Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор билет бойынша.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.73 Mб
Скачать

24.Фенол-альдегидті полимерлер. Новолакты және резолды олигомерлер мен полимерлердің түзілу механизмі.

Фенол-альдегидті полимерлерді фенолдардың түрлі альдегидтермен поликонденсациясы арқылы алады.

Фенол мен альдегидтің қатынасы және катализатор түріне байланысты екі типті полимерлер түзіледі: термопластиқалық (новолакты шайырлар) және термореактивті (резольді шайырлар). Сонымен қатар, фенол-альдегидті полимерлердің қасиеттері фенол мен альдегидтің табиғатына және поликонденсациялану режиміне байланысты.

Фенол-альдегидті полимерлерді алу үшін қолданылатын шикізат фенол мен формальдегид, сирек кезде басқа фенолдарды: крезол, ксиленол, резорцин; альдегидтерден фурфурол қолданыс тапты.

Фенол-альдегидті полимерлер негізінде келесі материалдар шығарылады (фтороп ласттар):

  1. престелген массалар (престелген ұнтақ, асборезольды пресс материалдар, арнайы ұнтактар және т.б.); қатпарлы пластиктер (текстолит, стеклотекстолит, гетинакс, декоративті пластик және т.б.); пенопласттар; фаолиттер; сылайтын заттар (арзамит және т.б.), желілер жәнет герметиктер

Новолакты полимерлерді қышқыл катализаторлары (тұз, күкірт, қымыздық және т.б. қышқылдары) қатысында фенолдың артық мөлшерінің формальдегидпен поликонденсациялануы арқылы алады. Қышқыл катализаторлары қатысында фенол мен формальдегидтің 7:6 қатынасында төмендегідей құрылысты сызықты полимер алынады:

Резолды фенол-формальдегидті полимерлер. Резолды полимерлер негіздік катализаторлардың қатысында (күйдіргіш натрий мен калий, аммиакты су) фенол мен альдегидтің артық мөлшерінде (6:7) конденсациялаумен алынады. Сонымен қатар, қыздырғанда немесе суықта резиттерге ауысуға қабілеті бар тармақталған полимерлер (резолдар) түзіледі.

Өнеркәсіпте резолды шайырлар қатты және тұтқырлы өнімдер, спиртті және сулы ерітінділер, сонымен қатар сулы эмусльсиялар түрінде шығарылады.

Резолды шайырлар өндірісінің технологиялық процестері оларды алу барысында қатаю процестерінің өту мүмкіндігімен күрделенеді. Практикада резолды шайырларды периодты және үздіксіз әдімстермен алады. әр түрлі маркалы резолды шайырлардың алыну әдістері шамамен бірдей және тек шыққан компоненттер құрамы мен поликонденсациялану режимімен ерекшеленеді.

21-билет

25.Фенолдар мен ароматты спирттер. Изомериясы және номенклатурасы. Алыну тәсілдері, физикалық және химиялық қасиеттері.

Фенолдарфенолдарды тривиальды номенклатура бойынша, мысалы, C6H5OH фенол, CH3−C6H4OH крезол немесе жүйелік номенклатура бойынша көмірсутек атына –ол қосымшасын қосып айтады:

Фенол және оның метилді гомологтары о-, м- және п- крезолдар көп мөлшерде тас көмір шайырында болады.

Алынуы:

Физикалық қасиеттері:

Фенолдар мен нафтолдар суда нашар еритін кристалдызаттар.

Өзіне тән иісі ерекше болады.фенолдар улы заттар, теріге тисе, күйдіреді. Оларды су буымен айдау арқылы тазартуға болады.

Химиялық қасиеттері:

Қышқылдық қасиеті:

Фенолят түзуі:

Ацилдеу реакциясы:

Нитрлеу:

Сульфирлеу:

Галогендеу:

Реакция бұл сатыда тоқтап қалмай, бром суының артық мөлшерімен әрі қарай жүріп хинонды күйге көшеді.

Диссоциациялану константасы:

Диссоциациялану константасы Кдис=1,7*10-10тең. Акцепторлық топтарды енгізу фенолдардың қышқылдық қасиетін жоғарылатып, оларды минералды қышқылдарға жақындатады.

Кталитикалық гидрлеу:

Электрофильді орынбау:

Фенол – түссіз, кристалды, ерекше өткір иісті, улы зат. Фенол теріні күйдіреді. Судағы ерітіндісін медицинада антисептик ретінде қолданылады.

Фенол – химия өнеркәсібінің ең маңызды өнімдерінің бірі, ол көп мөлшерде фенолформальдегид шайырларын, дәрі-дәрмектік қосылыстар, қопарғыш заттар, бояғыштар, хош иісті заттар алу үшін қолданылады.