- •1.Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
- •3.Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
- •4. I 9 ı 31.Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •5.36.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
- •6.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
- •7. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •8. Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
- •10.Темперамент туралы теориялар.
- •11.Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе
- •12. Қабілеттің психологиядағы орны.
- •13. Түйсік және оның физиологиялық негізі.
- •15.Қабылдаудың түрлері мен ерекшеліктері.
- •16. Қабылдаудың қасиеттері
- •18.Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •19. Түйсіктің заңдылықтары.
- •20. Танымдық процестерге шолу.
- •22.Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.
- •23.Сана және санасыздық туралы ұғым.
- •24.Мінез типологиясы.(Личко бойынша)
- •25.Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
- •26.Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
- •27.Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
- •28.29. 35.Ойлау және оның түрлері.Формалары.
- •30. Тұлға туралы теориялар
- •32. Сана және психика.
- •33. Ойлай және қабылдау.
- •38. Мотив және мотивацияның өзекті мәселелері
- •39. Психологиядағы мінез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •40. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
- •41. Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •42. Сөйлеудің физиологиялық механизмі
- •45. Қажеттілік түсінігі.А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
- •46. Ес. Ес туралы теориялар
- •47. Тепмерамент типтерінің сипаты
- •48. Зейін, түрлері мен қасиеттері
- •49. Қабілет және нышан
- •50.Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
- •51. 12.Қабілеттің даму деңгейі және дербес ерекшелігі.
- •52.Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы
- •53. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері
- •55. Мінездің құрылымы мен қасиеттері.
- •57.Эмоция туралы жалпы ұғым.
- •58. Ерік туралы жалпы түсінік.
32. Сана және психика.
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі.Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте — анық және жасырын — байланыстар байқалмайтын сана «орталығы». Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Сана мидың айналадағы объективтік шындықты бейнелеуінен туады, яғни ми қызметінің жемісі. Адамның психикалық өмірінде кездесетін негізгі психикалық процестерге таным процестері — түйсік, қабылдау, зейін, елес, ес, қиял, ойлау мен сөйлеу: эмоциялық, процестер адамның көңіл-күйлері сезімі; ерік процестері — адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады. Осы психикалық процестердің құрылымы деп сана құрылымын айтады. Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді. I- кезең. қарапайым сезімталдық - бұл сатыда тек өкілдерінің инс- тинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.II-кезең. Заттай қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі - дағдылар, яғни тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар фор- масы. Ш-кезең Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллек- туалды әрекет-қылық - заттар арасындағы байланыс - қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты ке- леді. Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байланыстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. Бірақ «ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens - ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттық материалды, рухани мәдениеті - барша адамдардың психикалық дамуымен байланысты жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы. Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:• нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам цоршаған ортада бағдар таңдаудың түбегейлі жаңа құралы - сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен царуланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады. • адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды бай- ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады.•сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ оқиғаларды ұгымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері байқастыра білу.Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет - бұл оның өз әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады. Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады, яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.•жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана төмендегідей формаларда көрінеді:1) ғылым - заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі;2) өнер - болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік тұрғыдан игерудің арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі қырларының бейнеге келтірілген моделі;3) әлеуметтік талап, өлшем - шектеулер - қоғамдық сана аймағы, нақты қоғамның адамгершілік, идеологиялық, саяси және құқықтық құндылықтарының жүйесі;4) адамдардың өз тіршілігінің экзистенциалды проблемала- рына (өмір мен өлім, ақырет, жақсылық пен жамандық, т.б.) болған қатынастарын реттеуге қолданатын наным-сенімдері, рәміздері және әрекет-қыймыл үлгілерінің жиынтығын бейнелеуші әлеуметтік-мәдени сана формасы.
