өндірістің көлемі өзгерген кезде жалпы мөлшері өзгермейтін немесе шамалы өзгеретін (шартты-тұрақты шығыстар) жатады. Тұрақты шығынның мысалы ретінде үстеме және әкімшілік шығыстарды атауға болады.

Үстеме шығыстардың құрамында машиналар мен жабдықтардың жұмыс уақытының санына байланысты жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары, сондай-ақ тұрақты мөлшер емес ақаудан болатын ысырап есептеледі. Сондықтан экономикалық әдебиет пен практикада шығыстар өндірістің көлеміне қатысты өзгермелі және шартты-тұрақты шығысқа бөлінеді.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) жекелеген түрлеріне жататын шығыстар тікелей шығыс деп аталады. Оларға көбінесе шикізат пен материалға, өндірістік қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығыс, ақаудан болатын ысырап және т.б. жатқызылады.

Әр түрлі өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында бөлінетін шығыстар шартты базаға пропорционал жанама шығыс деп аталады.

Шығындар тікелей және жанама шығынға саланың ерекшеліктері мен өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне сәйкес бөлінеді. Мысалы, гидроэлектр станциялары мен көмір өндірісінде және өнімнің бір түрі ғана өндірілетін барлық жерде бүкіл шығындар тікелей болып табылады. Түйіндес өнім шығаратын ұйымдарда, мысалы, ет, сүт өңдейтін және т.б. ұйымдарда шикізаттың өзі одан шығарылатын өнімнен жанама жолмен бөлінеді.

Ағымдағы шығынға осы есепті кезеңде өнім өндірісімен және оны сатумен байланысты, кезеңділігі жиі, атап айтқанда шикізат пен материалдың шығысы, өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу және т.б. шығыс жатады.

Біржолғы шығысқа (бір рет) шығысқа өнімнің, цехтар мен қуаттардың жаңа түрлерін дайындау мен игеруге, газетке, техникалық әдебиет пен т.б. жазылуға жұмсалатын шығыс жатады.

Өндірістік шығысқа өнім жасаумен байланысты және оның өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығыстар жатады.

Өндірістен тыс шығысқа кезеңнің ұйым қызметінің нәтижесіне жазылатын шығыстары жатады.

Өнімді шығысқа технология сақталып, өндіріс ұтымды ұйымдастырылған жағдайда белгіленген сападағы өнім шығарумен тікелей байланысты шығыстар жатады.

Өнімсіз шығыстарға технология мен өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктермен байланысты (ішкі себептер бойынша бос тұрған уақыттан ысырап шегу, өндірістегі ақау, жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс істегені үшін ақы төлеу және т.б.) шығыстар жатады.

Өнімді шығыстар жоспарланады, сондықтан олар жоспарланған деп аталады.

Өнімсіз шығыстар әдетте жоспарланбайды, сондықтан олар жоспарланбаған деп аталады.

Шығындар экономикалық мазмұны бойынша экономикалық элементтер мен шығыс баптарына (калькуляция баптарына) бөлінеді. Экономикалық элемент деп субъектінің кәсіпорын деңгейінде құрамдас бөліктерге жікте мүмкін емес негізгі қызметінің бастапқы біркелкі шығыны аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдар өндіріс шығындарының экономикалық элементтерінің келесі номенклатурасы пайдаланады:

– материалдық шығындар;

– жалақы шығындары;

– сақтандыру аударымдары;

– құралдардың тозуы;

– өзге шығындар.

Шығындарды элементтер бойынша топтастыру өндіріске не жұмсалды деп аталатын сұраққа жауап береді. Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мына баптар бойынша жүзеге асырылады:

– материалдар;

– өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу;

– жалақыдан ақша аудару;

– үстеме шығыстар.

Оларды калькуляция баптары бойынша топтастыру шығындардың мақсатты бағытын, олардың техникалық-экономикалық тағайындалуын көрсетеді, яғни осы шығындардың қайда бағытталғанын, қаражатттың қайда жұмсалғанын айғақтайды.

