Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2.6. Қосалқы өндірістердің шығынының есебін жүргізу және бөлу

Қосалқы деп ұйымның негізгі өндірісін энергиямен, құрал-саймандармен, қаптамамен, жөндеумен, көлік және басқа да қызметтермен қамтамасыз етуге арналған өндірістері мен басқа да бөлімшелері аталады. Қосалқы өндірістердің есебін ұйымдастыру олар атқаратын функцияларға, технологиялық процестер мен шығарылатын өнімнің, өнім өндірісі мен ұйымды басқару нысандарының сипатына байланысты. Қосалқы өндірістер түрлері мен орындайтын функциялары бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

– құрал-саймандар (құралдарды, штамптарды, пресс-формаларды жасау, жөндеу және қалпына келтіру, сондай-ақ модульдерді жаңғырту);

– жөндеу (жабдықтарды, негізгі құралдарды құрастыру, жөндеу, жаңғырту, қосалқы бөлшектерді жасау және қалпына келтіру);

– энергетикалық (электр, жылу және өзге де энергия өндіру мен бөлу, сумен жабдықтау, ағын суларды тазарту, желдету, энергетикалық желілер мен қондырғыларды құрастыру, жөндеу мен оларға қызмет көрсету);

– көлік (тиеу-түсіру және көлік жұмыстары, көлік құралдарын жөндеу мен оларға қызмет көрсету);

– қаптама ( жасау мен жөндеу);

– шаруашылық қызметтерін көрсету (өндірістік үй-жайлар мен аумақтарды жинау, арнайы киім-кешекті жуу мен жөндеу және т.б.).

Технологиялық процестің сипаты мен шығарылатын өнімнің біркелкілігіне сәйкес қосалқы өндірістер жай және күрделі өндіріске бөлінеді.

Жай өндіріске жартылай фабрикат пен аяқталмаған өндіріс жоқ, күрделі емес біркелкі өнімді (энергетикалық, көлік, шаруашылыққа қызмет көрсету және т.б.) тұрақты шығаратын өндірістер жатады.

Күрделі өндіріске әр түрлі өнім шығаратын және жартылай фабрикаттар мен аяқталмаған өндірісі (құрал-сайман, жөндеу, механикалық, қаптама) бар өндірістер жатады.

Шығаратын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) көлемі бойынша қосалқы өндірістер ірі және ұсақ болуы мүмкін.

Қосалқы өндірістер шығынының есебі «Қосалқы өндірістер» деп аталатын калькуляциялық 8310 шотында өндіріс түрлеріне сәйкес мына шығын баптары бойынша жүргізіледі:

  • Материалдар.

  • Жұмысшыларға жалақы төлеу.

  • Жалақыдан аударым.

  • Үстеме шығыстар.

«Материалдар» бабы бойынша материалдардың нақты құны, технологиялық мақсаттарға арналған отын мен энергия, сатып алынатын өнім мен жартылай фабрикаттар, арнайы мамандандырылған ұйымдардың қызметтері және т.б. көрсетіледі. Бұл ретте «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот дебеттеледі және «Шикізат пен материалдар» деп аталатын 1310 және «Өзге материалдар» деп аталатын (үдемелі-сыйлықақы жүйелері бойынша қосымша ақысыз) 1350 шот – өндіріске жұмсалған материалдар мен отынның құнына; «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шот – өз ұйымының қосалқы өндірісінің басқа цехтарынан алынған будың, судың, газдың, электр энергиясының құнына; «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (жеткізушілерге, еншілес бірлескен қауымдастырылған ұйымдарға) деп аталатын 3310-3390 шоттар – технологиялық мақсаттар үшін бөгде ұйымдардан алынған будың, суықтың, газдың, энергияның құнына кредиттеледі.

«Жұмысшылардың жалақысы» бабы бойынша қосалқы өндірістердің өндірістік жұмысшыларының негізгі және қосымша жалақысы мен жұмысшылардың демалысын төлеуге арналған резерв көрсетіледі. Бұл ретте «Қосалқы өндіріс» деп аталатын 8310 шот дебеттеледі және «Жалақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді берешек» деп аталатын 3350 және «Қызметкерлерге сыйлықақы төлеу жөніндегі қысқа мерзімді міндеттемелер» деп аталатын 3430 шот кредиттеледі.

Жалақыдан аударым бабы бойынша әлеуметтік салыққа аударылатын аударым көрсетіледі. Бұл ретте «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот дебеттеледі және «Әлеуметтік салық» деп аталатын 3150 және жұмысшылардың демалысын төлеу үшін жасалатын резервтің сомасынан белгіленген пайызда аударылатын «Қызметкерлерге төленетін сыйлықақы бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» деп аталатын 3430 шот кредиттеледі.

«Үстеме шығыстар» бабы бойынша «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шотында («Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың кредитінен) алдын-ала есептелген үстеме шығыстар көрсетіледі.

