Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

11.Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе

Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден — ағзаның ішкі қажетін қанағаттандыру. Екіншіден – сыртқы орта жағдайларына бейімделу. Мидың және жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі рефлекстер түрінде жүзеге асады, яғни рефлекстік сипатта болады. Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне ӛзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары ӛзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді. Псих.ғылымында мінез топтастырылып оның қасиеттері мынадай 4түрге бөлінеді.

1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау. Жалқаулық. Немқұрайлылық.

2.Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талапқойғыштық, асқақтық, менсінбеушілік.

3.Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.

4.Заттарға қатынасы:ұқыптылық,салдыр-салақтылық,заттарды ұстап тұтыну, ұқыпсыздығы.

Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі, өзекті сипаттары болып табылады.Ал адамның мінез құрылымының ерекшеліктері:

1.Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшілікке деген қатынасын білдіреді.

2.Адамның жеке басының ерекшелігі.осыған орай адам , адам мықты , жақсы,тұрақты, нашар мінезді болып келеді.

3.Мінездің тұрақтылығының, бейімделгіштігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік, бейімделгіштік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады.

12. Қабілеттің психологиядағы орны.

Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік кӛрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті тӛмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже кӛрсетеді. Қабілеттің дамуы мен кӛрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар ӛнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, ӛнер, ӛндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Қабілет жалпы, арнаулы болып бӛлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның

ақыл-ой қабілеті. Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет ӛнері, музыка, сахна ӛнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі. Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Адамның кейбір ӛзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың

ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан кӛп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам ӛмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай ӛзгеруі

т. б.) байланысты болып келеді. Бейімділік - туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі, симптомы. Бейімділік баланың (не ересек адамның) іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан кӛрінеді. Шынайы бейімділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге

үстірт жай таңдана қараудан немесе беріле әрекет еткенмен, орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Сӛйтіп қабілет - адамның табиғи және жүре пайда болтын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында ӛңделіп, дамып жетіледі. Педагогтық қызметте табысқа жету бірқатар себептермен: мұғалім білімінің тереңдігі және кеңдігімен, оның жалпы мәдениет деңгейімен, әдістемелік қарулануымен, ақырында оның жеке басының ерекшеліктерімен анықталады. Байқағыштық. Мұғалімге тән жіті байқағыштық - педагогтық қабілеттің ӛзекті қасиеті. Бұл оқушыны ұғынуға, оның әр түрлі эмоциялық жағдайының, ұшыраған қиындықтарының басты себептерін байқауға жәрдемдеседі. Педагогикалық қиялдау. Ұстаздық қабілеттің жетекші қасиеті -педагогикалық қиялдау. Бұл мұғалімге шәкірттің дамуын жобалауға қажетті. Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттерімен табиғи бірлікте болады. Қабілет және наным. Кӛптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша, адамның іс-әрекетіне, әсіресе шығармасына оның нанымы із қалдырады. Маңызды әлеуметтік талпыныстар - адамның белсенділігін арттырады. Сезім және қабілет. Іске деген сүйіспеншілдік, оған шын берілгендік - талант пен қабілеттің дамуы мен кӛрініс беруінің басты шарты. Ерік сапалары және қабілет.Шығармашылық істің қандайы болмасын адамның барлық күш-қуатын жұмсауды қажет етеді. Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адмның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты. Іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін ӛзінің сүйікті ісіне арнайтыны - табиғи нәрсе. Қабілеттілік деп - адамның білімді, ептілікті, дағдыны біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуына кӛмектесетін психикалық қасиеттерді айтамыз. Қабілеттілік тек іс-әрекетте ғана кӛрінеді. Қабілеттілік білім, ептілік, дағды негізінде кӛрініп, дамығанмен олармен ғана шектеліп қоймайды. Сондықтан баланың білімінің шамалылығын, оның қабілетінің жоқтығынан деп қалмас үшін оқушылардың қабілеттілігін анықтауда ӛте сақ және ұқыпты болу керек. Қандай да бір себептерден мектепте нашар оқыған, болашақта ірі ғалым болып шыққандар жӛнінде кейде осындай қателіктер жіберілген. Осы себептен де қабілеттілік туралы қабілетінң нашарлығы емес, білімінің аздығын кӛрсететін кейбір қасиеттері негізінде ғана қорытынды шығару дұрыс болмас еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]