Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

19. Түйсіктің заңдылықтары.

Түйсік дегеніміз сырткы ортадағы заттар мен белгілерін және организмнің ішкі калыптарының өзгеру белгілерін тікелей түрде әсер еткенде мидағы бейнеленуі. Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: сезгіштік табалдырықтары,

адаптация, ӛзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және синестезия, бір ізді бейнелер.

Сезгіштік және түйсік табалдырықтары. Тітіркендіргіштің барлығы бірдей түйсік туғызуға қабілетті бола бермейді. Мамықтың денеге сәл тигені

сезілмейді. Ӛте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде түйсіктің тууы тоқтап калатын сәт те болады. Жиілігі 20 мың герцтен жоғары дыбысты біз ести алмаймыз. Тым күшті тітіркендіргіш түйсік орнына ауру шақырады. Демек, түйсіктер белгілі бір қарқынды тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болады екен. Психофизиологияда абсолюттік сезгіштік табалдырығы және айыру сезгіштігінің табалдырығы деп табалдырықтың екі түрін бӛліп кӛрсетеді. Айыру табалдырығы, бұл - түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Алғашқы рет сәл білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің тӛменгі абсолюттік табалдырығы деп атайды. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күйін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді. Адаптация.Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуін адаптация (бейімделу) деп атайды. Сезім мүшелерінің бейімделінуі түйсіктің кез келген түрінде кездеседі. Ӛмірде адаптация кұбылысы әр адамға жақсы таныс. Мысалы, адам суға түскен алғашқы минуттарда оған су суық болып кӛрінеді. Түйсіктердің өзара әсері (Сенсибилизация). Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің кӛрсеткіші болса, ал сенсибилизация - сезгіштіктің тек артуын ғана кӛрсететін құбылыс. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Әлсіз тітіркендіргіштер ӛзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Сыныпта температуралық режим, таза ауа, тәртіп болуын қадағалай отырып, мұғалім осы шаралардың гигиеналық және педагогикалық жағын ғана емес, сол шаралардың оқушылардың сезіштік денгейіне қандай әсері болатынын да есінде сақтауы қажет. Мысалы, кӛзге түскен жарық мӛлшері оның кӛру қабілетімен қатар, есту

түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады. Әдетте, қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дұрыс ажыратуына кӛмектеседі. үйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз - ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, және сапасының ӛзгеруі. Екі тітіркендіргіштің бір мезгілді әрекетінен бір мезгілділік контраст пайда болады. Мұндай контраст кӛру түйсіктерінде жақсы байқалады.Бір кескіннің ӛзі қоңырқай түстің аясында ақшыл, ақшыл түстің аясында қоңырқай болып кӛрінеді.Жасыл зат қызғылт түстің аясында қоюлана түскендей болады. Синестезия. Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа

түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да ӛз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар кӛру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі.

Мысалы, адам 2-3 секунд бойы кӛз алмай, шамға қарап отырып, содан кейін кӛзін жұмса, жарықтың ізін айқын кӛре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң іздібейнелер деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]