Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

42. Сөйлеудің физиологиялық механизмі

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сӛйлеу деп атайды. Сӛйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің ӛзінде сӛйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сӛзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сӛзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сӛздерді қабылдаудың ӛзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сӛйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Сӛйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. Сӛйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік - синтездік қызметінің нәтижесі. Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бӛлігінде (маңдай қыртысының тӛменгі жағында) адамның дыбыстап сӛйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сӛзді қабылдау кӛптеген анализаторлардың (кӛру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді»-, дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сӛзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бӛлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады. ӛзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, кӛру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының тӛбе, самай, желке бӛліктерінің қызметі де ерекше. Сӛйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы кӛруге болады. Сӛз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты т.б. білдіруі керек. Сӛйлеудің бұл функциясы сигнификативтік деп аталды. Сӛйлеудің екінші функциясы - жалпылау. Сӛз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін кӛрсетіп береді. Сӛйлеудің үшінші функциясы - коммуникация функциясы - білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сӛйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция - басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, ӛзгелерге естірте, дауыстай сӛйлеу әрекеті.Сӛйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бӛлуге болады. Психологияда сӛйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бӛледі. Сыртқы сӛйлеудің ӛзі ауызша және жазбаша сӛйлеу болып бӛлінеді.Ауызша сӛйлеудің ӛзі диалог және монолог болып бӛлінеді. Диалогты сӛйлеу. Диалог дегеніміз - екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Диалог сӛйлесу немесе сӛз жарыстыру формасында етеді. Монологты сӛйлеу. Монологты сӛйлеу дегеніміз - бір адамның ӛз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, лекция, сез сӛйлеу формасында керінеді. Жазбаша сӛз сӛйлеу. Жазбаша сӛз сӛйлеу ауызша сӛз сӛйлеуден кейін пайда болды. Жазбаша сӛйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сӛйлеудің түрі. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің ӛзінде-ақ адамдар белгілі бір оқиғалар туралы деректерді ұзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Іштей сӛйлеу. Осы сӛздің мағынасынан-ақ кӛрінетіндей, іштей сӛйлеу басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Іштей сӛйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сӛйлей алушылықты айтады. Сӛз сӛйлеу стилдері: күнделікті тұрмыстық, кӛркемдік, іскерлік, ғылыми түрде болады. Аталған стильдер сӛздердің мағынасынан ап-айқын кӛрініп тұрады. Күнделікті-тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас тақырыбына байланысты. Кӛркемдік стиль проза мен поэзияның түрлі формалары арқылы танылады. Іскерлік стиль еңбек үстіндеігі ресми қарым-қатынасқа байланысты болады жәнехаттама, талқылау, арыз, акт формасында жүзеге асады. Ғылыми стиль оқып білім алу, танымдық іс-әрекетке байланысты және лекциялар мен ғылыми еңбектерде айқын байқалады.

44.Эмоция және оның түрлері Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін эмоция мен сезім деп атаймыз. Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше ӛтелуі адамда, кӛптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады. 1)Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол кӛңіл-күй тұрақтылығы мен мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. 2)Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын

адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған. 3)Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның ӛз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады. 4)Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол: Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бӛлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын кӛтерінкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сӛз), ал бұлардың баяу солғын түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, кӛнілсіздік т.б. сезімдер жатады. Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану

немесе шешіну. Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын кӛрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу,тобалау, қорқу жек кӛру т.б. Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет-әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның кӛзімен

аузы ашылып, қасы кӛтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Ашулану. Мұндайда адам қысылады, кӛзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек кӛретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, кекесінмен күліп келемеждейді. Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, кӛніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты кӛрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда ӛтеді. Стресс. Бұл ағылшын сӛзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны

білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) ӛмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда кӛбінесе қолайсыз эмоциялар

туғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды. Фрустрация. (латын сӛзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады. Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық - кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді». Құмарлықтың жағымды және жағымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, ӛнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Кӛңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не кӛңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның кӛніліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, кӛніліде кӛтеріңкі болады. Кӛнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]