Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2.10. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығындарын қадамдық әдіспен бөлудің есебін жүргізу

Қызмет көрсететін қызметтер (бөлімдер)

Өндірістік бөлімшелер

Барлығы

Ақпараттық жүйе

Жөндеу қызметі

Механикалық

Жинау

Бюджеттік (сметалық) жалпы өндірістік шығыстар бөлудің алдында (теңге)

1 200 000

1 620 000

4 200 000

9 000 000

1 6020 000

Ақпараттық жүйенің шығындарын бөлу

Бөлу коэффициенті

1/10

-

4/10

5/10

-

Сомасы

162 000

(1 620 000)

648000

810 000

-

Жөндеу қызметінің шығындарын бөлу

Бөлу коэффициенті

-

-

3/8

5/8

8/8

Сомасы

(1 362 000)

-

510 750

851 250

-

Барлық шығындар

5 358 750

10661250

16020000

Қызмет көрсететін қызметтердің шығындарын келесі тәсілмен де бөлуге болады. Жөндеу қызметінің 1 сағат жұмысының шығындары 27 = 00 (1620000 : 60000) құрайды, осыдан осы қызметтің: ақпараттық қызметке қатысты шығындары: 162000 = (6000 х 27), механикалық цехқа қатысты 648000(24000 х 27) және жинау цехына 810000 (30000 х 27) құрайды, ал ақпараттық қызметттің негізгі бөлімшелерде 1 сағат жұмысының шығындары 17025 (1200000 + 162000: 80000) құрайды, осыдан оның механикалық цехқа қатысты шығындары 510750 = (17.025 х 30.000) және жинау цехына қатысты шығындары – 851250 (17025 х 50000) құрайды. Демек, жалпы негізгі цехтардың шығындары: 16 020 000 теңгені, оның ішінде механикалық цехтың 5 358 750 теңгені, жинау цехының 10661250 теңгені құрады.

Механикалық есептердің күрделі болуына байланысты желілік басқару тәсілі өте сирек қолданылады және ол жуық деректер береді.

«Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот дебеті бойынша мына шотттардың кредитімен корреспондентелуі мүмкін:

–«Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – технологиялық мақсаттарға пайдаланылған шикізатттың, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, отынның және т.б. құнына;

– «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот –өз ұйымының басқа қосалқы цехтары мен учаскелерінен алынған будың, суықтың, судың, электр энергиясының және т.б. құнына;

– Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес, қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға) деп аталатын 3310-330 және «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын 3390 шот – бөгде ұйымдардан алынған будың, суықтың, судың, электр энергиясының және т.б. құнына;

–«Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 шот– өндірістік жұмысшыларға есептелген негізгі және қосымша жалақының сомасына;

–«Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 шот – өндірістік жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік салыққа аударылған аударым сомасына;

–«Қызметкерлерге төленетін сыйлықақылар жөніндегі қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот – қосалқы өндірістердің жұмысшыларының демалысын төлеу үшін есептелген резервтің сомасына және жұмысшылардың демалысының төлемінің резервінің әлеуметтік салығының сомасына.

–«Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот – қосалқы өндірістердің үстеме шығыстарының сомасына.

«Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот кредит бойынша – мына шоттардың дебетімен корреспондеттеледі:

– «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот – өндірістегі ақаудың сомасына;

– «Даяр өнім» деп аталатын 1320 шот – қосалқы өндірістер шығарған даяр өнімнің құнына;

– «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот –қосалқы өндірістердің өндірісте материал ретінде пайдаланылатын өнімнің және т.б. құнына;

– «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 шот – көлік цехының өнім тиеу қызметтерінің құнына;

– «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210, «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 және «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот –қосалқы өндірістердің негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі қызметтерінің құнына, осы мақсатта резерв құрылмаған жағдайда;

– «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3440 шот– қосалқы өндірістердің негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі қызметтерінің құнына, егер осы мақсаттарға резерв құрылса;

– «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шот– қосалқы өндірістердің көлік қызметтерінің құнына;

– «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот– қосалқы өндірістердің цехтар мен учаскелерге көрсеткен көлік қызметтерінің құнына;

– «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – қосалқы цехтар мен учаскелердің сатып алынған немесе дайындалған материалдарды қоймаға жеткізу жөніндегі көлік және басқа да қызметтерінің құнына;

–«Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110, «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210, «Өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7110 және «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот – қосалқы өндірістердің сату (өткізу) бөлімінің ғимараттарын, құрылыстары, негізгі және қосалқы өндірістердің цехтары мен учаскелерінің әкімшіліктерін жарықпен, жылумен, суықпен, суық және ыстық сумен және т.б. қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің құнына;

–«Аяқталмаған өндіріс» деп аталатын 293 шот – қосалқы өндірістердің шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылатын құрылысқа көрсететін қызметтердің құнына;

–«Активтердің істен шығуы жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7410 шот – негізгі құралдарды таратумен байланысты қызметтердің құнына;

– «Өзге шығыстар» деп аталатын 7470 шот – табиғи зілзалалардың салдарын жоюмен байланысты қызметтердің құнына;

– «Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» деп аталатын 7010 шот– бөгде ұйымдарға көрсетілген қызметтердің құнына,

– «Өзге запастар» деп аталатын 1350 шот – қосалқы өндірістердің кіріске алынған қалдықтарының құнына.