Қосалқы өндірістердің шығынының есебі цехтар бойынша жеке ведомостер мен калькуляциялық шығын баптары бойынша жүргізіледі. Жай біркелкі өнім шығаратын қосалқы өндірістерде шығынның есебі баптар бойынша кейін талдап бөлінбей жүргізіледі.

Күрделі қосалқы өндірістерде шығынның есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тапсырыстық әдіспен ұйымдастырылады.

Тапсырыстар жеке-дара құрал-сайманның керек-жарағын немесе біркелкі құралдар мен құрылғылардың тобына, жасалатын стандартты емес жабдықтарға немесе жөнделетін негізгі құралдарға, қосалқы бөлшектер сериясына және т.б. ашылады.

Қосалқы өндірістер өнім шығарғанда және қызмет көрсеткен кезде негізгі бастапқы құжатқа құралдар мен құрылғыларды, модельдерді пресс-формаларды, қосалқы бөлшектерді, қаптаманы тапсыруға арналған жүкқұжат; жөнделген, жаңғыртылған және қайта жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері; автокөлік жұмысының жол жүру парақтары; автоматты тиегіштердің, автоматикалық карлардың жұмысының есебін жүргіу ведомостері жатады.

Өндірілген және бөгде тараптан алынған электр және энергияның басқа түрлерінің, суық судың және т.б. есебі, сондай -ақ оны тұтынушыларға босату есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі, ал аспаптар болмаған жағдайда жабдықтың қуаты мен оның жұмысының ұзақтығына сәйкес есептеу арқылы анықталады.

Есептеу аспаптарының деректері немесе бас энергетиктің (немесе энергетиктің) есебі бойынша энергетикалық ресурстарды тұтынушыларға табиғи түрде бөлу ведомосі жасалады. Осы ведомосте сондай-ақ олардың қандай мақсатта (технологиялық мақсатта, жабдықтарды қозғалысқа келтіруге, жалпы өндірістік және басқа да мақсаттарға) пайдаланылғаны көрсетіледі. Ведомость бухгалтерияға табыс етіледі және тұтынушылардың энергетикалық ресурстарды пайдалануының бастапқы құжаты болып табылады. Жай өндірістерде аяқталмаған өндірістің болмауына және біркелкі өнім шығарылуына байланысты калькуляциялық бірліктің өзіндік құны барлық шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) санына бөлу арқылы анықталады. Жөндеу, модельдік құрал-сайман және сол сияқты күрделі қосалқы өндірістерде әдетте тапсырыстық есеп жүргізу әдісі қолданылады.

Талдамалы шығын есебі жөнделетін объектілер, жасалатын құрал-сайман, керек-жарақтың, модельдер түрлері немесе топтары және шығын топтары бойынша жүргізіледі. Әр бір есеп жүргізілетін (калькуляцияланатын) объектіге талдамалы есеп карточкасы ашылады, онда есепті кезеңнің басы мен соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдығы, шығын баптары бойынша есепті кезеңдегі шығындар, есептен шығару: есептелетін шығындардың азаю реті бойынша (материалдың қайтарылуы, алынған қалдықтар және т.б.), шығарылған өнімнің немесе орындалған жұмыстардың (қызметтердің) құны көрсетіледі.

Есепті кезеңнің соңында «Қосалқы өндірістер» деп аталатын 8310 шотта есептелетін шығындар олардың қызметтерін тұтынатын тұтынушылардың арасында бөлінеді. Жай қосалқы өндірістердің есепті кезеңдегі шығындары тұтынушылардың арасында тиісті өлшем бірлігінде (1 кВт.с электр энергиясы, 1 Гкал. жылу, 1 т бу, 1 000 м3 қысылған ауа, 1м3 су, 1 т тасымал, автокөліктің 1 сағат жұмысы және т.б.) олар тұтынған қызметтерге пропорционал немесе өндірістік тапсырыстар бойынша бөлінеді.

Әр түрлі өнім шығаратын күрделі өндірістерде бірінші сатыда өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында үстеме (жанама) шығыс бөлінеді, ал екінші сатыда – аяқталмаған өндірістің қалдықтары бағаланады, тек содан кейін өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады.

Аяқталмаған өндіріс нақты өзіндік құн немесе жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндірісті бағалаған кезде «Материалдар», «Қызметкерлердің жалақысы» мен «Жалақыдан аударылатын аударым» баптары бойынша шығындар бастапқы құжаттардың негізінде немесе есептеу арқылы анықталады.

