Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2.5. Үстеме шығыстарды бөлу тәртібі

ҚР Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандарты мен халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын қолдану мен қаржы есептілігін табыс ету жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда өндірістік үстеме шығыстарды өзгермелі және тұрақты шығыстарға бөлу ұсынылады. Өзгермелі өндірістік шығыстарға өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей немесе жанама тәуелді жанама өндірістік шығыстар, мысалы: жабдықтың жұмыс істейтін уақытының ұзақтығына байланысты жабдықты ұстау мен пайдалану шығыстары, материалдардың шығыны, жұмысшылардың кесімді еңбекақы бойынша жалақысы жатады.

Өзгермелі өндірістік үстеме шығыстарды өндірістік қуаттарды нақты пайдалану негізінде әр бір өнім бірлігіне жатқызу ұсынылады, мысалы, жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары әр бір өнім түріне жабдықтың жұмыс істеген уақытының санына пропорционал жатады, ақаудан болатын ысырап ақау пайда болған өнімнің нақты түрлеріне жатқызылады.

Тұрақты өндірістік үстеме шығыстар өндірілетін өнім көлеміне тікелей тәуекел емес және кез-келген өндіріс көлемінде біршама өзгермейді. Осы шығыстарға негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы, жалгерлік төлем, өндірістік үй-жайларды жарықтандыру мен жылыту және т.б. жатады.

Бұл ретте жоспарда әр бір өнім бірлігіне жататын тұрақты үстеме шығыстардың сомасы да өндіріс көлеміне сәйкес өзгермейді. Бұл жағдайда бөлінбеген үстеме шығыстар өздері пайда болған кезеңнің шығыстары ретінде танылады және «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне жазылады. Бұл үшін жоспарда шығарылатын өнім мен орындалатын жұмыстың әр бір түріне (бірлігіне) жатқызылатын өндірістік үстеме шығыстардың нормативтік сомасын дұрыс анықтау керек. Ұйым өндіріс көлемі мынадай төрт өнім түрін шығаруды жоспарлады делік:

А бұйым – 2000; Ә бұйым – 3000; Б бұйым – 4000; В бұйым –1000;

Барлығы – 10 000.

Ұйым жоспарда 160 000 теңге тұрақты үстеме шығыстардың сомасын өнім түрлері бойынша былайша бөлуді қарастырды:

А – бұйым бірлігіне шаққанда 20 теңге немесе бүкіл бұйымға (2000х20)=40000 теңге.

Ә – бұйым бірлігіне шаққанда 10 теңге немесе бүкіл бұйымға (3000х10)=30000 теңге.

Б – бұйым бірлігіне шаққанда 15 теңге немесе бүкіл бұйымға (4000х15)=60000 теңге.

В – бұйым бірлігіне шаққанда 30 теңге немесе бүкіл бұйымға (1000х30)=30000 теңге.

Барлығы 160 000 теңге.

Іс жүзінде ұйым 8000 бұйым, оның «А» өнімін – 1500 өнім бірлігін, «Ә» – 250 өнім бірлігін, «Б» – 3000 өнім бірлігін, «В» – 1000 бірлік, нақты тұрақты үстеме шығыстар – 145000 теңгені құрады.

Нақты өнім көлеміне шаққанда тұрақты өндірістік жоспарлы үстеме шығыстар (норма) мынаны құрайды:

«А» өнімінің – 1500 х 20 = 30 000 теңге;

«Ә» өнімінің – 2500 х 10 = 25 000 теңге;

«Б» өнімінің – 3000 х 15 = 45 000 теңге;

«В» өнімінің– 1000 х 30 = 30 000 теңге;

Барлығы 800 130 000 теңге.

