Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

49. Қабілет және нышан

Қабілеттер нышан күйіндегі даму үшін қажетті болатын табиғи, нәсілдіктен бекіген алғы шарттарға негізделеді.

Адам қабілеттері тумадан берілмейді. Алайда, кейінгі өмір барысында дамуына арқау болар белгілі табиғи алғы шарт - нышан оның гендік тұғырында бекіген.

Қабілет нышандары - бұл әрқилы талдығыштар мен мидың кей- бір қабық аймақтары және жарымшарларының жұмысын қамтамасыз етуші жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Тума нышандар уақытша жүйке байланыстарының жеделдігін, олардың тұрақтылығын, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің ара қатынасын анықтайды.

Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шорты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді.

50.Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет.Адамның ой-әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде ӛте жақсы кӛрінеді.Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді Адамның ойы әрқашанда сӛз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде ӛзін естісін деп дауыстап сӛйлейді. Ой толық сӛз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына

тӛмендегі жағдайлармен байланысты:1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша ӛздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат - сұраққа жауап беру, мәселені шешу; 2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру. 3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын (гипотезасын) белгілеу; 4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап кӛру.Адам ойдың дұрыс немесе бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған уақытта оны жеті рет ӛлшеп, бір рет кескені абзал. Егер, адам мәселе шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе, онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды. Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын кӛбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам ӛз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен қүдіреттілігін, ӛмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы - адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық.Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын - оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез келген мәселелерді шешерде, тәжірибеде ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. Ғылым, техника, ӛндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның ғана емес, кӛптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі. Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден ӛтеді. Ол қажеттіліктен немесе бір нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет: 1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;

2)Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.Ғылыми-техникалық прогресс "ойлайтын" машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) ӛз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сӛйленіп тұрған

сӛзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да "ойнайды". Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жӛнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның

оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам ӛзін машинаға ұтқызбас үшін, ӛз ӛнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып

қарап отырады дегенді айтады. Бұл - сӛз енжар, әрекетсіз адамның сӛзі. Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін - адам. Осы міндетті қоя білу үшіг адамға мол білім қажет. Машинадан "ақыл" үйренуге болмайды, онда "ақыл" жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға ӛз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру - адамның алдында тұрған ең басты міндет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]