Қарастырылып отырған екі топтағы аттас шығыстар құрамы мен мазмұны бойынша біркелкі емес және жалпы шығындарда олардың өзіндік құны әр түрлі болады. Мәселен, шығындарды экономикалық мәні бойынша топтастырған кезде «Материалдық шығындар» элементіне бөгде тараптан сатып алынған шикізаттың, негізгі және қосымша материалдардың, отынның, электр энергиясының, жартылай фабрикаттардың, жинақтаушы даяр бұйым мен кооперацияланған ұйымдардың өнеркәсіптік қызметтерінің құны, сондай-ақ оларды сатып алу мен ұйымның орталық қоймасына бөгде көлікпен жеткізуге жұмсалған барлық шығыс кіреді.

Мұның өзінде шикізатты, негізгі және қосымша материалдарды, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен бұйымдар мен отынды ұйымның өзінің көлігімен және қызметкерлері жеткізумен (тиеу-түсіру жұмыстарын қосқанда) байланысты шығындар, шикізат пен материал дайындалатын жерлерде ұйымдастырылатын арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттерді ұстау шығыстары; материалдық құндылықтарды дайындаумен және оларды дайындалған жерден ұйымның қоймасына жеткізумен тікелей байланысты іссапар шығындары (осы ұйымның жүргізушілерінің, жүкшілерінің жүкті жеткізушілерден жеткізу кезіндегі іссапар шығындары) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (жалақы шығындары, сақтандыру шығындары, өзге шығындар) кіреді. Сөйтіп, шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастырған кезде өндіріске жұмсалған материалдар толық өзіндік құны емес, «Запастар» деп аталатын кіші тараудың тиісті шотының дебетіне жатқызылған олардың өзінің көлігімен қоймаға жеткізу құны мен тиеу-түсіру жұмыстары үшін төленетін жалақы шегеріліп көрсетіледі.

Калькуляцияның «Материалдар» бабы бойынша да меншікті жасалған дайындамалар мен әзірлемелердің материалының құны көрсетілсе, «Материалдық шығындар» элементінде тек сатып алынатын бұйымдардың, отынның, энергияның құны ғана көрсетілетінін атап өту керек.

«Материалдық шығындар» элементінің ізделіп отырған сомасын алу үшін шығыннан өндіріске жұмсалған сатып алынған материалдардың өзіндік құнына кіретін өзінің көлігінің қызметі мен тиеу-түсіру жұмыстары үшін төленетін жалақыдан басқа мыналарды да шегеру керек:

– өңдеу процесінде алынған қалдықтардың құнын;

– қоймаға қайтарылған материалдардың құнын;

–меншікті өндірісте жасалған, цехтар тұтынған материалдардың құнын (егер бірдей материалдар, құралдар және т.б. өзінің цехтары жасаса, сондай-ақ бөгде тараптан сатып алынса, онда тұтыну ең алдымен өзі жасаған материалдың, құралдың және т.б. есебінен жүзеге асырылады деп саналады);

– ықтимал пайдалану бағасы бойынша ақау;

–«Материалдар» деп аталатын тиісті шоттардың дебетінің кірісіне жатқызылған материалдың қалдығы.

«Жалақы шығындары» элементінде жалақы төлеу қорынан төленетін жұмысшылардың сыйлықақысы мен ұйымның негізгі қызметіне жатқызылған тізімнен тыс құрамындағы қызметкерлердің жалақысын қоса алғанда, бүкіл өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің негізгі және қосымша жалақысы көрсетіледі.

Шығындарды калькуляцияның баптары бойынша топтастырған кезде жұмысшыларға жалақы төлеумен байланысты шығыстар жеке бапта жеке, ал цех қызметкерлерінің жалақы шығыстары үстеме шығыстардың құрамында, әкімшілік-басқару қызметкерлері мен өнім өткізу (сату бөлімінің) бөлімі қызметкерлерінің жалақы шығыстары – тиісінше әкімшілік шығыстар мен қызмет көрсету жөніндегі даяр өнімді сату жөніндегі шығыстардың құрамында көрсетіледі.

«Сақтандыру аударымы» элементінде бүкіл өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің жалақы қорынан республиканың әр түрлі қорларына белгіленген нормалар бойынша аударылатын аударымдар көрсетіледі. Осы аударымдар есепте «Жалақы төлеуден аударым аудару» және «Үстеме шығыстар» деп аталатын калькуляциялық баптар бойынша, сондай-ақ «Әкімшілік шығыстар мен «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың» құрамында көрсетіледі.

