Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

27.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.

Адамның қабылдағандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте тұтып және сақтай алады, ал кейін жоқ нәрсені бейнелендіреді немесе бұрын игерілген білімін қайта жаңғырта алады.Сонымен ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Ӛмірге келген күннен бастап әрбір адамның бойына біткен кӛптеген қабілеттердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі – қажет кезінде алған әсерлерін

есте сақтау мен қайтадан айтып бере алу мүмкіндігі болып табылады.

Ес мынадай түрге бӛлінеді.

1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. Бұл ес қимылдық дағдылар мен әдетті қозғалыстар жасаудың негізіне алынады. Барлық тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдылары қимылдық ес арқасында қалыптасады. Мысалы, коньки тебу, жазу, оқу, машинкада қағаз басу, машина жүргізу, турникке ойнау т.б.) қалыптастырудың негізі болып табылады.

2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды. Естін бұл түрі туралы К. С. Станиславский: «Сіз бастан ӛткен жайтты еске алғанда қызарып, бозаруға қабілетті болсаңыз, баяғыда ӛтіп кеткен бақытсыздық жайлы ойлауға қорықсаңыз сізде «сезіну есі немесе эмоциялық ес болғаны» деп жазды.

3) Сӛздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сӛз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі кӛбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сӛздік-логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Ӛткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.

4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға кӛмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп-ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған. Іс жүзінде естің әр түрі ӛзара байланысты болып келіп, кез-келген әрекет проңесінде белгілі бір материал екі және одан да кӛп ес түрінің кӛмегімен есте сақталады. Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік ес. Соңғы кездегі ғылыми

зерттеулер адамда естің басқа түрлері де болатындығын кӛрсетіп отыр. Қажетті материаалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, оны қалайда жадында қалдыруды мақсат етеді. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімдік еспен ұзақ мерзімдік естің аралығындағы уақытты алады. Кӛру есі кӛрген бейнелерді сақтау мен қайта жаңғыртумен байланысты.

Бұл естің түрі қандай болмасын маманданған адамдар үшін және инженерлер мен суретшілер үшін ерекше қажет болып табылады. Бұл естің түрі қиялға қабілеттілікпен байланысты. Бұл жерде есте сақтау мен қайта жаңғырту осыған байланысты; адам нені кӛру арқылы елестете алса, әдетте соны жақсы есте сақтап қайта жаңғыртады. Есту есі – алуан түрлі дыбыстарды, мысалы: музыкалық, сӛздік жақсы есте сақтау және тура қайта жаңғырту

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]