Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор билет бойынша.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.73 Mб
Скачать

14.Пентан-гександы фракциясының каталитикалық изомерлену процесінің технологиясы.

Мақсаты – автобензиннің жоғарыоктанды изокомпоненттерін алу.

Шикізат – тураайдалатын бензиннің төменоктанды компоненттері– Қ.Б. - 62°С және каталитикалық риформинг рафинаты.

Катализаторлары: 1)Алюмоплатиналы фторланғанжоғарытемпературалы катализаторлар құрамында 0,5% Pt; 2) Металл-цеолитті орташатемпературалы катализаторлар, құрамында Pt-0,8%; 3) Алюмоплатиналы, промотирлі хлорлы төментемпературалы катализаторлар. Олардың барлығы бифункционалды катализаторлар, дегидрогидрлеуші және қышқылдық белсенділіктерге ие. Активті орталықтар металдық сияқты қышқылдықта Н2тез уланады. Крекингтің қосымша реакцияларын басу үшін Н2-құрамды газды циркуляциялағанда қысым астында жүргізеді.

Негізгі параметрлері:

Температура – температураны жоғарлатқан сайын изомерлену реакциясының жылдамдығы шектелетін тепе теңдік шегіне дейін өседі. Одан ары t жоғарлату гидрокрекинг реакцияны жоғарлауына әкеледі. Жеңіл газдар түзілуімен (орташаланған температуралар 360-440°С)

Қысым – температура жоғарлаған сайын процесс тереңдеуі төмендейді, бірақ изомерлену селективтілігі жоғарлайды (орташаланған қысым мәні 2,8-3,0МПа).

Шикізат берілуінің көлемдік жылдамдығы. Түрленудің тұрақты дәрежесінде, көлемдік жылдамдық пен температура изомерлену жылдамдығына антибатты әсер етеді. Көлемдік жылдамдықты екі есе жоғарлату үшін процесс температурасын шамамен 8-11°С арттыру керек.

қ.б. - 62°С бензинді фракцияның изомерленуінің принципті технологиялық кескіні.

Бастапқы шикізат қоспасы (16 сурет), рециркулденуші тұрақты изомеризат пен абсорбентті қыздырғанан кейін К-1 бағанындағы жылуалмастырғышқа береді. К-1 жоғарғы жағынан изопентанды фракцияны алады, одан ары оны бутанды баған К-2 ректификацияға ұшырайды, онда бутаннан мақсатты изопентан бөлінуі жүреді. К-1 төменгі өнімін пентанды бағанға К-3 береді. К-3 төменгі К04 изогександы бағанға фракциялануға бағыттайды, оны жоғарғы жағынан екінші мақсаты өнім - изооктан алынады.

К-3 жоғарғы жағынан алынған пентанды фракцияны, құрамында ~91% (масс.) қ-пентан бар, Н2-құрамды газбен араластырады әрі содан кейін түтікті пеште қажетті температураға дейін қыздырғаннан кейін П-1 стационарлы катализатор қабаты бар Р-1 изомерлену реакторына бағыттайды.

Реакция өнімінің бугазды қоспасын суытады және жылуалмастырғышта және мұздатқышта конденсациялайды да С-5 сепараторына береді, ал циркулденуші С-5 тен шыққан СКҚ Р-2 абсорберде кепкеннен кейін компрессормен шикізатпен араластырады.

К-5 бағанында тұрақтанғаннан кейін изомеризатты ректификацияға шикізатпен бірге бағыттайды. К-6 абсорберінде тұрақтанған газдан гексан фракциясының берілген бөлігінен изопентанды алып шығады, ол К-4 алынған. Гексан фракциясының балансты мөлшері изомерленуге түседі. Процестегі сутек жұмаслуы көп емес – бар жоғы 0,1-0,3% (масс.), шикізатқа.

Изомеризат өзқұндылығы ~ 3 ретке төмен, алкилатқа қарағанда. Изомерлену процесінің кең әрі сенімді шикізат базасы бар алкилдеуге қарағанда.

1-билет