Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕРЕВОД КНИГИ ПРОИЗ.УЧЕТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.73 Mб
Скачать

2.6. Өндірістегі ақаумен байланысты шаруашылық операциялары

р/с№

Операцияның мазмұны

Байланыстырылатын шоттар

Дт

Кт

1

2

3

4

А. Сыртқы жөнделмейтін ақау жөніндегі операциялардың есебін жүргізу

1

Сатып алушы қайтарған ақаулы өнімнің нақты өзіндік құнына түзету енгізіледі.

7010

2

Сонымен біруақытта:

а) ақаулы өнімді шығару жазбасына нақты өзіндік құн бойынша түзету енгізіледі

ә) қайтарылған тауарлардың құны есепте көрсетіледі:

– сатып алушылар мен тапсырысшылар төлемеген.

6020

1210-1240

– сатып алушылар мен тапсырысшылар бұрын төлеген

6020

3310-3340

б) сатып алушылар мен тапсырысшылар қайтарылған тауарлар бойынша ҚҚС есептен шығарылады:

– төленбеген өнім бойынша.

3130

1210-1240

– бұрын төленген өнім бойынша

3130

3310-3340

в) сатып алушылар мен тапсырысшылар қайтарған бағалар мен сатудан жеңілдіктер есептен шығарылады:

– төленбеген өнім бойынша.

1210-1240

6030

– бұрын төленген өнім бойынша

3310-3340

6030

3

Түпкілікті ақаулы өнім нақты өзіндік құны бойынша есептен шығарылады.

8410

8110, 8310

4

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ақаулы өнімді жеткізушіге кері қайтару жөніндегі шығыстары.

8410

3310-3340

Ә. Есепте ішкі жөнделмейтін ақауды көрсету

5

Ішкі жөнделмейтін ақау нақты өзіндік құны бойынша есептен шығарылады.

8410

8110, 8310

Б. Ішкі және сыртқы жөнделетін ақау жөніндегі операциялардың есебін жүргізу

6

Ақауды жөндеуге жұмсалған материалдардың құны

8410

1310,1350

7

Өнімнің ақауын жөндеуге қатысатын қызметкерлерге жалақы төлеу шығыстары

8410

3350

8

Өнімнің ақауын жөндеуге қатысқан қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударым

8410

3150

9

Сатып алушылардың өнімнің ақауын өздері жөндеумен байланысты шығыстары.

8410

3310-3340

10

Өнімнің ақауын жөндеу жөніндегі қосалқы өндірістердің қызметтері

8410

8310

11

Ақаулы өнімнен алынған материалдар мен құнды қалдықтар кіріске алынды

1350

8410

12

Ақаудан болатын ысырапты өтеу үшін кінәлі адамдардан ұсталған сома

3350

8410

13

Жеткізушіге ақаудың пайда болуына себеп болған сапасыз шикізат, материал, жартылай фабрикат жеткізгеніжұмыстар мен қызметтерді сапасыз орындағаны үшін талап қойылды (талаптың сомасының өтелетініне сенімділік болса)

1280

8410

Бос тұрған уақыт ысырабының есебін жүргізу. Бос тұрып қалудан болатын ысырап өндірістік жабдықтардың жекелеген түрлерінің, цехтардың немесе бүкіл өндірістің жоспардан тыс бос тұру нәтижесінде пайда болады. Бос тұруға жабдықтардың ақауы, шикізатпен, материалмен, отынмен, энергиямен, газбен, сумен және т.б. қамтамасыз етілмеуі себеп болуы мүмкін.

Бос тұрып қалу бос тұру парағымен немесе актімен ресімделеді, онда бос тұрған уақыттың басталуы, аяқталуы мен ұзақтығы, оның коды мен кінәлілер көрсетіледі. Жұмысшының кінәсінсіз бос тұрып қалу, егер жұмысшылар басқа жұмыста пайдаланылмаса, онда осы жұмысшыларға қолданыстағы заңнама нормасы бойынша брс тұрған уақыттан болатын ысырапқа жататын орташа жалақыға дейінгі қосымша ақы белгіленеді.

Бос тұрып қалудың ысырабына сондай-ақ пешті қыздыруға және агрегаттар бос тұрғаннан кейін іске қосуға жұмсалған отынның, энергияның шығысы, егер жабдық толық қуатына болмаса да жұмыс істеуді жалғастырған жағдайда жұмысшылар бос тұрып қалған уақыттағы отын мен электр энергиясының шығысы және жабдықтардың жұмысымен байланысты шығыстар мен үстеме шығыстардың белгіленген бөлігі жатады.

Өндірістегі барлық бос тұрып қалу ішкі және сыртқы себептер бойынша бос тұрып қалуға бөлінеді. Кінәлілер (жеткізушілер, кінәлі адамдар) өтемейтін ішкі себептер бойынша бос тұрып қалудан болатын ысырап ҚР Ұлттық қаржы есептілігінің № 2 стандартының 224-бабына сәйкес өздері пайда болған кезеңнің шығысы ретінде запастардың өзіндік құнынан шығарылады және «Үстеме шығыстар» деп аталатын 8410 шот пен шығындардың есебі жүргізілетін басқа шоттардың кредитінен «Жыинтық пайда (жиынтық залал) деп аталатын 5610 шоттың дебеті бойынша көрсетіледі.

Сыртқы себептер бойынша бос тұрып қалудан болатын ысырап «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын 7210 шотқа жатқызылады.

Егер бос тұрып қалудан болатын ысырап үшін кінәлілерге талап қойылып, өтелсе, онда бос тұрып қалудан болатын ысырап осы сомаға азайтылады.

Табиғи зілзалалардың нәтижесінде бос тұрып қалудан болатын ысырап төтенше шығыстар ретінде «Өзге шығыстар» деп аталатын 7470 шотта есептеледі.

Запастардың бүлінуі мен жетіспеуінен болатын ысыраптың есебі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес материалдық-жауапты және лауазымдық тұлғалардың кінәсінен аяқталмаған өндіріс пен даяр өнімнің, бүлінуден болатын жетіспеу пен ысырап, сондай-ақ запастардың нормативтіктен тыс ысырабы солардың есебінен өтелуіге тиіс. Егер бүліну мен жетіспеу үшін кінәлілер анықталмаса, онда осы ысырап бухгалтерлік есепте: «Жиынтық пайда» (жиынтық кіріс) деп аталатын 5610 шоттың дебетіне есепке шығарылады.

Үстеме шығыстардың (өзге шығыстардың) құрамында запастардың нормалар шектеріндегі ысырабы ғана есептеледі.

Өнімсіз шығыстарға сондай-ақ бұйымға кепілді қызмет көрсету мен жөндеуді жатқызуға болады.

Кепілді қызмет көрсету мен жөндеуге жұмсалатын шығынға ұйымның белгіленген кепілді мерзім шегінде тұтынушыдағы бұйымдардың қалыпты пайдаланылуын ( нұсқаулық, техникалық қызмет көрсету, реттеу, дұрыс пайдалануды тексеру және т.б.) қамтамасыз ететін қызметкерлерді ұстаумен байланысты кепілді қызмет көрсету мерзімі белгіленген өнміді жасайтын ұйымның шығыстары жатады.

Кепілді жөндеудің шығындары «Даяр өнім сату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстар» деп аталатын 7710 шоттың дебеті бойынша есептеледі.