«Құралдардың тозуы» элементінде өндірістік негізгі қорлардың олардың бастапқы құнынан белгіленген амортизация нормасы бойынша есептелген тозуы, сондай-ақ материалдық емес активтердің амортизациясы көрсетіледі. Калькуляциялық баптар бойынша топтастырған кезде құралдардың тозуы «Үстеме шығыстардың», «Әкімшілік шығыстардың», «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың» құрамында көрсетіледі.

«Өзге шығыстар» элементіне шығындардың басқа элементіне жатқызыла алмайтын шығындар кіреді. Мысалы, жалақы төлеу қорына кірмейтін қызметкерлерге төленетін кейбір ақша төлемдері (іссапар кезіндегі тәулікақы, басқа жерге көшкен кезде төленетін көтерме ақы және т.б.), өнеркәсіптік сипаттағы емес қызметтер мен жұмыстарды (байланыс органдарының, жолаушылар көлігінің, күзет органдарының), өсімпұл, айыппұл және т.б. төлеу

Есеп айырысу және тиісті шоттардың кредиті бойынша көрсетілген шығындарды (өсімпұл, айыппұл және т.б.) азайту үшін түсім түскен жағдайда, осы бап бойынша шығындарды осы сомаға азайту керек.

Экономикалық элементтер бойынша өндірістік шығындардың калькуляциялық және жинақтау-бөлу шоттарында, сондай-ақ қатарлас есепті кезеңдердің арасындағы шығындарды бөлуге арналған болашақтағы кезеңдер мен алдағы шығыстар мен төлемдердің шығыстарының шоттарында (1620, 3410-3440-шоттар) есептелетін ұйымның өнеркәсіп өндірісінің барлық шығындары көрсетіледі. Шығындар зауыт ішіндегі айналымнан, яғни меншікті шығарылған жартылай фабрикаттарды, қосымша цехтардың қызметтерін зауыт ішінде тұтыну шегеріліп есептеледі. Өнеркәсіптік емес шаруашылықтардың шығыстары экономикалық элементтер бойынша өндіріс шығындары туралы есепке кірмейді.

Сондықтан элементтер бойынша шығындардың жалпы сомасы есепті кезең ішіндегі аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өзгеру, болашақтағы кезеңдердің шығысы мен алдағы шығыстардың резерві мен төлемдердің есебінен, сондай-ақ шығындардың бөлігін өндірістік емес шоттардың мен кезеңнің шығыстарына есебінен тауарлық өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына сәйкес келмейді.

Шығарылған тауарлық (даяр) өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құны туралы дерек алу үшін экономикалық элементтер бойынша барлық шығындардан өндірістік емес шоттар мен кезеңнің шығыстарына есепке шығарылған шығындарды шегеріп, мына нақтылауларды енгізу қажет: минус өсім немесе плюс «Болашақтағы кезеңдердің шығыстары» мен «Аяқталмаған өндіріс» шоттары бойынша қалдықтың азаюы, плюс өсім немесе минус «Болашақтағы шығыстар мен төлемдердің шығыстары» («Қызметкерлердің демалыстары бойынша есептелген берешек»), «Өзге кредиторлық берешектер мен есептелген ақша» қалдығының азаюы.

Шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастыру маңызды рөл атқарады. Оны статистика органдары салада (өнеркәсіпте, құрылыста және т.б.) жасалған таза өнім көрсеткішін есептеу, сондай-ақ саланың даму бағытын анықтау үшін маңызды болып табылатын өндіріс шығындарының құрылымын анықтау үшін пайдаланады. Элементтер жөніндегі ұйымдар өндіріс шығындарының сметасын жасап, оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады, айналым қаражатының пайдалануын жоспарлап, талдайды.

Шығындарды калькуляция баптары бойынша топтастыру шығындардың талдамалы есебін жүргізу, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен бақылауды ұйымдастыру үшін қажет. Осы топтастыру өндірістік шығындардың тағайындалуын, сол немесе басқа шығындардың өнім жасаумен (жұмыс немесе қызмет орындаумен) немесе өндіріске қызмет көрсетумен байланысты екенін көрсетеді.

Шығындарды экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша айырмашылығы шартты деректерден (1.2-кесте) көрінеді.