Аяқталмаған өндірісті түгендеу деректері бойынша есептеу арқылы бағалаған кезде аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны мен норма-сағаттағы олардың даярлық дәрежесі анықталады. Аяқталмаған өндірістің түрлері бойынша норма-сағаттың санын бір норма-сағаттың жалақысына көбейтіп жұмысшылардың жалақысын анықтауға болады. Жалақыны белгіленген пайызға көбейту арқылы жалақыдан аударылатын аударым анықталады. Материалдардың құны нормативтік (жоспарлы) калькуляция деректері бойынша, үстеме шығыстарды – оларды даяр өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) мен аяқталмаған өндірістің арасында қосалқы өндірістің өндірістік цех (учаске) жұмысшыларының жалақысына пропорционал бөлу арқылы анықталады. Осы баптар бойынша шығындардың сомасы аяқталмаған өндірістің өзіндік құнын құрайды. Аяқталмаған өндірісті жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағалаған кезде шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған нақты шығындар мен аяқталмаған өндірістің даярлық дәрежесі (%) ескеріліп, қалған шығындар бойынша нормативтік шығындар ескеріледі.

Күрделі қосалқы өндірістерде өнімнің (жұмыстың, қызметтің) нақты өзіндік құны әр бір тапсырыс бойынша анықталады. Бұл үшін есепті кезеңнің басындағы әр бір тапсырыс бойынша аяқталмаған өндірістің қалдығына есепті кезең ішінде осы тапсырыс бойынша шығын баптары бойынша есептелген шығындар қосылады және есепті кезеңнің соңындағы аяқталмаған өндірістің қалдықтары мен шығындарды азайтатын басқа да есептен шығарулар (қоймаға қайтарылған материалдардың, қайтарымды қалдықтардың құны және т.б.) шегеріледі. Айырма шығарылған өнімнің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің нақты өзіндік құнын құрайды.

Бір тапсырыс бойынша бірнеше өнім түрі шығарылған жағдайларда олардың арасында шығын әдетте жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнға пропорционал бөлінеді.

Ішінара орындалған тапсырыстар бойынша өнімдер, жұмыстар мен қызметтер жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн бойынша бағаланады, ал нақты өзіндік құн бүкіл тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады.

Қосалқы өндірістердің ерекшелігі ретінде олардың арасында өзара (ыңғайласпа) қызметтер көрсетуді атауға болады. Мысалы, электр станциясы қазандық пен жөндеу-механикалық цехты энергиямен жабдықтайды. Ал электр станциясы қазандық пен жөндеу-механикалық цехтың қызметтерін пайдаланады. Жөндеу-механикалық цех та қазандықтың қызметтерін пайдаланады және оған ыңғайласпа қызметтер көрсетеді ( № 2.7-кестені қараңыз). Бұл жағдайда электр энергиясының нақты өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылған будың өзіндік құны мен жөндеу-механикалық цехтың қызметтерінің өзіндік құнын білу, ал будың өзіндік құнын есептеу үшін электр энергиясының өзіндік құны мен жөндеу-механикалық цехтың қызметтерінің құнын білу керек.

Өзара көрсетілетін қызметтердің нақты өзіндік құнын математикалық есептеу, яғни жүйелі жақындастыру арқылы анықтауға болады, алайда бұл тәсіл өте сирек пайдаланылады.

Іс жүзінде күрделі математикалық есептеулерді оңайлату үшін, әдетте, қосалқы өндірістердің өзара (ыңғайласпа) қызметтерін жоспарлы (нормативтік) өзіндік құн не болмаса өткен есепті кезеңнің нақты өзіндік құны бойынша бағалайды және есептен шығарады.

Бұл жағдайда орындалған жұмыстардың (қызметтердің) өзіндік құнының олардың жоспарлы (нормативтік) өзіндік құнынан немесе өткен есепті кезеңдегі олардың нақты өзіндік құнынан ауытқулары негізгі өндірістің цехтарына немесе бөгде тарапқа орындалған жұмыстарға (қызметтерге) жатқызылатын болады. біздің мысалда (№ 2.7-кестеден қараңыз) электр станциясы бір айдың ішінде 266 940 теңгенің 70 500 кВч мөлшеріндегі электр энергиясын өндірді, оның 3200 кВч 11200 теңге жоспарлы өзіндік құны бойынша басқа қосалқы өндірістерге өзара қызметтер ретінде және 67300 кВч 255 740 теңге өзіндік нақты құны бойынша зауытты басқару мұқтажына (әкімшілік шығыстары) негізгі өндірістің цехтарына, жабдықтарды жөндеу мен ғимараттарды, цехтарды ұстауға берілді және бөгде тарапқа сатылды. Қазандық бір ай ішінде 889 500 теңгенің 474 тонна буын өндірді. Оның 54 тоннасы 99 900 теңге жоспарлы өзіндік құны бойынша қосалқы өндіріс цехтарына өзара (ыңғайласпа) қызмет ретінде берілді және 789 600 теңгенің 420 тоннасы негізгі өндіріс цехтарына, зауыт басқармасына берілді және бөгде тараптарға сатылды. Жөндеу-механикалық цех 1 170 норма-сағат мөлшерінде жұмыс орындады.