Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psix 60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
151.32 Кб
Скачать

53. Қиялдың физиологиялық негізі. Қиялдың түрлері

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ ӛмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау. Қиял актив және пассив болып екіге бӛлінеді. Пассив қиялға түс кӛру жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бӛлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бӛліктерін "күзетші пункт" деп атайды. Осы "күзетші пункттерде" біздің бұрын қабылдаған, кӛрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан "тіріледі". Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Ӛйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мұнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге ұшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті ӛте тӛмен болады. Сӛздік сигналдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдагы "кереметтер" кіреді. И.М.Сеченов осындай түстерді "болған әсерлердің болып кӛрмеген қиысулары"-, деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның ояу кезінде де болып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның кӛз алдынан елестер тізбектеліп ӛтіп жатады. Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Ол актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бӛлінеді. Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы - кӛркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял ӛспейді. Қиялдың ең жоғары түрі - творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп ӛзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде кӛрінетін қиялды айтады. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар - қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Творчестволық қиял - қоғамдық мәні бар жаңа, соны ӛнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс. Творчестволық қиял бейнелерінің тағы да бір түрі - фантастикалық бейнелер. Бұларға діни-мистикалық, ертегі-фантастикалық, ғылыми-антастикалық бейнелер жатады. Фантастикалық бейнелердің бұл түрлері ӛздерінің мазмұны мен манызы жағынан әр тектес болып келгенімен, бәріне ортақ негізгі белгі - оларда табиғатта жоқ объектілердің болатындығы. Діни-мистикалық және ертегі-фантастикалық бейнелердің жеке компоненттері ақиқат дүниеден алынғанымен, мазмұны мен түрі жағынан ӛмірде бола алмайды. Діни-мистикалық фантастика бейнелері ӛмір шындыгынан аулақ жатады. Оларда табиғат күштері де және адамның ӛзі де

бұрмаланып бейнеленеді. Ғылыми-фантастикалық бейнелер ең алдымен, оны жасаушының шындықтан тым шырқап аулақ кетіп, алыс болашаққа немесе ӛткенге үңілуімен сипатталады. Ғылыми-фантастикалық шығармаларға адамзаттың қазіргі кезде бар ұғым мен білімнің шеңберінен шығып кетушілік тән. Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз ӛз қалауымызша жаңа образдар жасау. Адам армандағанда алдына мақсат қояды, тілегіме

жетсем екен деп ойлайды. Арман адамға күш қуат беріп алға итермелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]