Бұл жағдайда нақты тұрақты өндірістік үстеме шығыстардың осы сомасы өнімнің өзіндік құнына жатқызылуға тиіс сомадан 15000 теңге көп. Бөлінбеген өндірістік үстеме шығыстардың 15000 теңге сомасы кезеңнің шығысы ретінде «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шоттың кредитінен «Жиынтық пайда» (жиынтық залал) 5610 шотының дебетіне жатқызылады. Егер тұрақты өндірістік үстеме шығыстардың нақты сомасы өнім бірлігіне шаққандағы жоспарлық нормалар бойынша нақты шығарылған өнімнің көлеміне жатқызылуға тиіс осы шығыстардың сомасынан аз болса, онда шығарылатын өнімнің түрлері арасында өндірістік үстеме шығыстардың нақты сомасы нақты шығарылатын өнімнің көлеміне шаққандағы осы шығыстардың жоспарлы сомасына пропорционал бөлінеді. Бұл жағдайда өнім бірлігіне шаққандағы өндірістік үстеме шығыстардың нақты сомасы осы шығындардың жоспарлы көлемінен төмен болады.

Әр бір цехтың үстеме шығыстары осы цех жасайтын (өңдейтін) өнімнің өзіндік құнына (оның ішіенде басқа цехтар немесе өнеркәсіптік емес шаруашылықтар үшін орындалатын жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнына) кіреді. Өзінің күрделі құрылысы, негізгі құралдарды жөндеу, сондай-ақ өнеркәсіптік емес шаруашылықтар үшін орындалатын жұмыстарға (қызметтерге) жататын үстеме шығыстарды үлесін анықтаған кезде олардың құрамынан осы жұмыстар мен қызметтердің өндірісімен байланысты емес шығыстар, мысалы, арнайы конструкторлық және технологиялық бюроларды, ТББ қабылдаушыларын, арнайы цех зертханаларын ұстау шығындары, негізгі өнімді зерттеу, тәжірибе жасау мен сынау, өнертабыс пен жаңалық енгізу шығыстары алынып тасталады. Бұрын атап өтілгендей, өнімнің ақауынан болатын ысырап, өнім өндірісін дайындау мен игеру шығыстары мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары өздері өндірісімен байланысты өнім түрлеріне жатқызылады. Іс жүзінде өндірістік үстеме шығыстарды жекелеген өнім түрлерінің арасында бөлудің бірнеше тәсілі қолданылады. Жекелеген өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары үстеме шығыстарды пропорционал бөлу базасы ретінде өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы (үдемелі-сыйлықақы жүйелері бойынша қосымша ақысыз) мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарын пайдаланады. Осы әдіс әр түрлі бұйым түрлерін жасаудың еңбек сыйымдылығын да, сондай-ақ өндірістік процесті механикаландыру мен автоматтандыру дәрежесін де ескеруге мүмкіндік береді, сол себептен оны механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі әр түрлі кәсіпорындарға қолдану үшін ыңғайлы.

Өндірістік жұмысшылардың негізгі жалақысы (үдемелі-сыйлықақы жүйелері бойынша қосымша ақысыз) өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру деңгейі бірдей кәсіпорындарда (тігін, аяқ-киім, тері, консерві) былайша қолданылады:

– шикізаттың, материалдар мен жартылай фабрикаттардың құны қосылмаған негізгі шығындардың сомасына пропорционал;

– өңдеу жөніндегі шығындарға пропорционал (химия, мұнай өңдеу өнеркәсібі).

  • жасалған немесе өндірілген өнімнің санына (салмағына) пропорционал

(металлургия, құрылыс материалдарының өндірісі, тау-кен өнеркәсібі және т.б.).

Аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстары мен басқа да үстеме шығыстар даяр өнімнің өзіндік құнына кіретіндей тәсілмен енгізіледі. Аяқталмаған өндірістің көлемі шамалы өндірісте (айлық өндірімге қатысты) осы шығыстар аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жоспарлы деңгейден (жоспарлы нормадан) аспайтын көлемде кіреді. Осы деңгейден ауытқу даяр өнімнің өзіндік құнына толықтай жатады.

Жекелеген өнім түрінің өзіндік құнын дұрыс анықтау үшін жекелеген шығыс баптары бойынша шығындарды мүмкіндігінше өнім түрлері арасында тиісті бөлу базасы бойынша, мысалы, негізгі құралдарды жөндеу шығындары – мен негізгі құралдардың тозуын – жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығыстарына пропорционал бөлу керек.