Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2.8. Бөлімшелердің өндірістік көрсеткіштері

Қызмет көрсететін қызметтер (бөлімдер)

Өндірістік бөлімшелер

Барлығы

Ақпараттық жүйе

Жөндеу қызметі

Механи-калық

Жинау

1.Бюджеттік (сметалық) жалпы өндірістік шығыстар (теңге)

12 000 000

1 620 000

4 200 000

9 000 000

16 020 000

Қызметтерді бөлу пропорциясы:

2. Ақпараттық жүйелер

а) Еңбек-сағаттарының бюджеттік шығындары

-

20 000

30 000

50 000

100 000

ә) Коэффициенттер

3.Жөндеу қызметінің

а) Жөндеу-сағаттағы бюджеттік шығындар

6000

-

24000

30000

60.000

ә) Коэффициент

1/10

4/10

Тура бөлу әдісі. Осы әдіс кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда бір қызмет көрсететін қызметтің екінші қызметке көрсететін ыңғайласпа қызметтері ескерілмейді. Қызмет көрсететін қызметтердің барлық шығындары негізгі өндірістік бөлімшелерінің (цехтардың) есебіне жатқызылады.

Төменде келтірілген кестеде ақпараттық жүйе қызметтерін бөлу базасы ретінде негізгі цехтарда жұмсалатын адам-сағаттың жоспарлық (бюджеттік) саны қабылданған 80 000=(30 000+50 000).

Есептеген кезде жөндеу қызметі үшін жұмсалған 20 000 сағат назарға алынбайды. Негізгі цехтардың жабдықтарын жөндеуге жұмсалған 27000 сағат (24000+3000) мөлшеріндегі уақыт шығыны жөндеу қызметінің өндірістік шығыстарын бөлу үшін негізгі алынады.

Тура әдістің қарапайымдылығы оның негізгі артықшылығы болып табылады. Есеп былайша жүзеге асырылады.

2.9. Қызмет көрсетуші қызметтердің шығынын тура әдіспен бөлуді есептеу

Қызмет көрсететін қызметтер (бөлімдер)

Өндірістік бөлімшелер

Барлығы

Ақпараттық жүйе

Жөндеу қызметі

Механикалық

Жинау

Бөлу алдындағы бюджеттік (сметалық) жалпы өндірістік шығыстар

1 200 000

1 620 000

4 200 000

9 000 000

16020000

Ақпараттық жүйенің шығындарын бөлу

Бөлу коэффициенті

3/8

5/8

8/8

Сомасы

450000

750000

1200000

Жөндеу қызметінің шығындарын бөлу

Бөлу коэффициенті

4/9

5/9

9/9

Сомасы

-

720000

900000

1620000

Барлық шығын

5370000

10650000

16020000

Бөлуді мына тәсілмен жүзеге асыруға болады:

1) Өндірістік бөлімшелердегі ақпараттық жүйенің 1 сағат жұмысының шығындары 15=00 (1200000:80000) құрайды, осыдан механикалық цехқа қатысты шығындар 450000 (15х30000) және жинау цехының шығындары 750000 (15х50000) тең болады.

2) Өндірістік бөлімшелердегі жөндеу қызметінің 1 сағат жұмысының шығындары 30 (1620000:540000) құрайды, осыдан механикалық цехқа жатқызылатын шығындар 720000 = (24000х30) және жинау цехының шығындары 900000 = (30000х30) тең болады..

Қадамдық әдіс. Осы әдіс қызмет көрсетуші қызметтердің ыңғайласпа қызметтерін бөлу үшін пайдаланылады, ол шығындарды тура бөлу әдісіне қарағанда неғұрлым дәл, ал шығындарды бөлу циклы әдетте тұтынудан гөрі көп қызмет көрсететін қызметтен басталады (біздің мысалда бұл жөндеу қызметі). Бұдан кейін келесі қызметтің шығындары бөлінеді және бөлу қадам-қадаммен жалғасады. Бөлуді ең аз қызмет көлемін көрсететін бөлімше (қызмет) аяқтайды.