Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

23.Сана және санасыздық туралы ұғым.

Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан айрықша ӛзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың ӛзін қайта құрып ӛзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда ӛмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып, сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің ӛзгеруімен бірге адамның санасы да ӛзгеріп отырады. Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, ӛзін дұрыс алып

жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сӛзімен айтқанда, "болмысты және ӛз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты"

қалыптастырады. Ғылым, ӛнер, мәдениет (сӛздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды. Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады. Демек, адам ӛзін табиғаттан бӛліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, ӛшпенділік, жек кӛру, жирену түрінде кӛрінеді) сипатта болуы мүмкін. Кӛп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен кӛрінеді. "Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды". Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам ӛзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы ӛзіне-ӛзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, ӛзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана ӛзіндік сана-сезім түрінде де кӛрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында ӛз күшін реттей алады, ӛзін түзетіп және дамытып отырады. Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мӛлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол ӛткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам ӛзін-ӛзі бақылайды және ӛз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол ӛзін танитын және білетін, ӛзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ӛзіндік сана-сезім - сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі. Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады. Ұзақ мерзім психоанализдің дамуында 3.Фрейд тұлғалық ұйымдастырудың топографиялық моделін қолданды. Осы модель бойынша психикалық ӛмірдің үш деңгейін бӛлуге болады: сана, парықсыздық (подсознательность) және бейсаналық. Оның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі - бейсаналық ұғымын енгізіп, ұғымсыз түрткілермен жұмыс істеу әдісін қолдануды үйретуі. Сана деңгейі тура осы уақытта сезінетін түйсіктер мен әсерлерден тұрады. Ал парықсыздық деңгейі (кейде "қол жететін ес" деп аталады) тура осы сәтте сезілмейтін тәжірибелерді кӛрсетеді. З.Фрейдтің ойынша, бұл психиканың сезілетін және сезілмейтін аумағының арасындағы кӛпір болып

табылады. Бейсаналықта тұлғаның негізгі детерминанттары болады, олар: психикалық қуат, ояту және инстинктер. Инстинктердің екі түрі бар: либидо немесе сексуалдық қанағаттануға ұмтылу және агрессиялы инстинкт, ӛлімге

ұмтылу. 20-жылдардың басында 3.Фрейд ӛзінің концептуалды моделін қайта қарастырып, тұлға құрылымын негізгі үш компонентке бӛлді: ид, эго, жоғарғы эго. "Ид" латынның "Ол" сӛзінен шығады. 3.Фрейд бойынша "Ол" тұлғаның қарапайым, инстинктивті және тума аспектілерін білдіреді. Ид бейсаналықта ӛмір сүреді және инстинктивті биологиялық оянулармен (тамақ, ұйқы, т.б.), яғни біздің жүріс-тұрысымызды қуатпен қамтамасыз ететін оянулармен тығыз байланысты. Фрейд бойынша, ид - ешқандай заң мен ережеге бағынбайтын нәрсе. Фрейд идті ағзаның соматикалық және психикалық процестері арасындағы нәрсе деп қарастырады. Ол ид адамды шаршаудан арылтатын екі механизмді кӛрсетеді: рефлекторлық әрекет және алғашқы процестер. "Эго" (латын. "Эго" - "Мен") - шешім қабылдауға жауапты психикалық ақпараттың компоненті. Эго идтің тілектерін сыртқы әлемге байланысты шектеу қоя отырып, қанағаттандыруға тырысты. Эгоның қызметі - ағзаның тұтастығы мен тепе-тендігін сақтау. "Жоғарғы Эго" (латын. "super" - "жоғарғы" және "ego" - "мен"). Адам қоғамда ӛмір сүру үшін қоршаған ортаға сәйкес құндылықтар, нормалар және әдептер жүйесіне ие болуы керек. Мұның барлығы "әлеуметтену" процесі, яғни

құрылымдық модельдің тілі бойынша "жоғарғы эгоның" қалыптасуы барысында жүзеге асады. Фрейд "жоғарғы эгоны" екі жүйеге бӛледі: ар-ұят және "эго-идеал". Ар-ұят ата-ананың жазалауының арқасында пайда болады, ал суперэгоның мадақтаушы аспектісі - бұл эго-идеал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]