Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

20. Танымдық процестерге шолу.

Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласын танымдық процестер - ес, тіл мен сӛздің психологиялық аспектілері, қабылдау, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму құрайды. ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес – күрделі психикалық процесс. Ол айналамыздағы бізге әсер етуші дүниені, ондаған заттар мен құбылыстарды нервмізде сәулелендірудің айрықша бір түрі. 1) Қимыл - қозғалыс есі дегеніміз - адам жасаған қимылдарды есте қалдыру мен қайта жаңғырту. 2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды . 3) Сӛздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сӛз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. 4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға кӛмектеседі. Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын кӛрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ ӛмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау.

22.Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ ӛмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың ӛзі осы әрекет арқылы ӛзгеріп, дамып отырады. Қиял актив және пассив болып екіге бӛлінеді. Пассив қиялға түс кӛру жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бӛлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Ол актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бӛлінеді. Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені телестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды. Қиялдың ең жоғары түрі - творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп ӛзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде кӛрінетін қиялды айтады. Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз ӛз қалауымызша жаңа образдар жасау. Адам армандағанда алдына мақсат қояды, тілегіме жетсем екен деп ойлайды. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан ӛтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі

кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиялда анализ, синтез, агглютинация, схематизация, акцентировка немесе әсірелеу, кеміте кӛрсету, гипербола, литота тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, жезтырнақ, су перісінің бейнесі) жасалады. Жазушы ӛзінің шығармаларындағы кейіпкерлерді жағымсыз етіп кӛрсететін болса, оған жағымсыз қылықты кӛбірек тағады. Мұндай тәсілді акцентировка дейді. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп кәрсетілуін айтады.Ертегілерде, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола кӛп қолданылады. Мәселен, «жел аяқ», «тау соғар», «кӛл тауысар» т.б. Ал,

кеміте кӛрсету әдісімен бармақтай бала», «қаңбақ шал» т.б. бейнелер жасалған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей кӛрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалады. Егер,

заттың айырмашылығын ескермей, оның ұқсастықтарына кӛбірек кӛңіл бӛлінетін болса схематизация әдісі қолданылады. Суретшілер ӛсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]